296
дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму
мүмкiншiлiгiн
ұжымнан алатын болғандықтан, ұжымда тұлғаның бас
бостандығы болуы басты шарт болып табылады.
Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Нақты
топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi – ұжым деп аталады.
Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр-
бiрiмен ұштасып, топтың
психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк
деңгейiне көтерiлуі – ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда
ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе топта келеңсiз жағдайлардың
орын тебуiнен туындайды.
Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты төмендегідей
бірқатар
талаптарын қойып, олардың осыларды орындай алу қабілеттерін
бағалайды:
басқаларға бөгет болмау;
бір-бірін мұқият тыңдау;
ортақ іске қатысу.
Мектептегі оқушылардың сабақ үстіндегі бірлескен жұмысы,
олардың
арасында кез келген ұжымдық жұмысқа тән көптеген белгілері бар
қарым-қатынастар туғызады. Бұлар ең алдымен, әрбір оқушының өз ісіне ортақ
іс сияқты қарайтыны, ортақ мақсатқа жетуі үшін басқалармен келісімді түрде
әрекет
ете білушілігі, бір-бірін қолдайтындығы, бір-біріне талап қойғыштығы
және
өзіне сын көзбен қарай білуі, өзінің табысын немесе сәтсіздікті ортақ іс
тұрғысынан бағалай білуі. Сабақтың бұл мүмкіндіктерін іс жүзінде орындау
үшін
мұғалім сабақ кезінде, оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына
мүмкіндігі болатындай жағдай туғызуы қажет.
Өсiп келе жатқан ұрпағын ойлы азамат етiп тәрбиелеуде ұжымның алатын
орны ерекше. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгi ел тұтқасы десек,
оларды парасатты да саналы азамат етiп тәрбиелеу – ұжымда жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: