22
жəне сандық сипатын, динамикасын
көру арқылы есте сақтауға
мүмкіндік беретін шартты түрдегі кескіні болып табылады.
Картаның тілі
– картографияда шартты белгілерді, кескіндеу
əдістерін, оларды жасау ережелерін қамтитын белгілер жүйесін
картаны құру мен оларды оқу барысында пайдалану.
Картаның тілі адамзат ойлап тапқан мəдениет пен өркениет-
тің баға жетпес құнды элементтерінің бірі болып табылады.
Мəдениет пен өнердің туындысы ретінде
оның өркендеуі ғылыми-
техникалық прогрестің даму деңгейімен тығыз байланы
сты.
Барлық уақытта картаның тілі кеңістіктік-уақыттық ақпаратты
сақтау мен оларды беруді қамтамасыз етумен қатар Жер туралы
ғылымдар мен оған жақын білім салаларының
жалпы тілі қызме-
тін атқарды.
Картографияны автоматтандыру мен компьютерлендіруге
байланысты картаның тіліне аударылатын назар арта түсті.
Картосемиотикалық тұрғыдан алғанда карта тілінің санаттары
мен құрамдас бөліктері,
оның грамматикасы мен құрылымы,
қызмет атқару тетіктері, шартты белгілерді пайдалану ережелері
зерттеледі. Іс жүзінде қолданылатын электронды карталардың
сапасын арттыруға бағытталған
бұл зерттеулер жалпы семио-
тикамен, машиналық кескіндемемен, көркем дизайнмен жəне
қабылдау психологиясымен тығыз байланысты.
Зерттеулер картаның тілінде ең аз дегенде екі қабат бар екенін
көр сет ті.
Олардың біріншісі-картографиялық нысандардың орнала-
суын,
олардың кеңістіктік формаларын, бағдарын, өзара ор-
наласуын, ал екіншісі-картада кескінделген құбылыстар мен
үрдістердің мазмұндық мəнін,
олардың ішкі құрылымын, сандық
жəне сапалық сипатын көрсетеді. Екі тіл тармағының да грамма-
тикасын картографиялық семиотикардың ережелері айқындайды.
Бұл картаның тілін жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан
картографияның нысандық тілі.
Достарыңызбен бөлісу: