Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып
тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы өте әлсіз. Туа болған асфиксия
тыныс жолдарының бекітіліп
қалуына немесе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы дұрыс қызмет атқармағандықтан организмге
оттегінің аз жеткізілуіне байланысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа және жүре келе жүйке жүйесінің,
жүрек-қантамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде
отыра беруіне
байланысты болуы мүмкін.
Оттегінің мөлшері аз болса да, тым көп болса да адам ға әсер етеді.
Мысалы, тауға шыққанда оттегінің аздығынан адамның «жүрегі айныйды», бұлшық еттері
әлсірейді.
Ал егер 3 атмосферадан жоғары таза оттегімен дем алғанда ұстама,
өкпенің қабынуы сияқты
аурулар пайда болады, тіпті адам өліп кетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: