58
қабылдауы үшін алғы шарттарды қамтамасыз ету арқылы түсіндіріледі.
Тұлғаның (дене бітімі,
рухани табиғаты, өмірлік жағдайы, мінез-құлқы) оқу
жұмысының ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық көмекті шамасы мен
мөлшеріне қарай қолдану маңызды.
Әр тұлғаның өзіндік пікірін,
шығармашылық белсенділігін, жақсы көтеріңкі көңіл-күйін, танымдық
қызығушылығын қолдау қажет. Тұлғаны педагогикалық қолдау Америкадағы
«мектептегі кеңес беру мен басшылық» (School co unselling and guidance)
ұғымы ресейлік педагогикалық қолдаудан өзгешелеу болып келеді.
Шетелде
«кеңес беру» мен «басшылық» ұғымдары бала сұранысына сай басшылық ету
ұғымымен бірге қолданылады. Англияда «counselling and guidance» жүйесі
мамандардың іс-әрекетінің мазмұнын жетілдіру, «duidance» ұғымын тұлғаның
әлеуметтік және даралық дамуына бағытталған
іс-әрекетті ұйымдастыру,
әлеуметтік дағдыға үйрету, кеңес беру, кәсіби бағдар беру, пәндерді таңдауға
көмек беру, қамқорлық, қолдау болып айқындалады. АҚШ-та «guidance» алдын
алу
шараларымен, ал «counselling» проблемасы бар тұлғалармен жұмыс
істейтін мамандардың қызметімен байланыстырады.
Педагогикалық қолдаудың гуманистік құндылығы тұлғаның мәндік-
мотивациялық бағдарын дамытуға бағытталады, яғни өмірдегі өз орнын табуға
жетелейді. Педагогикалық қолдау ұйымдастырушылық (технологиялық)
позиция бойынша тұлғаға көмектесу мақсатындағы тәрбиеші іс-әрекетінің
кезеңдерімен
(диагностикалық,
ізденушілік,
келісушілік,
іс-әрекеттік,
рефлексивтік)
айқындалады.
Ғалым
О.С.Газман
тұлғаны
дамытуда
педагогикалық қолдауды қажет деп есептейді.
Тәрбиешінің міндеті қиындық туған
жағдайда тұлғаға өздігінен
проблемасын шешуге, өзін және қоршаған ортаны адекватты қабылдауға
көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: