Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Географиялық карталардағы жазулар



Pdf көрінісі
бет76/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

125
Географиялық карталардағы жазулар. 
Жазуларды 
географиялық карталардың мазмұнын ашатын маңызды құрамдас 
бөлік ретінде қарастыру қажет. Олармен қамтылған аумақтардағы 
меншікті атаулар беріледі. «Мұхит», «жота», «асу», «СЭС», «жа-
нартау» сыяқты географиялық атаулардың түрлері 
түсіндірмелі 
жазулармен
беріледі.
Сипаттама-жазулар
нысандардың 
сапалық ерекшеліктерін жəне олардың қасиеттерінің сандық си-
патын түсіндіреді. Көптеген сипаттама-жазулар топографиялық 
карталардың құрамдас бөлігі болып табылады. 
Ұсақ масштабты карталарда жазулар меншікті географиялық 
атаулары мен нысандардың түрлерін көрсету үшін қолданылады. 
Оларда сипаттама-жазулар аз болады. Шолу карталарында сан 
түріндегі түсіндірмелі жазулар биіктіктер мен тереңдік белгілерін 
көрсету үшін қолданылады [3.1-сурет].
3.1-сурет.
Картографиялық шрифттердің бірқатар түрлері
3.2-сурет
1:100 000 масштабты карталардағы жазулардың жазылу 
ерекшеліктері
Ұсақ масштабты тақырыптық карталарда жазулармен 
(қысқартылған) көбінесе қабылданған жіктеу бойынша же-
келеген аумақтардың сапалық сипаттарын, атап айтсақ, тау 


126
жыныстарының геологиялық жастарын, климаттың типтерін, 
топырақ пен өсімдіктердің сипаттарын көрсетіледі. 
Сандық жазулармен абсолютты жəне салыстырмалы көрсет-
кіштерді белгілейді. Тек меншікті географиялық атаулар, нысан-
дар мен құбылыстардың түрлері көрсетілетін карталармен қа тар 
тек жазулары жоқ, барлық мазмұны тек географялық шартты 
бел гілермен ғана кескінделетін тақырыптық карталар да болады. 
Карталардағы жазуларды əріптерді теру мақамдарының сипат-
тарына, өлшемдеріне, түсіне, бас əріптермен жазылуына қарай да 
ажыратылады. Карталар мазмұнының əртүрлі элементтеріне жа-
татын нысандар əртүрлі шрифтпен жазылады. Картографиялық 
жазулардың əріптер мен сандардың бейнесіне, олардың салыстыр-
малы қалыңдығына, көлбеулігіне қарай өздеріне тəн ерекшелік те-
рі болады [3.2-сурет]. 
Атаулар жазылған шрифттердің белгілі бір пішіні нысанның 
маңызды сапалық ерекшеліктерін айқындайтын шартты бел 
гі 
қызы метін атқарады. Мысалы, жазылу мақамы арқылы елдімекен-
дердің түрлерін анықтауға болады. 
Жазулардың түсі де нысандардың карта мазмұнының құрам-
дас бөліктерінің қандай да бір түріне жататынын көрсетуге мүм-
кін дік береді. Атап айтсақ, жалпы географиялық карталарда су 
нысан дары көк, жер бедері қоңыр түсті жазулармен жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет