Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Тілдік (картаның тілдік) тұғырнама



Pdf көрінісі
бет11/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Тілдік (картаның тілдік) тұғырнама
картографияны 
картаның тілі туралы ғылым, ол картаны шартты белгілердің 
көмегімен құрылған ерекше мəтін ретінде қарастырады. Бұл 
жағдайда картография лингвистика мен семиотиканың (тіл ту-
2–1171


18
ралы ғылым) саласы, ал зерттейтін пəні картографиялық шартты 
белгілер жүйесі болар еді. Бұл көзқарастар жүйесі ХХ ғасырдың 
70-80 жылдары А. Ф. Асланикашвилидің, А. А. Лютыйдың, Я. 
Правданың еңбектерінің нəтижесінде дамыды. 
Картографияның өзге де ерекшеліктеріне баса назар ау-
даратын жəне əр түрлі көзқарастармен үйлесетін басқа да 
теориялық ойлар да бар. Олардың қатарына картографияның 
үлгілік жəне коммуникативтік қызметі туралы түсініктер, 
басқа да бірқатар тұғырнамалар өзара үйлестірілген бейнелеу 
теориясының логикалық-философиялық қағидаларына негізделіп 
картографияның жалпы теориясы құрылатын 
метакартография
(А. Ф. Асланикашвили бойынша) жəне 
картология 
(Л. Ратай-
ский бойынша) жатады.
Жоғарыда аталған тұғырнамалардың əрқайысының шынайы 
негіздемелері, тиімді түйіндері бар. Олар картографияны бірі 
дүниені тану туралы ғылым, екіншісі коммуникация құралы
үшіншісі білім берудің ерекше тілі ретінде қарастырады. 
Бұл картографияның сан қырлы екенін, қасиеті мен атқаратын 
қызметі алуан түрлі болатын карта шындықтың үлгісі, кеңістіктік 
ақпаратты берудің арнасы болумен қатар география мен Жер тура-
лы ғылымның басқа түрлерінің ерекше тілі бар екенін айғақтайды. 
Қазіргі кезеңде картографияда біртіндеп конвергенция үдерісі 
басым бола бастауы байқалып, картографияның пəніне қатысты əр 
түрлі көзқарастар жақындасып, картография мен картаның үлгі лік, 
коммуникативтік, тілдік қызметтері туралы ұғымдар құ рам дасуда. 
ХХ ғасырдың 80 жылдарында картографияны ақпараттық-
картографиялық жүйелі үлгілеу жəне геожүйені тану тура-
лы ғылым ретінде қарастыратын жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет