Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет219/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
 
 
 


284
14-тақырып. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен 
 тиімділігінің диагностикасы 
Тәрбие 
процесі 
тиімділігінің 
психологиялық-педагогикалық 
диагностикасының әдістері 
Педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша қарап, сол жаңаны өмірге 
енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оқу және білім беру қызметін ғылыми 
тұрғыда ұйымдастыру қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологияларды 
енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші қарым-қатынасы 
психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші 
кезекте тәрбиеленушіге субъект ретінде қарау керек.
Тәрбие беру процесі – жеке тұлға мен қоғамның талаптарына сәйкес 
ұйымдастырылған тәрбиелік ықпал етуде пайда болатын педагогикалық
арақатынас процесі. Оның мақсаты тәрбиеленушілердің әлеуметтік және 
рухани құндылықтарды, тәжірибені, қатынастарды игерудегі белсенді
іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбие процесін дұрыс жүргізуге қойылатын педагогикалық принциптер: 

Тәрбие процесін тақырып жағынан дұрыс жобалау. 

Тәрбиеленушіні жан-жақты дамытудың түрлі жолдарын білу. 

Кертартпа іс-әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп 
қорын дұрыс пайдалана білу, тәрбиелеу процесінде тәрбиеленуші мен 
тәрбиешінің бірлескен жұмысын дамыту. 

Тәрбие процесін жобалауда мазмұн мен жүйелілік бірлігінің болуы. 
Тәрбие процесі тиімділігінің психологиялық-педагогикалық әдістері тығыз 
байланысты: 
-
кіші мақсаттардың мазмұны диагностиканың мазмұнын анықтайды; 
-
диагностиканың мазмұнынан үй жұмысының мазмұны, көлемі және 
ауырлық деңгейі анықталады; 
-
үй жұмысы көлемінің жеткілікті не жеткіліксіз екені диагностика 
жүргізілген кезде анықталады; 
-
логикалық құрылым – бұл оқу процесінің мазмұн мен жүйе жағынан 
бірлігі; 
-
түзету – тәрбиешінің диагностикадан өтпеген тәрбиеленушімен тікелей 
жұмысының бағдарламасы. 
Сонымен, тәрбиешінің алдында тұрған өзекті мәселе – тәрбиеленушіні
адамгершілік тұрғысынан түсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді ол 
білуге тиісті. Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. 
Дегенмен, сабақ үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек.
Психологиялық-педагогикалық диагностика
– оқу-тәрбие процесін тиімді 
ұйымдастыру мақсатында тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін және 
ұжымның әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге бағытталған бағалау. 
Педагогикалық диагностика психологиялық диагностикаға қарағанда 
педагогикалық процестің ішінде жүзеге асырылады. 


285
Педагогикалық диагностика жылдам ақпарат алу арқылы маңызды
оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: 
-
күрделену деңгейі әртүрлі бағдарламалар бойынша сынып құрамын, 
тәрбиеленушілердің жұмысын жоспарлауға мүмкіндік беретін, олардың оқуға 
дайындықтарының деңгейі жөнінде ақпараттар алу; 
-
тәрбиеленушілердің мүмкіндіктерін бағалау, олардың ақыл-ойы, оқу 
әрекеттерінің қалыптасу деңгейі, оқытуды мотивтендірудің сипатын анықтау; 
-
өзін-өзі тану негізінде жасөспірімдердің өздерін дамытуларын 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың танымдық қасиеттерінің дамуын, 
сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынасты, тәрбиеленушілер мінезінің 
ерекшеліктерін зерделеу; 
-
сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынас, педагогикалық ұжымның 
жұмыстарын басқару, ұжымда жақсы психологиялық ахуалдың болуы, жеке
тәрбиеленушілердің 
іс-әрекеттерінің 
сипатын 
жетілдіру 
мақсатында 
тәрбиеленуші тұлғасының ерекшеліктері жөнінде ақпараттар алу; 
-
төменгі және одан кейінгі сыныптардағы жекелеген тәрбиеленушілердің
даму деңгейін диагностикалау және соның негізінде түзету жұмыстарын 
ұйымдастыру. 
Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің деңгейін тест арқылы анықтауға 
болады (3-қосымшаны қараңыз). 
Психологиялық диагностика педагогтарға өздері жасаған құралдарын, яғни 
әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды. 
Диагностиканың негізгі құралдарының бірі – тест. Көп жағдайда тесттер – 
сапалық және сандық тұрғыда зерделенетін, қасиеттерді бағалауға мүмкіндік 
беретін, стандартталған тапсырмалардың жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет