Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен



Pdf көрінісі
бет213/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен 
міндеттері 
Тәрбиеленушінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт 
беріп отыру – барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып 
өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Балалар ұйымы,
ата-аналар, бүкіл жұртшылық тәрбиеленушілердің бос уақытын өміріне 


277
пайдалы, тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. 
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай 
мәселе емес екенін де ұмытпау қажет. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану 
үшін ең алдымен, олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын 
және қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағанда ескеру 
керек. 
Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің 
қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтердің бірі – сабақтар мен 
сыныптан тыс жұмыстар. 
Тәрбиеленушілермен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары 
сабақтан тыс
немесе 
сыныптан тыс жұмыс
деп аталады. Бұл мұғалім сабақ 
үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, 
ең алдымен тәрбиеленушілердің таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық 
ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы 
ретінде 
қызмет 
атқарады, 
ол 
тәрбиеленушілердің 
бос 
уақытын 
ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын 
ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің 
жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. 
Біріншіден,
оқудан тыс әртарапты іс-әрекет тәрбиеленушінің сабақта мүмкін болмайтын 
жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. 
Екіншіден,
сыныптан тыс әртүрлі 
тәрбие жұмысының түрімен айналысу тәрбиеленушінің жеке әлеуметтік 
тәжірибесін жандандырып жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына 
негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын 
қалыптастырады. 
Үшіншіден,
сыныптан 
тыс 
түрлі 
тәрбие 
жұмысы 
тәрбиеленушілерді іс-әрекеттің әр түріне қатысты қызығушылығының 
дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі 
ықпал етеді. 
Төртіншіден,
сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы 
тек ана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге 
ұжымда өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек іс-әрекеттерінде және қоғамдық 
пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. 
Бесіншіден,
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен өткізуде уақытқа қатысты 
қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, 
құралдарымен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. 
Алтыншыдан,
сыныптан тыс тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне сай 
қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі күндері) 
ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен 
жұртшылық өкілдері қатыстырылады.
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік 
тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етіп, тәрбие 
жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның 
қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. 
Олардың құқықтары мен бостандығын сақтайды және өмірі, денсаулығы
қауіпсіздігі үшін жауап береді.


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет