Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Оқушылардың тәрбиелілік диагностикасының мазмұны



Pdf көрінісі
бет227/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Оқушылардың тәрбиелілік диагностикасының мазмұны
Тәрбиелілік диагностикасы
дегеніміз – бұл сынып жетекшісінің әрбір 
тәрбиеленуші мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын 
зерттеу жұмысы. Тәрбиелілік диагностикасының басты мақсаты –


292
тәрбиеленушілердің моральдық және әлеуметтік сапаларының шын мәніндегі 
жағдайын белгілеу, оның қиын және қатерлі аспектілерін анықтау.
Тәрбиеленушінің тәрбиелілік деңгейін бір көрсеткіш арқылы анықтау 
мүмкін емес. Ол үшін жеке басты жан-жақты зерттеуге бағытталған көптеген 
әдістерді пайдаланған жөн. Сондықтан бүгінгі жеке тұлғаның дамуына 
психологиялық тұрғыдан қарау қажеттігі туып отыр. Соған орай Л.М.Фридман, 
И.Я.Каплуновичтің зерттеуін басшылыққа ала отырып, тәрбиелілікті 
анықтаудың түрлі үлгілерін пайдалануға болады.
Оқушылар тәрбиесінің деңгейлері 96-суретте ашылды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет-96. Оқушылар тәрбиесінің деңгейлері 
 
Тәрбиелілік диагностикасының технологиясы төмендегідей маңызды 
талаптардан 
тұрады: 

тәрбие ісімен айналысушы кез келген маманның жаппай қолдануына 
қолайлы болуы қажет; 

уақыт пен күш аз жұмсалатындай үнемді болғаны жөн; 

мүмкіндігінше жоғары негізде сенімді қорытынды шығара білуі керек; 

диагностикалық ақпараттың нәтижесі көкейде жүрген көптеген 
мәселелердің шешімін табуға көмектесуі қажет; 

нәтижелері графиктік салыстырмалы кескінді, сурет түрінде көрнекі 
болса, оларды өлшеу, талдау, жинақтау тиімді болады.
Бұл талаптардың бәрін орындауға сыныпты компьютерлік диагностикамен 
зерттеудің технологиясы мүмкіндік береді. 

Адамгершілік сапасының 
мәнін 
құрайтын 
адамгершілік өлшемдер 
жайында түсінігі, білімі 
бар 

Бірақ бұл өлшемдер жеке 
бастың 
мінез-құлқына 
кірікпеген 

Оған 
деген 
қарым-
қатынас қарама-қайшы 
немесе тұрақсыз болып
келеді

Адамгершілік 
мінез-
құлық нормалар жөнінде 
дұрыс 
және 
айқын 
түсінігі бар 

Жеке бастың оған деген 
белсенді 
жағымды 
қарым-қатынасы 
байқалады 

Бірақ, бұл өлшемдер 
жеке бастың қасиетіне 
толық 
айналып 
кірікпеген

Адамгершілік 
мінез-
құлық 
нормаларын 
саналы меңгерген

Ол 
мінез-құлық 
нормаларының 
дағдысына айналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет