Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картографиялық жинақтаудың түрлері



Pdf көрінісі
бет77/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картографиялық жинақтаудың түрлері. 
Кез-келген 
географиялық карталарда шектелген қағаз бетінде жер шарының 
ірі аумағын дағы географиялық нысандардың барлығын кескіндеу 
мүм кін емес. Картада көрсету үшін олардың негізгілері іріктеліп 
жинақ талып алынады. 
Карталардың масштабына сай жер бетінің қамтылатын аума-
ғындағы географиялық нысандардың негізгілерін таңдап, іріктеп 
алу ды 
картографиялық жинақтау 
дейміз. 
Ұсақ масштабты карталарда жер бетінің аумағы өте кішірей-
тіліп, жинақталады. Мысалы, 1:2 500 000 масштабты картаның 
1 см
2
аумағында жер бетінің 6,25 шақырым
2
ауданы қамтылады.
Географиялық картада кескінделетін құбылыстарды іріктеу 
картаның мазмұны мен қызметіне сай ең қажетті нысандарды 
таңдау арқылы жүргізіледі. 
Картада қамтылатын əртүрлі дəрежедегі географиялық ны-
сандар мен құбылыстарды сандық жəне сапалық тұрғыдан 


127
іріктеп алудың шегін 
ценза 
дейміз. Қамтылатын нысандар мен 
құбылыстардың шегі картаның масштабына байланысты.
Мысалы: Жер бетінің 1шақырым
2
аумағы 1:10 000 масштабты 
картада 1 дм
2
сиса,1:100 000 масштабтыда 1 см
2
, 1:1 000 000 мас-
штабты карталарда 1мм
2
сияды. Осыған орай картаның масшта-
бы кішірейіп қамтылатын аумағы артқан сайын айқындылығы 
кемиді. Мысалы, 1:25 000 ірі масштабты картада өзеннің ені, 
орташа тереңдігі мен жылдамдығы түсіндірмелі шартты белгімен 
көрсетілсе, 1:200 000, 1:1 000 000 масштабты карталарда тек көк 
сызық түрінде кескінделеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар 
картографиялық жинақтаудың дəрежесі картаның масштабына, 
атқаратын қызметіне тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Қамтылған аумақтың сипатын толық ашып көрсететін 
анықтама карталарда масштабтың мүмкіндігі толық пайдала-
нылады. Басқа мақсатта қолданылатын жалпы шолу картала-
рында картографиялық жинақтаудың дəрежесі жоғары болады. 
Мектептің оқу карталарының мазмұнына, атқаратын қызметіне 
сай артық нысандар алынып тасталады. Ол оқушылардың есте 
сақтауын арттырады. Картографиялық жинақтауға белгілі бір 
аумақтың ерекшелігін ашып көрсету қажеттілігі де əсер етеді. Ол 
қажетті нысандарды іріктеп жинақтауы немесе əлсіретуі мүмкін.
Картографиялық жинақтау географиялық картаның жағымды 
ерекшеліктерін айқындайтын артықшылықтарының бірі болып 
табылады. Масштабы мен қызметіне қарай жалпы географиялық 
заңдылықтарды ескере отырып, кескінделетін аумақтағы ны-
сандар мен құбылыстарды іріктеп алу арқылы автор картаның 
мазмұнын ашу мүмкіндігіне ие болады. 
Ғылыми тұрғыдан алғанда картографиялық жинақтаулары 
дұрыс жүргізілген карталар атқаратын қызметі мен мазмұнына 
сай ғылыми, оқу, өндірістік басқа да мақсатта пайдалануға 
мүмкіндік береді. Картада қажетті географиялық нысандардың 
пішін мен ауданын, созылған бағытын анықтауды 
геометриялық 
тұрғыдан жинақтау
дейміз.
Қажетті географиялық нысандардың жер бетіндегі жəне 
картадағы орнының бір-бірімен сай келуін картаның 
геометрия-
лық дəлдігі 
дейміз. Картадағы қажетті нысандардың ауданы мен 
пішіні, екі нүктенің ара-қашықтығы геометриялық нақтылыққа 
сəйкес анықталады. 


128
Қамтылатын аумақтағы маңызды нысандардың ерекше 
белгілерін, құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен 
географиялық мəнін ескере отырып іріктеуді картографиялық 
жинақтаудың 
географиялық нақтылығы 
дейміз. Географиялық 
нақтылыққа қажетті нысандардың картадағы пішінінің сақталуы 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет