1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет12/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
3. Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы 
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы, XVIII 
ғасырдағы революция карсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның 
тамаша өкілдерінің бірі — Жан-Жак Руссо. 
1712 жылы 28 июньде_ Женевада сағатшының отбасында туған. Өзі 
дүниеге келген күні шешесі кайтыс болды да өмірінің бастапқы кезінде ғана 
әке тәрбиесін көреді. Балалық шағы тым ауыр жағдайда өтеді, жүйелі білім 
беретін ешбір оқу орнында оқи алмайды, 16 жасынан бастап ауыр өмір 
салдарынан ел-елді кезушілік жолға түседі, Франция мен Швейцарияны 
бірнеше рет шарлап, әр түрлі мамандықта кәсіп етеді. Бірақ бұл жылдар 
болашақ атақты ойшы және қайраткер үшін зор өмір мектебі болған еді. 
Отыз жасында Руссо Парижға келіп, онда сол кездегі француз 
интеллигенциясының ен алдыңғы қатарлы өкілдерімен (Дидро, Даламбер. 
Вольтер_т. б)
 
танысады. 
1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен искусство прогресі мінездің 
жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта конкурс 
жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек 
жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен 
арам тамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыкқа ешбір көмегін 
тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, 
бірінші сыйлыққа бағаланады. 1754 жылы Руссоның «Адамдар арасындагы 
тенсіздіктің пайда болуы туралы» деген екінші кітабы, 1761_ жылы «Жаңа 
Элоиза» атты романы, ал бір жылдан кейін «Қоғамдық шарт» деген атақты 
шығармалары жарық көреді. 
1762 жылы Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы»_деген_романы 
басылып_шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның 
шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын 
көрсетті. 
Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы 
жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері 
король 
чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды. 
Париж парламенті «Эмильді» өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, 
кітапты үкімет карақшылары қаланың бір алаңында өртейді. Руссоның өзі 
Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап 
Англияда ғана уақытша паналайды, осында «Насихат» деген ең соңғы 
өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана 


25 
денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да 
басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде 
қайтыс болады. 
Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, 
әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. 
Өзі төменгі сословиядан шыққан Руссо карапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, 
басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арам-тамақтардан жаны түршіге 
жиіркенді. 
Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған «Адамдар арасындағы 
теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның 
дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. «Қоғамдық шарт» деген 
шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан 
ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, 
феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы—«Адамдардың табиғи 
жағдайда болуы» дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар 
бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің 
«табиғи праволарын», еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін 
ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен 
байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен 
тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін 
қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол коғамдық шарт негізінде 
адамдар-дың өзі қалаған, халыққа қызмет етеді деп сенген үкіметі, сондықтан 
да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір 
сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үқімет халыққа қызмет ете 
алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді. 
Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольды тайдыру және 
феодалдықты жою жөніндегі жігерлі ұран еді. 
Руссо адамды адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен 
өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық 
құрылысты арман етті. Бірақ оның ойластырған қоғамдық құрылысы 
социалистік құрылыс емес еді, ол ұсак жеке меншіктілердің, жер иелерінің 
және қолөнершілердің қоғамдық құрылысы еді. 
Көзқарастарының осындай тар мағыналылығы мен тапшылылығына 
байланысты Руссо адамдарды табиғатпен жақындасуға, мешеу ауыл 
шаруашылығы мен қолөнерге шақырады. Осылай ол мәдениет пен 
техниканың прогресшілдік сипаттарына түсіне алмады, сөйтіп, оның 
көзқарасының тұйықтығы байқалды.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем 
шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра 
болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін 
жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына 
жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан 
топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты. 
Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо 
жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою 


26 
үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен 
тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық 
проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір 
сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды. 
Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар — басқа адамдар еңбегін 
пайдалануда, нағыз ерікті адам — өз еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан 
шығатын қорытынды — өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге 
тәуелсіз, бостандықты қадірлей де, қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу. 
Демек, Руссоның педагогикалық концепциясының негізіне феодалдық 
әдет-ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды 
өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының 
шеңберінің кеңдігі, терең адам-шылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу 
талабын ұсынуында болды. 
Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе 
феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы койылған, сондықтан 
жаңа тәрбие табиғатқа сәйкес, баланың табиғи дамуын ескеріп, оның жас 
ерекшеліктеріне лайықталып жүргізілуге тиіс. «Табиғат балалардың 
кәмелетке жеткенше бала болуын талап етеді»,— дейді Руссо. 
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары — 
баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын 
зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту 
— тәрбиенің негізіне ай-налуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты 
түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей 
жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жана тәрбиені балаға үстемдік 
етуге, оның еркінің дамуына тек зәбірлік жасауға ты-рысатын феодалдық ескі 
тәрбиеге тікелей қарсы қойды. 
Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо 
баланың өмірін 4 кезеңге бөледі: 
1-кезең— баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі; 
2-кезең — 2-ден 12 жасқа дейінгі; 
3-кезең— 12-ден 15 жасқа дейінгі; 
4-кезең— 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай 
жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және 
негізгі түрде жүргізуді ұсынды. 
Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық 
пікірлерімен тығыз байланысты карастырды. 
Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл 
дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға 
тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. 
Руссо: «Қаршадайынан-ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол 
еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа 
кедергі жасамаңдар»,— деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 
жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру 
қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті — баланың сыртқы сезім 
мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша, бала өзінің керегінше, өз 


27 
бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып, 
нәрселерді өз ара салыстырсын. Бірақ оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы 
оқуға баулудың, жаттатудың, ойлантып, оған талқылатудың керегі жоқ. Бұл 
кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді 
деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны — 
жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо 
педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады. 
Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін-өзі 
билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы 
сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның 
(12—15 жастар аралығында) ақыл-ой және еңбек тәрбиесі басталады. 
Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге 
негізделген шіркеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының 
түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын 
нәрсе — баланың қызығушылығы, талабының болуы. Бала «Бұл не үшін 
қажет?» деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала 
психологиясына 
жетік 
Руссоның 
көрсетуінше, 
баланың 
ынтасы, 
қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге, 
байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы пәндер география, астро-
номия, табиғат тану болуы керек. Мұнан кейін Руссо осы пәндерді оқытудың 
ерекше бір әдістемесін құруды ойластырды, ол әдістеме оқушылардың 
оқиғаларды өздігінше бағдарлап, түсі-не білуіне негізделді. Руссо 
шығармаларында оқушыларды ғылыми
шындықты ашушы, тіптен компасты 
ойлап шығарушы т. 
б. 
осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде 
Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, 
бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің әдістемесіне 
оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның оқу әдістемесіндегі негізгі 
өсиеттері: бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпау, бүкіл 
білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту 
деген мәселенің төңірегінде болды. 
Руссо дидактикасының негізі — баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, 
зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын 
пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың кабылдауына бейімделуі тиіс. 
Руссоның талап етуінде «көрнекі-лік» деген тек әдеттегі: суреттер, 
картиналар, приборлар т. б. ғана емес, ол—табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі 
деректер. Сондықтан романның кейіпкері — Эмильдің сабақтары сыныпта 
емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды 
жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген 
білімдерін өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның 
педагогикасындағы жаңа, сонғы бағыт еді. 
Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларында дене еңбегі — 
адамнан ажыратылмайтын, оның негізгі борышы делінді. Сондықтан, оның 
пікірінше, бостандықтағы адам қол өнершілік және ауыл шаруашылық 
еңбегінің салаларын, әр түрлі еңбек мамандықтарын меңгере білуі тиіс, сонда 
ғана ол өзіне тамақ та табады, өзінің бостандығын да корғай алады. Осыған 


28 
байланысты Эмиль әр түрлі қолөнеріне үйретіледі, өздігінше тұрмыс құруға 
үйренеді, еңбек адамын сыйлауға, енбекті, енбекке негізделген демалысты 
бағалауға дағдыланады. Руссоның суреттеуінше және педагогикалық 
жағынан корытуынша Эмиль енбек үстінде шыныққан, енді оған азғындаған 
феодалдық цивилизацияның ықпалы кауіпсіз. 
Жас өспірімнің жетілуінің төртінші дәуірінде (15 жастан бастап) 
адамгершілік тәрбиесі басталады. Руссоның сенуінше «үшінші сословияның» 
алдыңғы қатарлылары жалпы адамгершілік идеалды (мақсатты) ұстаушылар. 
Сондықтан Эмильді, демек, жаңа қоғам жастарын ел-жұртты сүюге үйрету, 
оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болады. Руссо осыған 
байланысты адамгершілік тәрбиесінің үш міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс 
ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынады. 
Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары және мазмұндары арқылы 
Руссоның қиялындағы жаңа адамның идеалды образы кұрылды. Оның 
сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын 
қолөнерші — ойшыл адам. 
Шығарманы Руссо Эмильдің болашақ зайыбы — өмір серігін тәрбиелеу, 
әйел тәрбиесі мәселелерімен аяқтады. Бірақ Руссо қарастырған әйел тәрбиесі 
ерлер тәрбиесіне мүлдем қарама-қарсы койылды. Әйелдердің «табиғи 
жағдайы» тәуелді болу, сондықтан оларға ерекше білім беру қажетсіз деген 
теріс қорытындыға келеді ол. 
Руссо бірқатар педагогикалық мәселслерде қателік пен кайшылыққа 
ұшырай тұрса да, оның педагогикалық теориясы өз дәуірінде жалпы бағыты 
ілгеріге ұмтылған прогрессивтік роль атқарды. 
Себебі оның педагогикасының бүкіл жаңашыл мазмұны феодалдық 
педагогикаға тікелей қарсы еді. Руссо өзіне тән жігерлілікпен аристократияға 
және шіркеуге, схоластикалық қараңғылыққа, арам тамақтықка қарсы батыл 
күресті. 
Руссо өз шығармаларымен адам баласының ең қымбат болашағы —
балаға деген тым ыстық сүйіспеншілігін көрсетті; ол жаңа адам жолында 
алдыңғы қатарлы күресші болды; оның түсінігіндегі жаңа адам — 
Францияны феодалдық езгіден босататын табанды, қажырлы күресші. 
Педагогикалық теорияны Руссо оқудың қызыкты да белсенді әдістерін 
іздестіру, еңбек тәрбиесін, оқу мен тәрбиені табиғатпен ұштастыру 
мәселелерін қоюмен байланыстырды. 
Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларын сол дәуірдегі орыстың 
алдыңғы қатарлы адамдары жоғары бағалады. «Эмильдің» санаулы алғашқы 
даналары Петербургке 1763_жылы ақпанда алынды, бірақ осы жылдың 
қарашасында бұл кітаптың таралуына тыйым салынды, соған қарамастан, 
кітап құпия түрде таратыла берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет