Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет20/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
treatise15701

механизмдер
болуы шарт: 
1) Заң шығарушы органдар (парламент, дума, рада, бундестаг, кеңес, 
жиналыс, құрылтай, кнессет т.б.) билікті заңнамалық қамтамасыз ету 
механизмін құрайды; 
2) Атқарушы органдар (үкімет, министрлер кабинеті, әкімшіліктер, 
ведомстволар, агенттіктер, аймақтық мемлекеттік басқару органдары) 
қабылданған саяси шешімдер мен заңдардың орындалуын қамтамасыз ету 
механизмдері; 
3) заңдылықтың сақталуын бақылаушы және қадағалаушы органдар (сот, 
арбитраж, прокуратура, тергеу органдары, есеп комитеттері), бақылау-
қадағалау механизмдері; 
4) Билікке, заңға бағынуға мәжбүрлеу және құқық бұзушылықты жазалау 
механизмдері 
(армия, полиция, милиция, арнаулы органдар, пенитенциарлық 
жүйе, жалпы,
құқық қорғау мекемелері). 
Бұл механизмдер бірін-бірі толықтырып, қолдай отырып үйлесімді 
әрекеттеседі. Билік механизмдері бір бірімен ӛзара тәуелді байланысты. 
Билік механизмдерінің белгілері: 
- тұтастық – кез келген мемлекеттегі билік біртұтас, бір елдің аумағында 
бірнеше мемлекеттік аппарат болуы мүмкін емес (екі парламент немесе үш 
үкімет дегендей); 
- иерархиялық – билік механизмін іске асырушы органдар мен мекемелер 
ішкі ұйымдастырушылық тәртіпке сүйенетін, субординация сақтай отырып 
үйлестірілетін, сатылы немесе пирамидалық пішіндегі күрделі құрылым болып 
табылады;
- ерекше құрам – билік механизмдерін орындаушы мемлекеттік билік 
органдары арнайы білімі мен дайындығы бар кадрлардан жасақталады; 
- қызметтерінің арнайы мақсаттылығы – әр механизмнің ӛзіндік мақсаты 
мен атқаратын қызметттері бар; 
- материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі (ғимараттармен, техникамен, 
құрал-жабдықпен, т.б. қажетті керек-жарақтармен). 
Дэвид Осборн мен Тэд Геблер (АҚШ) «Үкіметті қайта құру» («Reinventing 
Government») атты еңбектерінде басқарудың бюрократиялық моделінің 


35 
кемшіліктерін талдайды. Олар мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін 
жаңғыртудың он принципін кӛрсетеді: 
1. Ынталандыра отырып басқару: басқару ұрсу немесе желкелеу емес. 
2. Адамға қарай бет бұрған басқару: ӛкіл ретінде қызмет ету емес. 
3. Бәсекелесуші басқару: қызметті ұйымдастыруда бәсекелестікті қолдану. 
4. Ережелер мен құқықтық нормаларға сүйене отырып ұйымды қайта құру 
принципін ұстанатын басқару. 
5. Нәтижеге бағытталған басқару: бастамалардан гӛрі нәтижеге мән беру. 
6. Тұтынушыға бағытталған басқару: басты орында бюрократияның емес, 
тұтынушының мүдделері. 
7. Кәсіпкер сияқты басқару: талан-таражға салмай, керісінше, қолда барды 
сақтап, кӛбейте білу. 
8. Кӛрегендікпен басқару: терапия емес профилактикаға сүйену. 
9. Орталықсыздандырылған басқару: иерархияның орнына корпоративтік 
жұмыс пен жұмыла қатысу. 
10. Нарықтық сипаттағы басқару: нарықтық ӛзгерістерге бейімделу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет