Столүсті баспа жүйесі базасындағы компьютерлік тех-
нологиялар (САЖ).
Бұл технологиялар картографиялық өнімді
жаппай дəстүрлі басып шығару нұсқасында (қағаздағы негізде)
біршама кең таралды.
Электронды баспа жүйелері файлды басып шығаруға дейінгі
дайындаудан, ЭЕМ ақпараттарды енгізуден бастап, түрлі-түсті
позитивтерді шығаруға дейінгі барлық жұмыстарды қамтитын
209
қуатты технологиялық кешен болып табылады. Мұндай кешеннің
ядросы енгізу-шығару қондырғыларын, бейнені өңдеу, макет-
теу, беттеу, түс бөлу бағдарламаларын басқаруды қамтамасыз
ететін торға біріктіретін жұмыс бекеті болып табылады. Столүсті
ақпараттық жүйелерінің (САЖ) құрамдас бөліктеріне түстер
бөлінген позитивті енгізу, өңдеу жəне ақпараттарды шығару
жүйелері жатады. Пайдаланатын құрал-жабдықтарға жеке ком-
пьютерлер, шағын форматты сканерлер, А-4, А-3 форматты ақ-
қара жəне түрлі-түсті лазерлі жəне тамшылататын принтерлер
жатады.
Сканерлер ЭЕМ-на кесте бейнелерді енгізу үшін қажет. Қазіргі
кезеңде сканерлердің планшеттік, барабанды, слайд-сканерлер
сияқты бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде жоғары сапалы
приборлардың қатарына негізінен алынатын бейнелері түпнұсқаға
біршама жақын болатын шешілуі 2000 dpi болатын барабанды,
сонымен қатар, шешілуі біршама жоғары əрі арзан планшетті
сканерлер жатады. Сканер картаның түпнұсқасына жарық береді,
ал оның белгілі бір жиіліктегі датчиктері түпнұсқаға шағылысқан
жарықтың қарқынын өлшейді. Сканердің шешу қабілеті өлшеу
жиілігіне тура тепе тең. Сканерлеу үрдісінде қондырғы одан ары
өңдеу үшін компьютердің жадына берілетін екі кодтағы жарық
қарқынының шамасын түрлендіру қызметін атқарады.
Егер түпнұсқа жылтыр болмаса немесе жылтыр болып ол
арқылы жарық сəулесі өтетін болса, сканерленетін жазықтық
бетінен шағылысады. Түрлі-түсті бейнені сканерлегенде жарық
сəулесінің жолына кезекпен түрл-түсті сүзгіштер қойылады
да, жарық одан өткен соң жарық сезгіш приборларға беріледі.
Бұл приборда болатын матрицаның ұяшықты құрылымы оның
əрбіріне түскен жарықтың ашықтығын анықтайды. Өлшеу
өлшембірлігіне өтетін фотоэлементтердің ұяшықтар саны
скандердің өткізу қабілетін анықтайды.
Бейнені өңдеу əртүрлі бағдарламалық құралдардың көмегімен
жеке компьютерде жүзеге асырылады. Растрлы бейнелерді өңдеу
үшін растрлы кестеаның Adobe PhotoShop, Corel PHOTO-PAINT
тағы басқа бағдарламаларын қолданады. Олар түстік жəне өңдік
түзетулер енгізуге, бір түс жүйесін екіншісімен алмастыруға, ар-
найы нəтижелерді қолдануға, монтаждауды, түпнұсқаның растрлі
14–1171
210
бейнесіндегі меншікті жəне скандерлеу үрдісінде пайда болған
ақауларды тазартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Векторлы кестеамен жұмыс істеу үшін IIIuctrator, Macromedia
Free Han жəне CorelDRAW бағдарламалары қолданылады.
Векторлық редакторлар күрделі шартты белгілерді пайдала-
на отырып картаны рəсімдеуге, оның құрылымын қабатты
ұйымдастыруға, кесте пен мəтінге көптеген нəтижелерді
қолдануға мүмкіндік береді. Кестетік пакет басылымды беттеуге
қажетті көптеген мүмкіндіктердің болуымен ерекшеленеді.
Беттеу бағдарламалары кестетік жəне мəтіндік элементтерді
басылымның жалпы макетінде құрамдастыру əрекеттерін орын-
дайды. Біршама кең таралған танымал бағдарламаларға Adobe
PagMaker жəне QuarkXPress жатады. Мұндай бағдарламаларда
көбінесе растрлы кестетің редакторлары болмағанымен,
векторлық кестетің кестетік құралдарында векторлық кестетік
редакторладың мүмкіндіктерінің шағын бөліктері ғана бар.
Мəтіндік процессорда қарапайымдалған түрде ұсынылған.
Беттеу бағдарламасының негізіне басылатын форматтың
жолағы мен макетке енгізілген барлық элементтерінің өлшемдерін
дəл беру қабілетінің болуы жатады. Мəтін мен кестеа жолақта ар-
найы терезеде орналасады жəне олардың өлшемдері өзгеріп оты-
рады. Мəтіндік ақпарат тікелей өзінің мəтіндік терезесіндегі бет-
теу файлында сақталады. Кестетік терезеде тек кестетің бейнесі
мен аталған терезеде қандай беттеу файлы типі көрсетілгенін жəне
ол қатты дискіде қайда сақталғанын көрсетеді. Бұл, біріншіден,
файлды енгізу барысында уақытты үнемдейді, екіншіден, басты-
ру үдерісінде файлды өңдеу барысында ресурстарды үнемдейді.
Ірі форматты карталарды басып шығаруда 1189-842 мм өлшемді
А0 дейінгі форматты бастыра алу мүмкіндігі бар QuarkXPress
бағдарламасын қолданадылады.
Бастыру
(өңделген бейнелерді енгізу) барысында бейне-
лер расторлы форматта қайта түрлердіріліп, принтерде, пло-
торларда немесе фототеру аппаратарында жүргізіледі. Басты-
ру барысында компьютер бейнедегі бір немесе бірнеше пик-
сель болатын түстердің ашықтығы туралы ақпаратарды санап,
сол пиксельге немесе пиксельдерге сəйкес келетін растрлы
нүктелердің өлшемдерін есептейді. Содан кейін бұл ақпарат бас-
211
тыру қондырғысына енгізіледі де көптеген расторлы нүктелердің
ішінен бейнелер құрылады. Шығару қондырғысының рұқсат
етуі – ұзындық бірлігіне шаққандағы баса алатын нүктелер
саны. Лазерлі принтерлердің рұқсат ету шегі 600-1200 dpi, ал
тамшылататындарынікі 150-1440 dpi, фототеру аппаратыныкі
2500 dpi оданда жоғары болады.
Деректерді өңдеу тəсілдеріне қарай столүсті ақпараттық
жүйелерінде карталарды құру расторлы жəне векторлық əдістерге
бөлінеді.
Растрлы əдісте
карта мазмұнының элементтерін векторлық
түрде құру болмайды. Ол тек бастапқы түпнұсқаның сапасын
жақсарту мақсатында меншікті жəне сканерлеу барысында кететін
ақауларды жойып, растрлы кестелік ақпараттарды сканерлеуді
жəне өңдеуді ұсынады.
Растрлы əдіс қайта бастыру кезінде (мысалы, ескі карталар-
ды факсимильді қайта басу), сонымен қатар, түрлі-түсті политрді
немесе сканерленген дайын түпнұсқаға шағын өзгерістер енгізу
үшін қолданылады. Тек растрлы редакторларды пайдалану
картографиялық жұмыстардың бір бөлігі классикалық технология
бойынша орындалып, растрлы редакторда соңғы өңдеу жұмыс-
тары жүргізілетін үйлестірілген технологияда тиімді болады.
Векторлы əдіс
бастапқы картографиялық материалды
дигинайзердің көмегімен ЭЕМ-на енгізіп, оны одан əрі векторлық
редакторда өңдеуді ұсынады. Дигинайзердің көмегімен код-
тау бастапқы картографиялық материалдар мазмұнының
элементтерін сенсордың көмегімен кодтайтын столдың бетіне
бекітілген приборға енгізу арқылы жүзеге асырылады. Компью-
терге векторланған бейнелер түседі. Кодтаудың артықшылығы
қалыптасатын бейне векторлық формаға көшетіндіктен,
ақпаратты өңдеу жəне сақтау үшін ЭЕМ жадының ресурсы аз
жұмсалуында. Сонымен қатар, карталарды құру үдерісі енгізу
кезеңінде басталады. Векторлық картографиялық бейнелерді са-
ралау мен рəсімдеу ЭЕМ өңдеу кезінде жүргізіледі. Бірақ кодтау
үдерісі дəлдігін бақылау құралдары арқылы растрлы бейнелердің
дəлдігін векторлауға қарағанда баяу жүреді.
Столүсті ақпараттық жүйелерінің көмегімен картаны құрудың
негізгі əдісі растрлық жəне векторлық кестетік бағдарламалық
212
пакетін құрамдастырып қатар пайдалану болып табылады. Атал ған
əдістегі технологиялық тізбек төменде көрсетілген ретпен жү ре ді:
– бастапқы картографиялық материалдардағы растрлы
бейнелерді растрлы кестетік редакторда сканерлеу;
– растрлы бейнелерді векторлық редакторда импорттау жəне
оларды векторлау;
– карталарды рəсімдеу, саралау жəне беттеу;
– Басып шығаруға дайындау (түстерді бөлу жəне пленкаларды
а л у).
Столүсті ақпараттық жүйелерінің базасында компьютерлік
технологияларды пайдалана отырып, карталарды құру саралау-
дайындау жұмыстарын, бастапқы картографиялық материалдар-
ды ЭЕМ-на енгізу, одан ары векторлау (құру) жəне географиялық
негізінің элементтерін рəсімдеу, тақырыптық мазмұнының
элементтерін құру жəне рəсімдеу, басып шығаруға дайындау
(түстерді бөлу жəне пленкаларды алу) картаны басып шығару
жəне тираждау кезеңдерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |