Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Сөз, ұғым және мағына, олардың арақатынасы



Pdf көрінісі
бет23/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

1 Сөз, ұғым және мағына, олардың арақатынасы.
Ұғым ойлау 
үдерісінің нәтижесі ретінде тілдік жүйемен тығыз байланысты. Логикалық 
ұғымның тіл жүйесіне қатысы сөз арқылы іске асады. Адам санасында сезім 
мүшелері арқылы (есту, көру, сезу, дәм, иіс) қабылдауға болатын нақты, 
деректі заттар мен құбылыстардың бейнесі қалыптасқан. Ұғым ‒заттар мен 
құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы қасиеттерін, мәнді белгілерін 
бейнелендіріп, олардың арасындағы нақты байланыстар мен жаңа 
қатынастардың ашылуына үлкен септігін тигізеді. Дүниедегі заттар мен 
құбылыстар түйсік, елестету, қабылдау арқылы адам санасында таңбаланады, 
сол туралы ұғым пайда болады. Олай болса, ұғым мағынаның 
репрезентациялық тәсілі болып табылады.
Ұғым – зат, құбылыс, іс-әрекетке тән мәнді және жалпы белгілердің адам 
санасында жинақталып берілген бейнесі. Заттар мен құбылыстардың бір-
бірінен айырмашылығын көрсететін қасиеттері мәнді белгілер, ұқсастығын 
көрсететін қасиеттері жалпы белгілер ретінде танылады. Санадағы ұғымның 
адамдардың қоғамдық тәжірибесі арқылы сөздік қабыққа бекітілген бөлегі 
ұғымдық мағына
деп аталады.


39 
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымның 
арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, 
ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер бір зат жайында ұғымымыз 
болмаса, оның мағынасын біле алмаймыз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, 
ұғымның болуы – сөз мағынасының маңызды шарты болып табылады. Сөз 
мағынасы ұғымдық мазмұнға қоса, айтушының көзқарасын, көңіл-күйін, 
сезімін, сөздің грамматикалық сипатын білдіре алады. Бұған қарап, сөз 
мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Сөз мағынасы ойды ғана 
білдірмейді, сезім мен әртүрлі көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады.
Мағынаның 
лексикалық және грамматикалық
болып бөлінетіндігі 
белгілі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет