1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет46/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Иммунитеттің жас ерекшеліктері. 
Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрыктың қанында антигендер 
болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының корғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде 
ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының канындағы антигендерді плацента ұрыққа 
өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру 
кабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған 
антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашкы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз 
өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінде болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті 
дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама 
төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. 
Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммуңдық қабілет те төмен болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9-тақырып. Тыныс алу жүйесі, оның жас ерекшеліктері. Тыныс алу гигиенасы 
1.
Тыныс алу жүйесінің амаңызы 
2.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 
3.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі 
4.
Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері 
5.
Тыныс алу гигиенасы 
Тыныс алу жүйесінің амаңызы
. Тыныс алу мүшелерінің маңызы өте зор. Олар арқылы 
организмге тотығу процесіне қажет оттегі кіріп, оргнизмдегі зат алмасудың соңғы өнімі көмірқышқыл 
газы шығады. Егер адам тамақсыз, тек сумен – 60 күн, сусыз 7-10 күндей өмір сүрсе, оттегінсіз 5-7 
минутта өліп кетеді. 
Тыныс алуды шартты түрде 3 процеске бөлуге болады: 
1) сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу (сыртқы тыныс алу);
2) өкпедегі альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу;
3) қан мен ұлпааралық сұйықтық арасындағы газ алмасу (ұлпалық тыныс алу). 


Тыныс алу жүйесінің мүшелерін екі топқа бөледі: тынысалу жолдары және тынысалу орны. 
Тынысалу жолдары: мұрын қуысы, жұтқыншақтың жоғары бөлігі, көмей, кеңірдек, бронхылар. 
Тынысалу орны - өкпе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет