25
билік арасындағы ӛзара тәуелділікте. Парламент ӛз кезегінде ӛкіметке сену
керек, ал кінәлі болып қалған премьерге қатысты жоғары жазалау шарасына
сенімсіздік кӛрсетуге жүгінеді.
Парламенттің түрлері.
Тәуелсіз парламенттер
атқарушы билікті қалыптастырып және қатаң
бақылай отырып, ұлттық саяси ӛмірде жетекшілік рӛл атқарады. Басым
парламенттерге есепсіз заңдар қабылдау тән. Парламенттің бұл түрі тиімсіз әрі
билікті құлдыратады.
Автономды парламенттер
заң шығару процесіне толығымен бақылау
жасайды, бірақ атқарушы билікті құлатуға ӛкілеттілігі жоқ.
Шектеулі автономиялық парламенттер:
ӛкімет пен оппазиция
арасындағы бітімгершілік алаңы деуге болады.
Тәуелді парламенттер
Франциядағы V республика кезіндегі Ұлттық
жиналыс, Кения парламенті. Тәуелді парламент либералды демократия,
авторитаризм жағдайында да қызмет жасауы мүмкін. Атқарушы билік
парламенттен жоғары. 80-жылдардағы
Франциядағы ұлттық жиналыс әлемдегі
ең әлсіз парламент болды.
Толығымен тәуелді парламенттер
популистік, әскери, эгалитарлық-
авторитарлық тәртіптер жағдайында орын алады. Бұған 1989 жылға дейінгі
КСРО Жоғарғы кеңесі жатады. Мұндай парламенттің ӛкіметті қалыптастыруы
шындыққа жанаспайды. Олар тек тәртіпті заңдастыру мен оның істерін бекіту
үшін ғана қажет.
Президенттік жүйенің институционалдық сипаты.
Президенттік басқару жүйесінің негізгі белгілері: 1) мемлекет басшысы
президентті бүкілхалықтық сайлау; 2) президент ӛкімет құрамын анықтайды
және оның қызметіне жетекшілік етеді; 3) заң шығару саласында ӛкілеттілігінің
болуы; 4) президент пен парламенттің билік басында болуы мерзімінің бір-
бірінен тәуелсіз қатаң белгіленуі. Президенттік басқару мемлекет басшысы –
президенттің ерекше рӛлімен сипатталады.
Президенттік-парламенттік жүйе.
Президенттік-парламенттік жүйе белгілері президенттік жүйенің негізгі
белгілерімен сәйкес келеді: 1) президентті бүкілхалықтық сайлау; 2) президент
ӛкімет мүшелерін тағайындап, оларды орнынан алу мүмкіндігі; 3) ӛкіметтің
парламент алдында жауаптылығы; 4) президенттің парламентті тарқата алу
құқығы. Мұнда президент пен парламентке ӛкіметке қатысты тең билік
беріледі.
Премьерлік-президенттік жүйе: 1) президент бүкілхалықтық сайлауда
сайланады; 2) президент бірқатар ӛкілеттіктерге ие; 3) президентпен бірге
атқарушы билік функцияларын премьер-министр мен Үкімет деп аталатын
оның кабинеті атқарады, Үкімет заң шығарушы жиналыс алдында ғана
жауапты. Премьер-президенттік жүйе премьер-министрдің жетекшілік рӛлін
кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: