1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Мектептің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет57/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Мектептің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары.
1919 жылы оқу- ағарту жұмысы жөніндегі Мемлекетік комиссияның
жанынан барлық оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жұмысын қайта 
құру үшін Мемлекеттік ғылыми совет құрылды. 1921 жылы осы советтің 
ғылыми- педагогикалық секциясы ұйымдастырылды. Бұл секция педагогика 
ғылымы мен халық ағарту ісінің негізгі мәселелерін шешуге, сонын ішінде 
мектептің оқу бағдарламаларын жасауға міндетті еді. Бұл секция даярлаған 
бағдарлама 1923-24 оқу жылында жариаланды. Бағдарламаны жасаушылар 
оқушыларды еліміздің қоғамдық- саяси өміріне белсенді түрде араластыру 
қажет деп есептеді, оқушыларда коммунистік көзқарас, сенімге тәрбиелеу, 
мектептік өмірге жақындату, оқушыларды совет халқының жаңа қоғам құру 
күресіне қатыстыру міндеттерін қойды. Бағдарлама жасаушылар мектептегі 
білім беруді жеке пәндер арқылы жүргізуден бас тартты. Барлық материал 
табиғат, еңбек және адам қоғамы туралы білімдер болып топтастырылды. 
Сондықтан бұл бағдарлама “Кешенді” бағдарлама деп аталды. Бастауыш 
мектепте берілетін білім “Табиғат”, “еңбек” және “қоғам” деп аталатын үш 
тақырыпқа топтастырылды.
Бірінші класта оқушылардың үйдегі және мектептегі өмірі, екінші класта 
селоның өмірі жөнінде мәліметтер берілетін болды. Әрі қарай аудан, облас, 
республиканың өмірімен таныстырылатын болды. Сонымен қатар жыл 
мезгіліне қарай “Селодағы күзгі жұмыстар”, “Бірінші май- жер жүзі 
еңбекшілерінің мейрамы”, “Ұлы Октябрь социалистік революциясы” сияқты 
жеке комплекстік тақырыптарды оқытылу көзделді.
Мектептің екінші басқышында да білім осы негізгі үш тақырыптың 
айналасына топтастырылды, бірақ мұнда көбірек мәліметтер берілетін болды. 
1.
Табиғат, оның байлығы мен күші, оларды адамның пайдалануы. 
2.
Адамдардың еңбек әрекеті. 
3.
Қоғамдық өмір. 
Совет мұғалімдері маркстік- лениндік теория мен мектеп жөніндегі 
Коммунистік партия нұсқауларына сүйене отырып, табиғат және адам 
қоғамы құбылыстарын оқушыларға материалистік тұрғыдан түсіндірді. 
Балаларға берілетін білімнің көлемі кеңейтілді, балалардың мектепте алған 
білімдерін тәжірибеде қолдануларына көңіл бөліндң. Оқу жұмысында 
балаларыдың белсенділігін және өзінше жұмыс істей алуын артыратын оқыту 


103 
әдістері жүзеге асты, оқушыларды Отанын, өз өлкесін еңбекті және 
еңбекшілерді сүйе білетіндей етіп баулуға баса назар аударылды. 
Мектептерде экскурсия, бақылау, егіс даласында, бақта тәжірибелік 
жұмыстар жүргізу сияқты әдістер қолданылды. Мұғалімнің негізгі жұмысы- 
материалды жүйелі түрде түсіндіру және сол материалды пысықтау жойыла 
бастады. Мұғалімнің консультациясымен барлық маериалды оқушылар 
өздері меңгеруге тиіс болды. Оқушылардың кластағы коллективтік жұмысы 
олардың жеке жұмысына немесе бір топ оқушының ғана жұмысына айналды. 
Совет мектебінде бұл әдістің қолданылуы оқу жұмысының сапасын 
төмендетті, мұғалімдердің басшылық ролі төмендеді және жеке 
оқушылардың білімін анықтауды қиындатты.
РСФСР Халық ағарту комиссариаты 1927-28 оқу жылында мектептің 
екінші басқышына арналған міндетті оқу жоспарын бекітті. Бұл жоспар 
бойынша оқушыларға кең, жан- жақты ғылыми білім, моральдық, 
эстетикалық және еңбек тәрбиесі берілуі жоспарланды. 
Оқу жоспарының барлық мектепке міндеті болуына сәйкес, оқу 
жылының ортақ мерзімі белгіленді. 
Совет мектебінде бұл дәуірде оқушыларға коммунистік тәрбие беру 
мәселесіне, сабақта, сабақтан тыс уақытта олардың саяси санасына өсіруге 
көп көңіл бөлінді. Мектептерде әр класта староста, старосталар советі, 
оқушылар комитеттері құрылды. 
1922 жылы комсомолдың V съезінде “Пионер ұйымының жұмысы 
туралы ереже” қабылданды. Пионер отрядтары өндіріс орындары жанында 
тез өсе бастады. Олардың бірі мектепте оқитындары бір ұйымға бірікті. 1925 
жылдың аяғында пионер ұйымы бір жарым млн- дай баланы қамтыды. 
Коммунистік партия балалар арасында пионер ұйымы жұмысының 
дамуына үлкен мән берді. Партияның ХШ съезі қауырт өсіп отырған пионер 
ұйымын жаңа және өте жемісті ұйым деп бағалады. 1925 жылы 24 июльде 
партияның Орталық Комитеті “пионер қозғалысы туралы” қаулы алды. Ол 
қаулы пионер ұйымының жұмысына программа болды. Қаулыда пионер 
ұйымының жұмысын ұйымдастыруда балалардың жас ерекшелігі ескерілуі 
талап етілді. Пионер ұйымы жұмысының формасы мен әдістерінің осы 
талапқа сай болуы ескерілді. 
1928 жылғы 25 июньдегі партияның Орталық Комитеті “Пионер ұйымы 
жұмысының жайы және таяу арадағы міндеттері туралы” деген қаулысында 
пионерлерде халықаралық бірлік сезімі тәрбиеленуі қажет деп саналды, 
балалар арасында ұлт ала ауыздығы болмауы талап етілді. Пионерлер мектеп 
өміріне, әсіресе оқушылардың сабақ үлгерімін арттыруға белсенді түрде 
араласу қажет деп түсіндірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет