Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Авторитарлық саяси режим даму негіздері



Pdf көрінісі
бет18/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Авторитарлық саяси режим даму негіздері
Авторитарлық
 
(латын тілінен autoritas – билік, ықпал)
режим бұл 
қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, оның негізін қандай да бір топтың, бір 
адамның немесе институттың билікке деген монополиясы құрайды.
Авторитарлық саяси режим – тарихта кеңінен таралған құбылыс және ол 
алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлемде авторитарлық режим Азия, 
Африка, Таяу және Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде неғұрлым 
кеңінен таралған.
Авторитарлық саяси режимдердің ортақ ерекшеліктері мен белгілері

Авторитарлық саяси режимдердің ортақ ерекшелікті белгілеріне 
тӛмендегілер жатады: 
1. Халықтың биліктен шеттетілуі. Бір ғана адам немесе бір топ, не болмаса 
мемлекеттің бір ғана органы билікті алып жүруші болып табылады. Бұл 
харизматикалық кӛшбасшы, монарх, әскери хунта, диктаторлар, популистік 
кӛшбасшылар, т.б. болуы мүмкін. Халық пен билік арасында үлкен алшақтық 
туындайды. Заңдар тұлғаның мүдделерін емес, мемлекеттің мүдделерін 
қорғайды. 
2. Бірыңғай міндетті идеология болмаса да, мемлекеттік идеология 
басымдық етеді. Авторитарлық кӛшбасшылар үлкен мақсаттарға жетудегі, 
мысалы, әлемдегі қайта құрулар сияқты ұмтылыстарға деген ӛздерінің іс-
әрекеттерін дәлелдемейді. 
3. Биліктің айқын бӛлінуі болмайды. Мемлекеттік саясатқа бақылау 
жасауда парламенттің рӛлін және сот билігіне атқарушы биліктің ықпалын 
шектей отырып атқарушы билік және ішінара заң шығарушы билік мемлекет 
басшысының қолына айтарлықтай шоғырланады. 
4. Бағынбайтындарды кӛндіруге мәжбүрлеу үшін қажетті күшке сүйену. 
Бірақ тоталитаризмдегі сияқты жаппай қуғын-сүргін мен террорға ұмтылмайды. 
Ол белсенділігі оң нәтижелерге жеткізіп таңғалдыратындай болса, кӛпшілікке 
танымал болу ісін де пайдаланады. 


31 
5. Саясаттың монополиялануы. Барлық саяси іс-әрекет саяси биліктің 
ерекше қызметіне айналады. Барлық саясат субъектілерінің ымырасыздығына: 
ашық-агрессияшыл саяси оппазицияға, белсенді күшті саяси партиялар мен 
басқа да қоғамдық ұйымдарға тыйым салынады. 
6. Қоғамға толық, жаппай бақылау орнатудан бас тарту. Экономика, 
мәдениет, дін, жеке бастың ӛмірі мемлекеттік бақылаудан тысқары қалады. 
7. Басқарушы элитаның қалыптасуы демократиялық жолмен емес, 
жоғарыдан тағайындау арқылы жүреді. Авторитарлық кӛшбасшының 
айналасындағылар жеке ұнамдылық пен кӛсемге берілгендік негізінде 
іріктеледі, ал олардың іскерлік сапасы мен қабілеті ескерілмейді. 
Авторитарлық саяси режимдердің жіктелуі
: әскери-авторитарлық, 
авторитарлы-теократиялық, самодержавиелік монархиялық, олигархиялық, 
революциялық-популистік, авторитарлы-бюрократиялық. 
Әскери-авторитарлық 
режимдер 
кӛбіне 
мемлекеттік 
тӛңкерістің 
нәтижесінде туындайды. Әскери диктатураларды орнату, әдетте бұрынғы 
конституцияның 
жойылуымен, 
парламентті 
таратумен, 
кез 
келген 
оппазициялық күштерге толық тыйым салумен, заң шығарушы және атқарушы 
биліктің әскери кеңестің қолына шоғырлануымен қатар жүреді. 
Авторитарлы-теократиялық режимдер саяси биліктің фанатикалық, дін 
қызметкерлерінің қолына шоғырлануын білдіреді. Мысалы, Ирандағы Аятолла 
Хомейни режимін айтуға болады. 
Самодержавиялық-монархиялық режимдер ӛткеннің сарқыншағы түрінде 
әлемнің қазіргі саяси кӛрінісінде де сақталған. Бұл елдерде биліктің бӛлінуі, 
саяси бәсекелестік дегендер болмайды, билік шағын адамдар тобының қолына 
шоғырланған, аристократиялық таптың, яғни басқарушы элита идеологиясы 
үстемдік етеді. Бұлардың қатарына Парсы шығанағы елдері – Сауд Арабиясы, 
Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Оман, Непал, Марокко, 
Иордания, т.б. абсолюттік монархиялары жатады. 
Олигархиялық режимдерде экономикалық және саяси билік бірнеше 
ықпалды отбасыларының қолына жинақталады. Олигархиялық режимдер 
бюрократия блогының гегомониясы мен компродорлық буржуазияға 
негізделеді. Компродорлық буржуазия – шетел капиталы мен ұлттық нарықтың 
арасында делдалдықты жүзеге асырған, экономикалық артта қалған, тәуелді 
елдер буржуазиясының бір бӛлігі. Мұндай режимдер Маркос президент болып 
тұрған кезде Филиппинде (1972 – 1985 ж.), Тунисте, Камерунде және т.б. 
елдерде ӛмір сүрді. 
Революциялық популистік режимдер халық ұнататын және қызу 
қолдайтын бір адамның кӛсемшілік-саяси жетекшілік етуімен ерекшеленеді. 
Революциялық-популизмнің жарқын мысалына Бразилиядағы Варгос, 
Египеттегі Насор, Ливиядағы Каддафи режимдері жатады. 
Авторитарлы-бюрократиялық режимдерде маңызды шешімдер қабылдауда 
басты рӛлді жоғары мемлекеттік шенеуніктер атқарады.
Тоталитаризм 


32 
«Тоталитаризм» ұғымы латынның 
«totalis»
деген сӛзінен шыққан, бүкіл, 
тұтас, толық дегенді білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында айналымға енгізген 
– итальян фашизмінің идеологы Дж. Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 ж. 
итальян парламентінде айтылды. Итальян фашизмінің жетекшісі Б. Муссолини 
оны саяси сӛз қорына енгізді. Жаңа саяси режим ретінде Б. Муссолини 1932 
жылы жарық кӛрген «Фашизм доктринасы» атты еңбегінде тоталитаризмнің 
мәнін балайша тұжырымдады: «барлығы да мемлекетте, мемлекеттен тыс 
ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес». Кейінірек бұл ұғымды неміс және 
америкалық саясаттанушылар қолдады. Ф. Хайектің «Құлдыққа апаратын жол» 
(1944), Х. Арендтің «Тоталитаризмнің қайнар кӛздері» (1951), К. Фридрихтың 
«Тоталитаризм» (1954), К. Фридрих пен З. Бзежинскийдің «Тоталитарлық 
диктатура және автократия» (1956), Р. Аронның «Демократия және 
тоталитаризм» (1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық 
жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді. 
Тоталитаризм 
– әрбір азаматтың, қоғам ӛмірінің барлық саласы мемлекет 
тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда 
бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте ӛндіріс, экономика, 
БАҚ, білім, мәдениет адамдардың жеке ӛмірі және т.б. тегіс бақыланады. 
Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, 
жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық- полициялық бақылау орнайды. 
Тоталитарлық жүйенің негізгі белгілері. Тоталитаризм бастаулары
Тоталитарлық саяси режимдердің мәнін кӛрсететін ортақ белгілері де бар.
1. Тоталитарлық санада «билік пен қоғам» мәселесі болмайды: билік пен 
халық біртұтас. Мұнда басқа мәселелер кӛкейкесті болады, мысалы, билік пен 
халықтың ішкі жауларға қарсы күресі. Билік пен халықтың арасы алшақтап, 
халықтың тағдырын үкімет шешеді.
Сӛйтіп, экономикаға орталықтандырылған 
бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі 
жасалынады.
2. Тоталитарлық саяси режимдерге бірпартиялық тән. Харизматикалық 
жетекші кӛсем басқаратын бір ғана басқарушы партия ӛмір сүреді.
3. Биліктің бір қолға – автократияға барынша шоғырлануы билікті бӛлу 
принципін жояды. Заң шығарушы, атқарушы билік бір құрылымға 
шоғырланады, тәуелсіз сот билігі деген мүлдем болмайды. 
4. Барлық қоғам ӛмірінің идеологияландырылуы. Тоталитарлық қоғам 
халыққа идеологиялық ықпал жасау үшін үлкен күш жұмсайды. Мемлекеттік 
идеологияны және билік ӛкілдерін сынауға тыйым салынады. 
5. Тоталитаризм ақпаратқа деген билік монополиясымен, бұқаралық 
ақпарат құралдарына толық бақылау жасаумен және баспа қызметіне қатал 
цензура жасаумен сипатталады. Барлық ақпарат бір жақты бағыттылықта ӛмір 
сүріп тұрған құрылысты оның жетістіктерін дәріптеу бағытында болады. 
6. Қарулы күрес жүргізудің барлық құралдарын қолдануға деген 
мемлекеттің монополиясы. Әскер, полиция, барлық басқа да күштеу құралдары 
саяси билік орталығына толығымен бағынышты болады, олар жазалаушы 
органдар қызметін атқарады. 


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет