Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Саралау-дайындау жұмыстары төменде көрсетілген



Pdf көрінісі
бет129/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Саралау-дайындау жұмыстары төменде көрсетілген 
кезеңдерді қамтиды

– картаның тақырыбы бойынша картаграфиялық жəне тағы 
басқа ақпараттық материалдарды табу, жинау, жүйелеу, талдау;
– картаға түсірілетін аумақ пен құбылыстарды оқып-үйрену;
– картаның саралау-техникалық нұсқауларын жасау, геогра-
фиялнегізіне тапсырмалар дайындау жəне тақырыптық мазмұнын 
енгізу;
– өлшемдері, қабаттары, бейнелеу мақамдары көрсетілген 
шартты белгілер жүйесін жасауға тапсырмалар дайындау;
– жұмыстардың орындалу ретін айқындайтын жалпы 
техникалық ережелерді дайындау;
– картаны құрастыру, географиялық негізінің салмағының 
жəне тақырыптық мазмұнының макеттерін жасау.
Бастапқы картографиялық бейнелерді ЭЕМ-на енгізу ска-
нерлеу немесе дигитайзердің көмегімен кодтау жолдарымен 
жүзеге асырылады. Бастапқы картографиялық материалдарға 
картаға түсірілетін аумақтың бұрыштамалары қойылып, енгізу 
қондырғысының жұмыс бетіне қатысты алғанда бағдарлайтын 
бағыт анықталады. 


213
Сканерлеу үрдісінде бастапқы картографиялық материалдың 
бейнесін аналогтықтан расторлы формаға өткізу жүзеге асыры-
лады. Бастапқы картографиялық материалдың растрлы бейнелері 
карта мазмұнының элементтерін векторлау кезінде сұлба (абрис) 
ретінде қолданады. Бастапқы картографиялық материалдың рас-
трлы бейнесі растрлық редакторда алдын -ала аздап өңдеуден 
өткізіледі де, векторлық кестеа бағдарламасында импортталады. 
Картаның мазмұнын элементтерін қабаттары бойынша 
векторлау – 
дигитайзердің көмегімен ЭЕМ-да кодтаумен қатар 
бейнелерді енгізу арқылы картаны құруды жүзеге асыру. Бастапқы 
картографиялық материалдардың растрлы бейнелерін сканерлеу 
арқылы енгізгенде сұлба ретінде төменгі қабаты орналастыры-
лып, бағдарламаның тетіктік құралдарының көмегімен қабаттары 
бойынша векторланады. Мазмұнының элементтерін векторлау ба-
рысында басшылыққа алатын негізгі құжат саралау нұсқаулары 
жəне саралау макеті (мазмұнының элементтерін іріктеу жəне 
тақырыптық мазмұнының макеттері) болып табылады. 
Карта мазмұнының əрбір элементтерін орналастыру үшін 
сандық жəне сапалық сипаттамаларына, маңызына сəйкес ны-
сандар бірнеше қабаттарға іріктеліп алынуы мүмкін. Əртүрлі 
масштабты немесе тақырыптық карталарды құру барысында 
мазмұнының элементтерін автоматты түрде жинақтау үшін негіз 
құрылады.
Құжатты (картаны) ұйымдастыру, құру, жою, қосу, өшіру, 
қабаттарды басуға жіберу жəне жауып тастау қызметін атқаратын 
басқару элементтері бар диспетчердің көмегімен нысандарды 
əртүрлі қабаттар бойынша тарату жүзеге асырылады. 
Мағыналық маңызы, рəсімделуінің жағынан карта мазмұны-
ның өлшемдері бір текті элементтері бір қабатта орналасады. 
Əр қабатқа ат беріледі. Мазмұнының элементтерінің орналасу 
деңгейін, тік бағытта орналасуы мен жазылу тəртібін анықтай-
тындықтан диспетчердің тізімінде қабаттардың орналасу ретін
мұқият ойластыру қажет. Қателіктер картаның басқа құрамдас 
бөліктерімен жабу нəтижесінде жекелеген элементтері ішінара 
немесе толық жойылып кетуі мүмкін. Қабаттардың тізімін қалып-
тастыру барысында мынадай көрсетілген бірізділікті сақтау 
қажет:


214
– масштабтан тыс шартты белгілерінің қабаты; жазулар 
қабаты; штрихты элементтердің қабаты түстік элементтердің 
қабаты.
Карта мазмұнының элементтерін құру үдерісі жоғарыда 
аталған ретпен жəне бір мезетте жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші 
жағдайда сұлбалық суретке қатысты алғанда қабатқа сəйкес 
нысандар (кескіндік жəне штрихтық элементтердің біліктік 
сызықтары) бір-бірінен өзара жақсы ажыратылатын шарт-
ты түстермен кескінделеді. Бұл көру арқылы векторлаудың 
(салудың) дəлдігін ойша бақылауға, сонымен қатар, қалып қалған 
немесе кетуі ықтимал қателерді табуға мүмкіндік береді. Содан 
кейін мақам түрінде бекітілген рəсімдеу өлшемдері, анықталып, 
барлық нысандарға нақтылы қабат беріледі. Мазмұнының барлық 
немесе жеке элементтерін рəсімдеу басқа бағдарламалық өнімде 
вектоланғаннан кейін жүргізіледі. 
Қорыта айтқанда, нысандарды жасау үрдісінде кар-
та мазмұнының элементтерін құру жəне рəсімдеу автоматты 
түрде жүзеге асырылады. Картаның географиялық негіздерінің 
элементтерін рəсімдеу аяқталған соң принтерлік сынамасын ба-
стырады, кемшіліктерін жойып, ескертулерге сəйкес түзетулер 
енгізіледі. Принтерлік сынаманың түпнұсқасы немесе оның 
көшірмесі картаның тақырыптық мазмұнының макетіне негіз 
болады. Тақырыптық мазмұнының элементтері құрылады жəне 
жасалған шартты белгілері оларға бөлінген қабатта орналасты-
рылып рəсімделеді. Мəтіндік жəне иллюстрациялық қосымшалар 
болған жағдайда картаның бетін беттеу жəне түпнұсқа - макетті 
дайындау жүзеге асырылады.
Дайын файлды фототеру қондырғысына енгізер алдындағы 
соңғы кезең 
RGB жүйесінен (Ren-Green-жасыл, Blue-көк,) төрт құрамдас 
бояу CMYK (Cyan- көгілдір, Magenta-қоңыр, Yellty-сары, 
BlaR 
не-
месе
 Key-Cor- 
қара) бөліп алып бейнені орналастыруды көздейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет