1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101
1.
 
Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
 
2.
Оқыту мен оқудың жеңілдігі. 
3.
Оқыту мен оқудың негіздігі. 
4.
Тез оқытудын, ережесі мен тәсілдері. 
Коменский өмірге жаңа келген адамның ақылын жас ұрық тұқыммен 
салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі 
жоқ деп тұжырым жасайды. 
«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын 
басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды. Олар: 
Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.
 
Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру. 
Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік). 
Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту. 
5.
Саналы түрде меңгеретін нәрседен басканы жаттатпау. 
6.
Бала табиғатын ескеріп отыру; калаған нәрсені немесе оның 
меңгере алатын нәрсесін ғана окыту. 
7.
Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сырткы сезімдерді де 
қатыстырып оқыту. 


18 
Коменский «Ұлы дидактикасында» педагогикалық ойды және мектеп 
оқуын ілгері дамытуда ерекше роль аткаратын жаңа дидактикалық 
принциптерді аныктады. Окудың көрнекілігі, саналы оку, оқудың жүйелі 
болуы, сатылы оқу, оқудын, окушы шамасына сай болуы, окудың негізді 
болуы. 
Қоменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның 
педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды. 
Ол_көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырды. 
1.Дүние тану әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені 
түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты окыту 
ісін заттар туралы кұрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан 
бастау керек. 
2. Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді. 
3. Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен 
қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады. 
Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік прйнципіне байланысты 
мынадай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей кабылдай 
алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер 
астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т. 
б.) Бұларды окытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен 
салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның 
ұсынған құралдары: нәрселер, сол нәрселердің суреттері, модельдері т. б. 
Алған білімнің тиянақтылығы жөніндегі мәселе — Коменскийдің 
педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі. 
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, 
дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді 
деді Коменский. 
Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды 
нақтылау максатында бірнеше әдістемелік нұсқаулар ұсынды. «Ұлы 
дидактиканың» XXI тарауы «Өнер-білім әдісіне» арналған. Мұнда оқу, жазу, 
ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге 
қатысты біркатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам «практикалық 
дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс», «қандай да болсын қызмет, әрекет 
үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет», «жаттығу жұмысын 
окушылар өнер-білімді толық меңгергенше жүргізу керек», — деген өте 
орынды пікірлер айтылды. 
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принцииіне байланысты 
Коменский 
оқытудың 
«жақыннан_алысқа», 
«белгіліден 
белгісізге», 
«нақтылыдан абстрактылыққа», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын 
негізгі ережесін кұрды. 
Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке 
келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы 
жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, окушыларға арналған демалысты, 
оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін 
енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын 
1і 


19 
ұйымдастырудың негізгі түрі болып сынып-сабақ жүйесі ұсынылды. Ко-
менский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа 
материалды өту, окушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, 
оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т. б.). Ұлы 
педагогтың 
мұғалімдерге 
қалдырған 
өшпес 
өсиеттерінде: 
бүкіл 
педагогикалық процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып 
үйымдастырылуы, оку баланың жас ерекшелігіне сай кұрылып, қарапайым, 
балаға жатық болуы қажеттігі қарастырылды. Әрине, бұл ұсыныстар орта 
ғасырлық мектептің дәстүрімен бүтіндей қайшы болды. 
«Ұлы дидактиканың» XXVI тарауында мектеп тәртібі және тәрбие 
мәселелері қаралды. Адамгершалік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде 
Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл 
саласынан да кұнды пікірлер қалдырды. 
Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінін бірі — 
эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету 
деп есептеді. 
Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кіші 
пейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. 
Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты. Оның үлкен 
еңбегі сонда, ол —орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне карсы болды, 
баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім 
оқушыларынан тиісті мектеп тәрті-бін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы 
оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп 
төндіретін арам шөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса
жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғып жазалау орын алсын
демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп 
отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген 
сөз аңғарылады. Бірақ Коменский көзқарасының екі жақтылығы сол, ол 
ұрып-соғып жазалауды дінге байла-нысты жағдайларда қолдануды жақтады. 
Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді 
өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп 
есептеді. Оның ойынша, мұғалім «мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой 
мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған 
жалын иесі». 
Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, 
сондықтан да ол «тәрбиенің Галилейі»_деген_әділ атаққа_ие болды. Жана 
ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет 
дидактиканың жүйесін кұрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді. 
Коменский мектеп оқушыларының окуына жаңа, әр салалы, ғылыми реалды 
білімді енгізуге тырысты, ол табандылықпен мектеп өмірінің барлық күн 
тәртібін өзгертуді талап етті. Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін 
зерттеу Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі 
дидактиканың атасы болып есептеледі. 
Славян халкының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние 
жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті 


20 
әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы, өз дәуірінің 
мектептері 
мен 
мұға-лімдерінің 
алдыңғы 
қатарлы 
тәжірибесін 
дарындылықпен қорыта білген жанашыл-педагог болды. 
Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Қоменскийдің оқулықтары XVII 
ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар 150 жыл бойы бастапқы 
оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға 
үлгі болды. 
Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында-ақ белгілі еді. XVIII 
ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және 
басқа ғылыми орындар бірнеше рет қайта бастырып отырды. 
Коменскийдің еңбектерін орыстың алдынғы катарлы өкілдері педагогика 
ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш 
демократ-педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа 
халықтардың Гогебашвили, Чавчавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз 
енбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет