21
сы нан алғанда оқытады. Бұл пəннің міндеті картаға түсірілген
атаулар мен терминдерді бір жүйеге келтіріп, стандарттау болып
табылады.
Картографиялық пəндер жүйесі өзгермейтін бірқалыпты
емес, ол тұрақты түрде үздіксіз дамиды. Ғылым мен техниканың
өркендеуіне сəйкес картографияның жаңа саласы пайда бола-
ды. Бір саласы қарқынды дамыса, екіншісі тежеліп тоқырауға
ұшырауы мүмкін. Мысалы, электронды есептеу техникаларының
енгізілуіне байланысты картографиялық проекциялар техниканың
көмегімен құрылып, математикалық-картографиялық үлгілеу
теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан алғанда қарқынды дами бас-
тады. Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS ) қалыптасуына бай-
ланысты ғарыштық геодезия мен радиофизиканың аралығындағы
мүдделер тоғысатын математикалық картографияның жаңа
жерсеріктік позициялау
бағыты пайда болды. Қорыта айтқанда,
картография тірі ағаш сияқты тамырын тереңге тартып қарқынды
дамып келе жатқан ғылым салаларының бірі болып табылады.
Картографияның жүйесіне тақырыбы жағынан бір-бірінен
айырмашылықтары бар жалпы географиялық, геологиялық,
топырақтық, экологиялық сияқты жаңа салалары дамуда.
Картаға түсіруді төменде көрсетілген əр түрлі негіздемелеріне
қарай:
- нысанына қарай - астрономиялық, жоспарлы жəне жер
бетіндегі, жерішілік – құрылықты жəне мұхитты картаға түсіру;
- əдісіне қарай жерүсті, аэроғарыштық жəне суасты;
- масштабына қарай - ірі, орта жəне ұсақ масштабты;
- жинақтау деңгейіне қарай-талдамалы, кешенді жəне синтети-
ка лық;
- автоматтандыру дəрежесіне қарай - қолмен, автомат тан ды-
рыл ған (интербелсенді), автоматты;
- жеделдігіне қарай базалық жəне жедел деп ажыратуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: