17
1.2. Картографияның құрылымы мен теориялық
тұғырнамалары
Теориялық тұғырнама – (
бұл картография пəні мен оның
əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі.
Онда қазіргі
кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқын-
дайтын үрдістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастыры ла ды.
Тұғырнама
ғылымның бұрынғы тəжірибелерін жинақтап
болашақтағы даму үдерісін бағалайды. Бірақ онда əрқашан
ғылымды түсінудің бүгінгі жағдайы
мен болашағын ашып көр-
сетіп, қазіргі көзқарастары мен өзекті мəселелері талқыланады.
Тұғыр наманың эволюциясын жаңа прогрессивті заманауи əдістер
мен технологияны, озық тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру
дəре жесіне сəйкес ескінің жаңаға орын
беруі арқылы көрініс та-
ба тын ғылым теориясының біртіндеп даму жолы айқындайды. Қа-
зір гі кезеңде картографияда бірнеше теориялық тұғырнама бар.
Танымдық немесе үлгілік-танымдық тұғырнама
карто-
графияны шындықты картографиялық үлгілеу құралы арқылы
тану
туралы ғылым деп қарастырып, картаны шындықтың үлгісі
ретін де алады. Бұл анықтама картографияны жаратылыстану
жəне əлеуметтік-экономикалық ғылымдарға жəне таным теория-
сына жақын танымдық ғылым ретінде көрсетеді. Картографияға
қатыс ты бұл тұғырнаманы Н. Н.
Баранский, К. А. Салищев, А. Д.
Геды мин, А. Г. Исаченко мен олардың ізбасарлары 1940 жылдары
негіздеді.
Коммуникативтік тұғырнама
картографияны
кеңістіктік
ақпаратты беру туралы ғылым, ол картаны ақпараттың арнасы
жəне коммуникация құралы ретінде қарастырады.
Бұл жағдайда
картография ақпарат теориясымен, автоматикамен,
қабылдау тео-
риясымен тығыз байланысты ақпараттанудың бір саласы болып
табылады. Бұл тұғырнаманың негізін ХХ ғасырдың 70-80 жылда-
ры батыс картографтары Е. Арнберг, А. Колачный, А.
Робинсон
тағы да басқа ғалымдар қалады.
Достарыңызбен бөлісу: