188
Луций Анней Сенека
(б.з.д. IV-V ғғ.)
Білгенге маржан
Басқаларды үйрете жүріп, біз
өзіміз үйренеміз
Өмір де мысал өлең секілді:
ұзақтығымен
өлшенбейді,
мазмұнымен өлшенеді
9-тақырып. Дарынды балалармен жүргізілетін
тәрбие жұмыстарының жүйесі
«Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары
Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты –
ізгілікті жеке
тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында:
«Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға
қажетті жағдайлар жасау, дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
даралықты
дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» – деп атап көрсетті.
Дарынды тұлғаны қалыптастыру және дамыту – қазіргі кезеңдегі білім беру
жүйесінің алдында тұрған басты мақсаттың бірі болып табылады.
Интеллект
(лат.
«intellectus» «түсіну, ұғыну, танып білу) –
интеллектуалды және іс-әрекеттің нақты түрінде нәтижеге жету мүмкіндіктерін
қамтамасыз ететін, арнайы қабілеттерді қамтитын,
интеллектуалды іс-
әрекеттердің арнасы және ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі.
«Интеллект» ұғымы өзінің ғылыми мағынасына қарамастан, шексіз
талдауларға толы. В.Штерн интеллекттің
жаңа өмір шарттарына жалпы
қабілеттердің бейімделуін жатқызады. В.Штерн бойынша, бейімделу – өмірлік
міндеттерін ақылдылық әрекеттер арқылы шешу.
Р.Стернберг «интеллект» ұғымын интеллектуалды қылықтың үш формасы
ретінде көрсетеді:
а) вербалды интеллект: сөз қоры, шеберлік, оқығанын түсіне білу
біліктілігі;
б) мәселелерді шешу қабілеттілігі;
в) кәсіби интеллект: қойылған мақсатқа жету біліктілігі.
Интеллект концепциясы ХХ ғасырдың соңғы кезеңдерінде дамыды.
Интеллект –
адамның қолданбалы, көрнекі-бейнелі немесе символдық
түрде мақсат қойып, орындаудың ең тиімді жолын тауып алуға қабілеттілігі.
189
Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді.
Дегенмен, ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет –
нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық,
педагогикалық анықтамалар
саны өте көп. «Қабілеттілік» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын
және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттілік – бұл білім алуға қажетті адамның жеке ерекшеліктері.
«Қабілеттілік – іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай,
нәтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», – деп жазады академик
Т.Тәжібаев.
Педагогтар
қабілеттердің
төмендегідей
деңгейі
болатындығын
дәлелдейді:
Репродуктивті (өнімсіз)
Достарыңызбен бөлісу: