273
қарым-қатынастары оның рухани-адамгершілік ішкі күйзелісі
мен өмірлік
мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты.
Ендеше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi
тани отырып, ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытуымыз
қажет. Бүгінде отбасы, мектеп, және жоғары мектеп жастарға жай
«бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл
қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу
позициясын қамтамасыз ету керек.
Балалардың
шығармашылық
бірлестігі,
балалардың
шығармашылық бірлестіктерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
әдістемесі
Бүгінгі таңдағы педагогикалық әдебиеттерде (Н.Г.Полянская және т.б.)
балалар бірлестіктерінің қызмет атқару моделі берілген. Мұнда төмендегідей
балалар бірлестіктеріндегі тәрбиеленушілер тұлғасын дамыту ерекшеліктеріне
сәйкестендірілген
іс-әрекеттерді ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен
педагогикалық шарттары көрсетілген:
-
алғашқы бейімделу;
-
жаңа іс-әрекет түрлерін меңгеру;
-
жаңа жағдайға орай өз мүмкіндіктерін іске асыруға үйрену;
-
білімдері мен ептіліктерін тұрмыста пайдалануға дайындық жасау.
Бұл бірлестіктердегі іс-әрекеттер тобы 3 принципке орай орындалады:
балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері шеңберінде жалпы
адамзаттық құндылықтарды жан-жақты үйлестіру;
тәрбиеленушілерді адамның өмірлік
ұстанымдары мен әлеуметтік
рөлдерінің дамуына ұтымды негіз қызметін атқаратын қоғамдық әрі тұлғалық
мәнді қатынастарға араластыру;
балалар шығармашылық бірлестіктерінде тәрбиеленушілердің өзіндік
ұйымдасуына және бойындағы мүмкіндіктерін өзінше жүзеге асыруына жәрдем
беретін ұжымның өзіндік басқаруы мен педагогикалық жетекшілікті өзара
байланыстыра жүргізу.
Ерекше тәрбиелік мүмкіндіктерге ие уақытша бірлестіктер де (балалар
лагерлері, жастардың ауыспалы топтары және т.б.) маңызды істер атқаруда.
Мұндай қысқа мерзімді ұжымдарда бала кең, өрісті
әрі жедел қатынастарға
түсіп, достарымен тез тіл табысып, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін
іске асыруға қолайлы мүмкіндіктер алады. Уақытша бірлестіктерде
жасөспірімдер өз тіршілігін өз бетінше ұйымдастыруға ұмтылып,
бастапқы
енжар бақылаушы қалпынан белсенді ұйымдастырушы тұлға дәрежесіне
көтеріледі. Бірлестіктегі ересектер мен достарының ықпалынан тәрбиеленуші
бойында орнығып, көрінетін әлеуметтік әрекет-қылық үлгілері оларға өзін
белсенді субъект ретінде тануға,
игерген тұрмыс, тәлімдік қалып, талаптарды
орындауға жол ашады.
Жас көшбасшылар Қауымдастығы
–
жастардың өз тұлғасын дамыту,
өркениетті тіл табысушылық
дағдыларын қалыптастыру, серіктестік
274
сондай-ақ, Қазақстан Республикасының белсенді азаматы өмірлік сапасына
жауапкершілік тұрғыдан келу мақсатындағы мемлекеттік емес, бейсаяси
қоғамдық жастар ұйымы. Оған 13 жастан жоғары
білім мен білік дағдыларын
меңгеруге мүмкіндігі бар, азаматтық құзырлылығы мен шешім қабылдау
дағдысы, кикілжің мен қиын жағдайдан жол табуға тырысатын, өзара
түсіністікте нәтижелер қажеттігін сезінетін балалар тән.
Жас
көшбасшылар
Қауымдастығы жұмыстарының басты ұстанымы –
«Жастар жастарға үлгі». Ұйым алуан түрлі жаңа және белгілі әдістемелер,
психологиялық
тренингтер, ойындар, тесттер, шағын топтарға арналған
практикалық сабақтар, шығармашылық сабақтар мен пікірталастарды
үйлестіруге өз қызметін құрады.
Жас
көшбасшылар
Қауымдастығы жүргізушілері мектептегі мектеп
Кеңесін құратын кеңесші ретінде қызмет атқарады. Оларды адамдармен жұмыс
істеуге оқытып,
кикілжің, дау-дамайды шешуге, үлкен аудиторияларда сөйлеу
өнеріне, топтық жұмыстар мен жағдайларға көсемдік жасау және жоспарлау
ісіне үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: