біреулерін ерітіп жібереді.
Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол
вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді аурудан сақтап қалады.
Иммунитет т а б и ғ и және ж а с
а н д ы болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда
пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі.
Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті кысқа
мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың
қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген
антигендерді егу арқылы
жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір
жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым
қуалаған сол ауруларға
қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл - туа болатын
иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда
болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті ж а л п ы және ж е р г і л і к т і деп те бөледі. Бүкіл организмнің ауруға карсы тұру
қабілеті
жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті
иммунитетке жатады.
Қорыта келгенде, иммунитет екі тетікке байланысты: денедегі кейбір клеткалардың фагоцитарлық
қабілеті мен антиденелердің өндірілуі. Дегенмен, иммунитет өте күрделі, бүкіл организм жүйелері
қатысатын және бір-бірімен байланысты болатын қабілет.
Достарыңызбен бөлісу: