20
2.
Олигархия
3.
Демократия
Аристотель саяси құрылымдардың түрлерінің кӛптігін, мемлекетті кӛбінде
түрлі бӛліктерден құралатын бір бүтін деп түсіндіретін. Біріншіден, ол «заң
жӛнінде кеңес беретін» органға (халық жиналысы)
бостандыққа ие болған
азаматтардың қатысуы қажет. Екінші элемент – басқару ӛкілеттілігін алған
үкімет немесе админстративтік орган. Үшіншісі – әділетті соттау істерін
жүргізетін соттаушы органы».
Цицеронның биліктің аралас нысанын қолдауы
Марк Туллий Цицерон
(б.з.б. 106-43) ӛмір сүрді. Оның «Мемлекет
туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері бар. Ол
басқарушылардың санына қарай мемлекет басқаруды патшалық билік,
аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш
түрге бӛлді. Бұлардың әрқайсысының ӛзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері
бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды,
бірақ мұнда басқа
адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы
зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар)
даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық ӛз еркіндігін
пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы
мүмкін. Демократия
болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық
билігі зиянды зардаптарға, «тобырдың зорлығы мен есалаңдығына»
әкеліп
соқтыруы мүмкін деді.
Саяси тәртіптер түрлерін салыстыру
Авторитарлық тәртіптер.
Авторитарлық тәртіптер қатарына жабық
немесе қатыстырмайтын ӛлшемдер арқылы сипатталатын кез келген саяси
тәртіп жатады.
Дәстүрлі тәртіпте
билік мұрагерлікпен беріледі, ал кейде күш қолдану
арқылы да ӛзгертіледі.
Бәсекелестік олигархия – әртүрлі әлеуметтік топтарды билікке ашық
қатыстырмайтын тәртіп. Бәсекелестік олигархия белсенді емес әлеуметтік
негізде ұзақ ӛмір сүреді.
Авторитарлық-бюрократиялық тәртіп –
экономикалық элитаның әртүрлі
фракциялары мен басқа әлеуметтік күштер арасында амалдау. Бюрократиялық
авторитаризмнің екі түрі бар: әскери және популистік.
Әскери тәртіп –
билік тікелей әскерилер қолында болатын немесе
азаматтық әкімгершіліктің негізін құрайтын авторитарлық басқару түрі.
Популистік тәртіп –
халықтың басым кӛпшілігінің саяси ӛмірге қатысуға
оянуының нәтижесі.
Эгалитарлық-авторитарлық
тәртіп
–
жабық,
элитасы
тұтас,
қатыстырушы. Эгалитаризм экономикалық
теңсіздікті жоюға ұмтылатын
идеология.
21
Авторитарлық-инэгалитарлық тәртіп –
жабық, элитасы жіктелген,
қатыстырушы. Бұл тәртіп меншік қатынастарын түбірімен ӛзгертуге
ұмтылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: