1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет11/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101
2. Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары. 
XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, 
дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы 
капитализмнің мүдделерімен ұштастырды. 
XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық 
революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды 
да, жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен 
буржуазиялық үстемдіктің орнай бас-тағандығын көрсетті. Бірақ бұл 
революцияның ерекшелігі сол -ол буржуазиялық революциялардың 
бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған феодалдық коғамның негізінде 
дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та 
жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен 
аякталды. XVII ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, 
оған қарсы реакцияның шабуылы басталды. 
Осындай 
тарихи 
жағдайлар 
Джон 
Локктың 
саяси-әлеуметтік, 
философиялық және педагогикалык көзкарастарының қалыптасуына әсер 
етті. 
Ф. Энгельстің айтуынша, Джон Локк «1688 жылғы таптық ымыраның 
перзенті». К. Маркс Локкты бүкіл сипаттамаларымен жаңа буржуазияның 
өкілі болды деді. 
Джон Локк буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. 
Оксфорд университе-тін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, 
кейіннен жаратылыс танумен әуетенді, медицинаны зерттеді. Локктың 
философиялық көзқарастарының калыптасуына Бэкон мен Декарттың 
шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон 
негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты. 
Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі 
философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан 
пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, 
табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады. 


21 
Елестеулер біздің санамызға түйсінулер және сезім мүшелері арқылы 
пайда болады. Демек, дүниені біліп танудағы басты құрал — біздің 
түйсіктеріміз бен сезім мүшелеріміз. Осылай дүние тану мәселесінде Локк 
материалистік сенсуализм жолын ұстады. 
Локктың 
осы 
сенсуалистік 
философиясындағы 
материалистік 
көзқарастар феодалдық аристократия идеологтары айтқан идеялардың және 
адамгершілік касиеттерінің туа бітетіндігі жөніндегі, мемлекет билеу 
қабілетінің туғаннан болатындығы жөніндегі дәлелдеріне карсы бағытталды. 
Идеялардың туысынан пайда болмайтындығы жөніндегі Локктың ойлары 
адамның дамып жетілуіндегі тәрбиенің мәнін жоғары бағалауға мүмкіндік 
берді. 
Идеялардың туа пайда болуы жөніндегі теорияны Локктың сынауы осы 
мәселелердегі материализм мен идеализмнің арасындағы күреске дұрыс 
ықпал етті. XVIII ғасырдағы материалистер өз күрестерінде Локктың 
пікірлеріне арка сүйеді. Осылай Локк көзқарастарының сол кезде прогресшіл 
мәні болды. 
Бірақ Локк табанды материалист бола алмады. Оның философиясы 
дуалистік (екі жақтылық) ерекшелікте еді. Оның ойынша, сыртқы 
тәжірибемен бірге ақылдың өзіндік әрекеті больш саналатын ішкі тәжірибе 
де болады. Объективтік дүниенің біздің санамызда елестеуі ақиқат-шындық 
бола алмайды деп күмәнданды ол. 
Локк өзінің саяси көзкарастарында өз заманындағы буржуазияның өкілі 
екендігін көрсетті. Ол Англиядағы жаңа мемлекеттік кұрылысты теориялық 
жағынан негіздеуге тырысты. 
Локк өзінің педагогикалық көзкарастарын «Тәрбие жөніндегі ойлар» 
(1693) және «Ақылды тәрбиелеу туралы» деген еңбектерінде баяндады.
Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға карсы шыға отыра, 
адамды қалыптастырудағы, оның көзқарастары мен адамгершілік 
касиеттерін ка-. лыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындады. Он 
адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген корытындыға келді.
Локктың ұсынған__тәрбиесінің мақсаты — өз ісін ойластыра отырып 
сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін камтамасыз_ете алатын 
үстем таптың жac өспірімін тәрбиелеу. Сөйтіп Локк тәрбие арқылы 
қарапайым адамдардың балалары емес, дворян балаларын жетілдіруді, 
тәрбие арқылы оларға буржуазиялық пысық іскерлік сапалар мен 
ерекшеліктер сіңіруді арман етті. Демек, Локк ұсынған тәрбиенің негізінде 
Англия үкіметінің басына келген жаңа буржуазияның болашағы — үстем 
таптың жас өспірімін қалыптастыру мақсаты болды. 
Локктың ойынша, бұл үстем таптың жас өспіріміне тәрбиенің бір ғана 
саласы емес, оған дене және адамгершілік тәрбиелері берілуге тиіс. 
Локк оқу-тәрбие жұмысының мектепте жүpгiзілyiнe қарсы болды. Оның 
дәлелінше,_мектеп-балаларды теріс және келіссіз тәрбиелейтін ұя, сондықтан 
буржуазия табының перзенті үй тәрбиесінен _өтуге тиіс, себебі 
өз_кемшіліктері бар үй тәрбиесі мектептің беретін білімдері мен 
дағдыларынан да артық деп есептеді. Ол өз заманындағы аристократиялық 


22 
отбастарының тәжірибесіне сүйене отыра, буржуазия табының перзентін 
тәрбиелеуді жақсы даярлығы бар тәрбиешілерге жүктеуді жақтады. Сөз жоқ 
Локк ұсынған тәрбиені_ұйымдастыру жолдарының, өрісі тар болды: ол 
буржуазия табының перзентін отбасында ғана тәрбиелеуді және тәрбиені 
гувернерлік түрде ғана жүргізуді көздеді. Мұнан, әрине, Локктың буржуазия 
идеологы екендігі айқын көрінеді. 
Локк дене тәрбиесін басқа_ тәрбиелердің негізі деп есептеп, оның 
мәнін_жоғары_көтерді. Ол «мықты денеде мықты рух»,— болады дей отыра, 
дене тәрбиесіңің өз заманына сәйкесті жүйесін ұсынды. Бала денесін ерте 
жастан бастап шынықтыру керек, оның денесіндегі бостық, сылбырлықтар 
жойылуы тиіс. Локк ба-ланы ауа райының барлық түріне үйретудің катаң 
режимге калыптастырудың қажеттілігін көрсетті. Баланың ішетін тамағы мен 
киетін киімі жөнінен де құнды кеңестер ұсынады. 
Локк адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырды. Ол адамгершілік 
касиеттер мен сапалар ретінде адамдардағы кіші пейілділікке, ұстамдылыққа, 
сақтықка және әділеттілікке ерекше мән берді. Осы қасиеттер мен 
сапалардың барлығы ақылға бағындырылуы қажет. Бірак Локктың 
түсінігіндегі ақылдылық Коменскийдің ұсынған жоғары және кең ұғымдағы 
ақылдылық дәрежесіне жете алмады. Локк түсінігіндегі ақылдылық құр 
тәжірибеге сүйенді, тар практикалық шеңберде ғана болды. Сөйткен-мен де 
Локктың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды сыйлап 
құрметтеу элементтері орын алды. 
Локктың ойынша адамға кажетті тағы бір сапа — мінез-құлықтағы 
мәдениеттілік. Дөрекілік, мысқылшылдық, әдепсіздік, кекшілдік — мінез-
құлық мәдениеттілігіне сыйыспайтын касиеттер деп есептелді. 
Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен 
кұралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс: 1) табиғатқа сәйкестілік; 2) 
бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату; 3) 
тәрбиедегі каталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру. Локк 
балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және тәрбиенің 
олардың мінез-кұлкын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса 
айтты. Балаларды зерттеп білудің негізінде балалардың табиғи 
ерекшеліктерін, талаптары мен талғамдарын, кызығушылықтарын дұрыс 
пайдаланудың соларға дер кезінде арқа сүйей білудің қажеттілігін көрсетті. 
Локк тәрбиедегі қаталдықты_балаларға сүйіспеншілікпен қарау, 
олapғa__жaкындық_ceзiм бiлдipvмeн байланыстыру___принципін ұстанды. 
Бала өзіне жылы, нәзік мерейлілікті, сүйіспеншілікті, сүйкімді катынастарды 
талап етеді, бірақ бұл қатынастар ұстамдылықпен, байсалдылықпен, белгілі 
мөлшермен ұштасуы тиіс. Балада жас кезінде-ақ тәртіптілік қалыптасуы тиіс 
деді. 
Локк ата-аналар мен балалардың арасында мейлінше туыстық шынайы 
достық қатынастардың болуын жақтады. Сіздің балаңыз сізге өз сырын 
іркілмей айтып, сізден ақыл-кеңес алатын болсын деді ол. 
Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен кұралдары: 1) үлгі-өнеге 
көрсету; 2) әдеттендіру; 3) балалармен пікір алысу және олардың 


23 
әустенушілік ынталарын қанағаттандыру; 4) ңамыс және теріс ұғымдарына 
назар аудару. 
Локк бала табиғатының ерекшеліктерін негізге ала отыра, баланың 
айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелерінің мықты 
тәрбиелік ыкпалы болады деп есептеді. 
Баланың айналасын қоршаған ортаның тәрбиелік әсері — кездейсоқ 
процесс емес. Оны да басқарып бағыттаған жөн. Сондықтан балаларға көзге 
түсетіндей үлгі-өнегелер көрсету керек, оларға қандай нәрселерге үйренуді, 
қандай нәрселерден сақтануды үйрету керек. Локктың ойынша, үлгі-
өнегелерге қарағанда тәрбие ісіндегі кұрғак сөз, жалаң үгіт-өсиеттер 
дәрменсіз болады. 
Балаларды жағымды әдеттерге тәрбиелегенде ұрысып зекірмей, еппен 
келу керек. 
Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен 
санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Руссо дамытқан еркіндік тәрбие 
ұғымының, негізін сала бастады. Оның ойынша, балалар бостаншылықтан 
гөрі, өктемдікті сүйеді, бұл көптеген теріс әдеттерге негіз болады, сондықтан 
балалардың үстемдікке, деспотизмге ынтызарлықтарын басып, оларды 
аластап жою кажет деген пікірде болды. 
Окудың мазмұнын да Локк «буржуазия табының перзенті» тұрғысынан 
шешті. Буржуазия табының мүддесін көздегеніне оның мына сөздері дәлел: 
«Окудың мақсаты —білім, ал білімнің мақсаты — тәжірибе немесе 
баскаларға білім беру». Локк практикалық мәні жоқ, құрғақ схоластикалық 
білімдерге карсы болды. 
Бірак Локк бұл мәселеде үнемі буржуазия табы перзентінің ғана 
мүдделерін көздеумен болды, сондықтан оған берілетін білім оның 
практикалық істерін дұрыс құра білуге, айналасын қоршаған өмірден дұрыс 
бағыт алуға, өздігінше ойлауға, кез келген қиын жағдайлардан дұрыс жол 
табу мақсатында болды. 
Оқытудың әдістері жөніндегі мәселелерді қарастырғанда Локк 
ең_бірінші орынға баланың_ ойлауын тәрбиелеуді қойды. Бұл жөнінде 
өзінің «Ақылды тәрбиелеу «туралы» және «Оқу туралы» атты еңбектерінде 
бірнеше нақты кеңестер ұсынды. 
Ол ойлау операциясының саласы — жинақтап топшылау жөніндегі 
мәселені көтере отыра, жинақтап топшылауды деректермен және 
қорытындылаумен байланыстыру жөн деді. 
Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету — Локктың оқыту әдістерінің 
негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға карсы келді, ол 
ойлауды дамытатын әдістемені жақтаушы болды. Құр жаттап оқy есті де, 
ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше 
ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді. 
Сонымен 
Локк 
баланың 
дүрыс 
мінез-кұлқын 
қалыптастыру, 
қабілеттіктерімен өздігінше ойлауын дамыту, оның рухани және дене 
шынықтыру жөніндегі тәрбие жүйесін зерттеді. 1688 жылғы таптық 
ымыраның перзенті болуына байланысты, оның адамгершілік жөніндегі 


24 
түсініктері білім мен тәрбие жөніндегі идеялары сол өз заманының рухына 
жауап бере қалыптасты. 
Бірақ Локктың теориялық пікірлері, әсіресе оның орта ғасыр мектебін 
сынауы педагогикалық ғылымның дамуына әсер етті, европалық елдердің 
алдыңғы қатарлы педагогтары оны қолдады. Оның тәрбие жөніндегі 
пікірлері оқу мен тәрбиені тәжірибе-ге және балалардың өміріне негіздей 
жүргізудің кажеттілігін дәлелдеді. Коменский мен Локктан іріктелген 
педагогикалық мұра буржуазиялық революция кезеңінде зор маңызға ие 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет