19
Платон
антикалық Грекия саяси ілімінің танымал ӛкілдерінің бірі, б.д.д.
427-347 жылдар аралығында ӛмір сүрген. Сократтың шәкірті. Оның
«Сократтың апологиясы», «Пратогор», «Критон» атты еңбектері Сократ
ықпалымен жазылған. Жалпы, Платон шығармашылығын екі кезеңге бӛлуімізге
болады. Бірі – Сократ ықпалындағы кезең, екіншісі – ӛзіндік даму кезеңі.
Бірінші кезеңінде рационализм тән болса, екінші кезеңде жазылған
«Мемлекет», «Саясаткер», «Софист», «Парменид» шығармалары идеялар
басымдығына негізделген. Платон мемлекетті басқару түрлерін заңды және
заңсыз деп те жіктеген:
№
Заңды басқару түрі
Заңсыз басқару түрі
1
Монархия патша билігі
Тирония
2
Аристократиялық басқару
Олигархия
3
Демократия
Демократия
Платон
пікірі бойынша, «Идеалдық қоғамның» негізгі принципі –
қоғамның әр алуан топтар арасындағы еңбектің үшке бӛлінуі: басшы-
философтар, жауынгерлер және ӛндіру саласындағы жұмыскерлер. Оның
ойынша, осы аталған топтардың әрқайсы ӛз жұмысымен айналысуы керек,
басқаша айтқанда, басқа жұмысқа араласпай, ӛз саласында еңбек етуі қажет, тек
осылай ғана полистің жалпы қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкін.
Аристотельдің билік жӛніндегі кӛзқарасы
Аристотель –
б.з.д. 384-322 жылдар аралығында ӛмір сүрген кӛрнекті грек
ойшылы. Аристотельдің шығармалары: «Политика», «Афинская политика»,
«Этика», т.б. Аристотель саясат туралы ғылымды жан-жақты қалыптастыруға
ұмтылды. Аристотель мемлекетті басқаруды бірнеше түрге жіктеген.
Мемлекетті басқарушылар санына байланысты:
№ Басқарушылар саны
Мемлекетті басқару түрі
1
Бір адамның басқаруы
Монархия
2
Таңдаулы азшылықтың басқаруы
Аристократия
3
Кӛпшіліктің басқаруы
Демократия
Аристотель мемлекетті басқарудың ең жақсы түрі –
Достарыңызбен бөлісу: