Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
Оқушы тұлғасы мен оқушылар ұжымы диагностикасының үлгі ретіндегі бағдарламасы «Балалар ұжымы – өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасының
басшылығымен ғана дамиды» – деп белгілі педагог В.А.Сухомлинский
айтқандай, сынып жетекшісі ұжымның даму заңдылықтарын, оның даму
сатыларын, тәрбиеленушілердің жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты
сезінуін
білуі
қажет.
Ал
ұлы
педагог
А.С.Макаренко
балалар
ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын өзінің «Ұстаздық дастан»
еңбегінде тереңірек ашады. Оның пікірінше, ұжымдағы ұжым мүшелерінің
ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның
бөлігі болғандықтан, ілгері жылжығанда ғана дамиды.
Осыған орай, мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір
нұсқасында «тәрбиеленушілермен ынтымақтастықта бола алу кабілеті»
критерийі – қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғары
деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі
іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байқай
алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу, аз уақыт
аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана
отырып, эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін
үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).
Қазіргі тәрбиеленушілердің қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң
көзқарас танытпайтындары да аз емес. Оның негізгі себебі, ұйымдастырылатын
жұмыстардың
бірыңғайлығы,
ондағы
формальділік,
жұмыстың
пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы
болып табылады. Соған байланысты тәрбиеленуші белсенділігі мектепте
ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім
позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу
біліктілігіне тікелей байланысты. Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан
емес, белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.
Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын
қалыптастырудағы проблемаларға назар аударып, олармен жеке жұмыс
жүргізудің маңызы өте зор. Жинақталған және талданған материалдарын
сынып жетекшісі «балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі»
түрінде беруіне болады. Ұжымның жағдайы: тәрбиеленушілердің өзара
пікірлесуі, формальді, формальді емес көшбасшының болуы. Бұл графикті
талдау, қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі
жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы
тәрбиеленушілер мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.
95-суретте сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеу бағдарламасы берілді.