Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет226/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері 
Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейі дегеніміз – тұлғаның барынша 
тұрақты қасиеттері мен түрлі іс-әрекеттердегі, ұжым мен өзіне қарасты білігі 
мен дағдыларының жиынтығы. 
 
Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейіне баға беру мақсаты – өзін-өзі тану,
өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту процесін ынталандыру, әрбір 


291
тәрбиеленушінің 
өзіне-өзі 
барабар 
бағалауын 
қалыптастыру. 
Бұл 
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы 
керек.
Бастысы – тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары 
туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру. 
Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг
– бұл тәрбие беру сапасын зерделеу 
және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау. Рухани-адамгершілік
тәрбие процесінің мониторингі – бұл бала тұлғасының қалыптасу және өмірлік 
маңызы бар негізгі, базалық құзыреттіліктерді меңгеру процесін үнемі бақылап 
отыру.
Сондай-ақ, көрсеткіштер –
 
тәрбие процесінің қайсыбір жағының негізгі 
сипаттамасы.
 
Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және 
қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді. 
Ал, 
тәрбиелік 
– 
жинақталған 
түрінде 
адамның 
әлеуметтік
қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін, тұлға сапаларының жиынтығын 
сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері. 
Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейінің көрсеткіштері: 
- ойлау, оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, әлем, 
азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу;
 
- адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік 
нормалар, 
ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия; 
- жеке тұлғаның бағыттылығы, бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының 
тұрақты басымды мотивтерінің болуы; 
- жеке тұлғаның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының болашаққа 
бағытталғандығы, іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын 
өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің 
моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі; 
- ұжымда тәрбиеленушінің бір-біріне, өздеріне, мұғалімге, мектепке,
ата-анасына қарым-қатынастарының нақты өзгеруі, яғни олар бір-біріне 
қайырымды бола түседі, шеттетілген тәрбиеленушінің досы пайда болады, 
нашар оқитын тәрбиеленушінің өзіне деген сенімі нығаяды. 
П.П.Блонский «Ғылыми психология очерктері» деген еңбегінде: 
«Адамның тәртібін өлшеуге болады. Барлық нәрсе өзгереді, сондықтан қанша 
өзгергендігін өлшеу керек» – дегендей, тәрбиеленушінің тәрбиелік деңгейі күн 
сайын, сағат сайын тексеріледі. Тәрбиеленушінің әрбір іс-әрекеті, тәртібі, 
үлкендермен қарым-қатынасы тәрбиелік деңгейін сипаттайды. Олардың 
тәрбиелік деңгейіне дұрыс баға беру үшін өмірдегі, сабақтағы, сабақтан тыс 
кездегі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі тәртібіне нақты баға беру керек. Ол 
үшін ұзақ уақыт және әртүрлі әдіс-тәсілді пайдалану қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет