Тақырыпты пысықтау сҧрақтары:
1.
Саяси биліктің принциптері мен механизмдері.
2.
Саяси биліктің деңгейлері.
3.
Биліктің мақсатты бағыттылығы, заңдылығы, бірізділігі.
9-дәріс. Саяси биліктің жария және кӛлеңкелі формалары
Ресми билік
Биліктегі «Сұр кардиналдар»
Саясат – адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне ықпалын жүргізу,
манипуляциялау, сондықтан ресми билік, ең алдымен, биліктік әсер етудің
объектісі ретінде ерекшеленеді, яғни, бүкіл қоғамды
қамтып, биліктік әсер
етудің әрқилы құралдарын пайдаланады. Ресми билік – легитимділігі заңмен
негізделген, қоғам тарапынан толық мойындалған, тиісті рәсімдермен
тіркелген, мемлекетті басқарушы формальды әрі нақты билік. Ресми билік
әмбебап басқарушылық қызмет атқарады. Кез келген елде ішкі және сыртқы
саясатты жүзеге асыратын, яғни, қоғамның түрлі салаларын басқарушы
министрліктердің саны кемінде оншақты болады. Ӛйткені қоғамдық ӛмір кӛп
қырлы. Ресми билік қатаң иерархиялық жүйе болғандықтан субординация
үнемі сақталады. Әрбір ресми билік органдарының ӛзіне тән ӛкілеттіктері мен
құзіреттері бар.
Дегенмен, ресми билікпен қатар, «кӛрінбейтін кӛлеңкедегі» билік түрі де
бар екенін ұмытпауымыз керек. Оны клептократия деп атайды, яғни, клепто –
ұрлық, кӛрінбейтін ұры билік. Клептократияның түрлеріне «команда» және
«клан» болып топтасу жатады. Бұл ӛзі барлық мемлекеттерде орын алып
отырған келеңсіздік, тек кейбірінде оның ауқымы тар әрі астыртын болса,
кейбір елдерде командалық-кландық жікшілдік кең ауқым алып, ашық жүретін
36
деңгейге жетіп отыр. Командалық-кландық жүйені оның басында тұрған
кӛшбасшысыз кӛзге елестету мүмкін емес, яғни, қандай да бір лидер ӛзінің
тӛңірегіне мүдделес топты жинайды, ал, мүдделі топ лидерді пір тұтады. Бұл
жерде де, жеке тұлғалық «Мен» дейтін сана-сезімнің эгоистік мақсат-мүддесіне
сай келетін, «Біздікі» деп қабылдайтын топты айқындап, соған қосылуға
тырысатын ӛзіндік идентификация жатыр. Қарапайым ӛмір жағдайында
адамдардың басым бӛлігінде «Ортақ ӛгізден оңаша бұзау артық» дейтін
ӛзімшіл, жеке тұлғалық сана-сезім басым болады. Бірақ ӛмірдің ӛтпелі немесе
дағдарысты кезеңдерінде, ауыр жұмыс немесе жауапты қызмет жағдайларында,
қоғамдағы кернеу күшейген сәттерде жеке адам тек ӛз күшіне сеніп алысқа
бара алмасын сезінеді. Басына қиындық түскен адам айналасынан тірек
боларлық, ӛзіне кӛмек беретін адамдарды іздеп, жекеше әлеуметтік және
психологиялық кӛкжиегін кеңейте бастайды. Осылайша, жеке тұлға ӛзінің
«Мен» дейтін шектеулі сана-сезімін бұзып-жарып, ӛзін саналы түрде қандай да
бір қауыммен немесе топпен байланыстыруға жанталаса кіріседі. Мұндай
процесті кезінде Карл Густав Юнг психикалық инфляция
(
латынша «inflation»
— үрлеу, кӛпірту, кеңейту
)
деп атаған. Яғни, жаңғыз жүрген адам ӛзінің жеке
тұлғалық шекараларын кеңейте отырып, мүдделес адамдар тобын табу арқылы
сол топтың ішінен ӛзіне қорғаныс, тұрақтылық пен жаңа мүмкіндіктер табуы
арқылы жеке идентификациядан топтық идентификацияға ӛтуі. Осылайша, бір
топ ауқымында жағдайы жақсарып, ӛзін қауіпсіз сезінген сайын, жеке тұлғалық
шекаралар да қалыптан тыс ұлғайып, топтық гиперидентификацияға ұласады.
«Жаңғыздың даусы шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген мақал мұндай
адамдардың ұранына айналып, жеке тұлға ӛзін топтан тыс жайсыз сезінетін,
топсыз ӛмір жоқ сияқты кӛретін психологиялық тәуелділікке ұрынады.
Қазақстанда әкім ауысса да, министр ауысса да артынан бүкіл командасының
еріп жүруін психологиялық тұрғыда осымен түсіндіруге болады. Ал, топтық
мүддені басшылыққа алғандар үшін ұлттық мүдденің құны кӛк тиын екені
белгілі жәйт. «Сенген қойым сен болсаң, күйсегенің бар болсын» демекші,
халықтың сеніп тапсырған аманатына қиянат жасап, демократияны жеке
бастарын байытуға пайдаланып жүрген «командалар» Қазақ елінің кӛсегесін
кӛгертпесі де белгілі. Әкімдіктер мен министрліктердің қаншама лауазымды
тұлғалары сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталып, қылмыстары
дәлелденіп, бас бостандықтарынан, мал-мүлкі мен атақ-дәрежесінен айырылып
жатыр. Сонда да тоқтам жоқ. Коррупция дендеген еліміздегі аянышты жағдай
қасқырға қой баққызған күлкілі кӛріністі кӛзге елестетеді. Ӛйткені биліктегі
командалық-кландық құрылымдардың «бізі» мен «ӛзге бӛтені» мүлдем бӛлек.
Әлеуметтік құрылымдарды зерттеген австриялық қоғамтанушы Альфред
Шютц гиперидентификацияға бой алдырған индивид топқа кірмейтін ӛзге
қоғам мүшелеріне сенімсіздікпен қарап, бүкіл қоғамды жаудай кӛріп, үнемі
қорғаныс жағдайында жүретінін кӛрсеткен. Әсіресе, топтық-командалық
гиперидентификацияға ұрынған адамдар үшін дәл ӛздері сияқты топтарға
біріккен гиперидентификациялы «ӛзгелер» жаудай кӛрінеді. Ғалымдардың
пікірінше, кез келген топаралық жанжалдардың, командалық тартыстар мен
37
кландық «соғыстардың» астарында осындай психикалық ойлау ерекшеліктері
жатады.
Саясаттағы «команда» құбылысын алғаш байқап зерттеген неміс
қоғамтанушысы Макс Вебер болды. Ол «Саясат әуестік және мамандық
ретінде» атты еңбегінде батыстық демократиядағы мына бір ерекшелікке мән
береді: сайланған президенттің тілеулес командасы, немесе, сайлауда жеңіп
шыққан саяси партияның ұйымдасқан бір топ белсендісі мемлекеттік биліктің
шешуші тұтқаларынан түрлі жоғары лауазымдарға ие болады. Сӛйтіп, бүкіл
билік ым-жымы бір командалық басқаруға ӛтеді, мұның соңы коррупцияның
кең етек жаюына әкеліп соғады деп кӛрсеткен. Милован Джилас та саясаттағы
осындай келеңсіз құбылысты зерттеген. Ол «Жаңа тап», «Жетілмеген қоғам»
атты еңбектерінде билік басына келген лидермен бірге еріп келген команда ӛз
кезегінде кӛптеген ұсақ командаларды туындататынын айтқан, яғни, лидердің
командасына мүше әр чиновник ӛзінің жеке командасы болуын қалайды, одан
тӛменгі лауазымды тұлғаның да ӛз командасы бар. Осының нәтижесінде,
мемлекеттегі бүкіл билік «жаңа билеуші таптың» қолына ӛтеді, бұл қоғамның
жетілмей қалуының басты себебі деп кӛрсетеді. Сондықтан да, батыстық
ғалымдар саяси лидер мен билеуші партияның команда құруын қауіпті үрдіс
санап, бюрократиялық аппараттағы шенеуніктерді кәсіби маман ретінде
қарауды, кәсіби мемлекет құруды ұсынды. Команда мен клан жүргізген
саясатта алдымен топтық мүдде жүреді, ұлттық мүдде оның кӛлеңкесінде
қалып қояды.
Сонымен, клептократия ӛзінің биліктік қатынастарын қалыптастырып,
әрекет ететін жасырын билік. Оның тағы бір түрі – мафия. Мафиялық биліктің
іс-әрекеті деструктивтік сипатта болғандықтан, қоғам мен мемлекет оның
мемлекеттік тіркеуден ӛтуін, іс-әрекетінің заңдастырылуын, құқықтық
нормаларға бағынуын талап ете отырып, онымен күрес жүргізуге мәжбүр.
Жасырын мафиялық билік – мемлекеттің бақылауында болмайтын
құрылымданған жүйе.
Мафиялық құрылымдардың мемлекеттік билікпен араласып кетуі қауіп
тудырады, ал мұның нәтижесінде қоғамдық ӛмір қылмысқа толып, зорлық-
зомбылық белең алады. Осындай араласып кету мафиялық ұйымдардың
қолында аса зор қаржы қоры бар болуынан, яғни олар мемлекеттік
шенеуніктерді, саяси қайраткерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарының
қызметкерлерін бопсалауға немесе сатып алу мүмкіндігіне ие, ал қоғамның
жеткілікті түрде ұйымдаспаған тұрғындары мафияға адам ресурстарын беріп
отырады. Тұлға үшін биліктің ӛзіндік ерекшелігі мен маңызды кӛрінісі – оның
тұлғалық, мәдени-этикалық, психологиялық аспектісі. Тұлғалық тұрғыдан
алғанда билік құру – ерекше психологиялық кеңістік. Билік құрудың екі
бағытта жүргізілетінін ескеру қажет: біріншіден, басқа адамдарды бағындыру,
жүріс-тұрысын реттеу, олардың тіршілік әрекетіне араласу мақсатында басқа
адамдарға қатынастағы еріктің кӛрінуі болып табылады. Бірақ басқа адамдар
сияқты билік құрушы субъекті де адам, сондықтан бағыныштылардың
мүдделері мен ӛмірлеріне араласуы, оларды басқару, бақылау, талап-тілектерін
38
жүзеге асыру – аса жауапты, агрессивті және осыған орай моральды-
психологиялық тұрғыдан алғанда күрделі іс-әрекет. Барлық адамдар бұған
дайын емес және оны қажет етпейді де. Ал қолында билігі барлар халық
тарапынан бақылау жоқтығын сезіп, ӛздерінің жеке бастарын байыту
мақсатында қызмет бабын пайдаланып, сыбайласу арқылы кӛлденең табыс
табуға ұмтылады. Осылайша, мемлекеттік қызмет атқарушылар мафияға ұқсас
ұйымдасқан қылмыстық топтар құрып, жемқорлықпен айналыса бастайды.
Мұндай құбылыс жоғарыда айтқанымыздай, коррупция деп аталады.
Сонымен қатар, «биліктегі сұр кардинал» деген ұғым да бар. «Сұр
кардинал» ұғымы XVII ғасырда Францияны билеген король Людовик XIII
(1601-1643) тұсында пайда болған. Франция королі болған Генрих ІV мезгілсіз
қайтыс болуына байланысты, оның ұлы Людовик XIII король тағына 8 жасында
отырған. Билеуші жас бала болғандықтан, Францияны корольдің фавориті
(таңдаулы, сенімді адам)
кардинал Ришелье (толық аты – Арман Жан дю
Плесси, герцог де Ришелье, 1585-1642) басқарады. Ришельенің кеңесшісі әрі оң
қолы – діндар Жозеф әкей (
Франсуа Ле Клер дю Трамбле, 1577-1638). Кардинал
Ришелье
қызыл плащ жамылса, діндар
Жозеф әкей сұр плащ жамылып жүрген.
Жозеф әкей жас кезінде әскери маман қызметін атқарған, мықты барлаушы
болған екен. Ӛмірлік тәжірибесін барынша пайдаланып, Жозеф әкей
Францияның ішінде де, кӛршілес елдердің ішінде де ӛзінің тыңшыларын,
жансыз агенттерін ұстап. Агентуралық желі құрастырған. Сӛйтіп, ӛзінің
агенттері арқылы елдің іші мен сыртындағы барлық маңызды ақпараттарды
иеленген. Жиналған ақпаратты ӛңдеп, талдап, ӛзінің мақсат-мүддесіне сай
келетін ақпаратты кардинал Ришельеге жеткізіп отырған. Кардинал Ришелье
болса, ӛзіне мәлім ақпаратты талдап, кӛздеген мақсатына сай келетіндей етіп
Людовик XIII баяндап, корольді жетегіне алған. Айналып келгенде, кӛрінбей
ықпал ету арқылы мемлекеттік билік жүзеге асады.
Кардинал Ришелье
XIII-
Людовикті,
Жозеф әкей кардинал Ришельені ақпараттық тәуелділікте ұстайтын
билікке ықпал етудің ұтымды жолы қалыптасады. Нәтижесінде, сұр плащты
Жозеф әкей билікке ықпал ету жолымен ӛзінің ойын іске асыратындай жағдай
қалыптасуына орай «биліктегі сұр кардианл» деген ұғым пайда болған.
Сұр кардиналдың саяси портреті мынадай:
1. Кӛзге кӛп түспейтін адам, астыртын әрекетті ұнатады.
2. Жария атақ-даңққа, мансап-мәртебеге қызықпайды, бірақ, атақ-даңқы
жер жарған адамдарға ықпал етіп, оларды кӛрінбей басқаруды ұнатады.
3. Сұр кардиналдың темпераменті негізінен флегматик, түрлі
психологиялық комплекстері бар.
4. Мұндай адамдар әдетте кӛреген, алыстан ойлағыш, есепшіл, әр басқан
қадамын жазып-сызып, есептеп барып жасайды, ойланып сӛйлейді.
5. Сұр кардинал нашар
коммуникатор болуы мүмкін, бірақ мықты
психолог екені даусыз.
6. Сұр кардиналдың достары жоқ. Жағдайға қарай, қазіргі дос ертеңгі жау,
кешегі жау бүгінгі дос.
39
7. Сұр кардинал ешқашан ашық қарсыласпайды, тосыннан кек қайтарғыш.
Жауынан ӛшін ӛзі алмайды, басқаларды айдап салып, шағыстырып, ӛзгенің
қолымен от кӛсеп, ӛшін алғыш.
8. Оның ұраны «Мынаны істеген Мен, бірақ оны менен басқа ешкім
білмейді». Идеяларын астыртын іске асырғанды жаны сүйеді.
9. Сұр кардинал лауазымға мұқтаж емес. Ешбір лауазымсыз ақ, жоғарғы
лауазымды адамдарға ықпал етіп, түрлі проблемаларды шешіп, «билеушілерді»
арақашықтықтан басқарғанды жӛн кӛреді. Кез келген ұйымда осындай
пысықайлар табылады.
10. Сұр кардинал мен билеушінің арасында екі тарап үшін де ӛзара тиімді
«жазылмаған» келісім-шарт бар. Билеуші сұр кардинал арқылы билігінен
айырылмай, атақ-мансабын нығайтқанға мәз, сұр кардинал ӛзінің мақсат-
мүдделерін жүзеге асырғанына қанағаттанады.
Достарыңызбен бөлісу: |