Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Сандық жəне сапалық жинақтау



Pdf көрінісі
бет78/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Сандық жəне сапалық жинақтау. 
Картаны құру кезінде 
сандық жəне сапалық жинақтаулар қолданылады. Картаның мас-
штабына, мазмұнына, қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай 
географиялық нысандарды іріктеп санын азайту мақсатындағы 
картографиялық жинақтауды 
сандық жинақта
у дейміз. 
Сандық жинақтауға төмендегі құбылыстар мен нысандар жа-
туы мүмкін:
1. Тақырыптық жəне жалпы географиялық карталарды құру 
кезінде мазмұнының негізгі элементтері болып табылатын 
табиғи жəне əлеуметтік-географиялық құбылыстар іріктеп алы-
нады. Мұндай жинақтау кезінде бір табиғи немесе əлеуметтік-
экономикалық компоненттер кескінделеді.
2. Картаның мазмұнын ашатын географиялық нысандар. 
Мысалы, көлдердің ішінен ең қажетті ірілері таңдалып алына-
ды. Бір текті нысандардың ішіндегі ең ірілері мен маңыздылары 
іріктелінеді. Мысалы, Қалалардың ішінен астаналар, қатынас 
жолдарынан – магистральды темір жəне автомобиль жолдары, 
өзендерден : кеме жүзе алатын өзендер, тағы да басқалар таңдап 
алынады.
Бір текті нысандарды іріктегенде, картаға түсіру үшін жер 
бетінің əртүрлі аймақтарындағы географиялық нысандардың 
картаның беткі ауданында қамтылатын сандық көрсеткішін мате-
ма 
ти 
калық формуламен анықтайтын нормативтік əдістер қол-
данылады.
Картаға түсірілетін нысандардың кескінінің тетіктерін 
жинақтау.
Картаның масштабы кішірейген сайын картаға 
түсірілген табиғи жəне əлеуметтік нысандардың кескінінің 
(сыртқы пішішінің) тетіктерінің санын азайту өзендер мен 
көлдер дің мұхиттар мен теңіздердің жағалау сызықтарын алып 
жат қан ауданын карталарда кескіндеуде кеңінен қолданылады.
Картаның масштабының кішірейіп, қамтылатын ауданының ар-
туына байланысты жүргізілетін сандық жинақтаудың нəтиже сін де 


129
өзеннің иректілігі, теңіздер мен көлдердің жағалау сызықта рын-
дағы шығанақтар мен мүйістер азайады. Картаға түсірілетін ны -
сандардың кескінінің санын азайту барысында бір-біріне жа қын 
орналасқан біртекті нысандар бір ірі нысандар: арал, көл, бат пақ, 
ауылшаруашылығына жарамды жерлер ретінде көрсеті ле ді.
Картада қамтылатын аумақтың сандық сипатын іріктеу нəти-
жесінде кескінделу аралығы артуына байланысты жеке нысан-
дардың сандық көрсеткіштері көрсетілмейді. Жинақтаудың бұл 
бағытында нысандардың жеке айырмашылықтары көрсетіл меуі-
не байланысты біртекті нысандарды картада кескіндеуге ор тақ 
бір шартты белгі қолданылады.
Масштабы кішірейген сайын қамтылатын аумақтың ауда-
нының артуына байланысты картаның дəлдігіне қойылатын та-
лаптар азайып, біртекті нысандардың шекарасы да кеңейеді. 
Мұғалімдерге арналған атластың 1:1 000 000, 1:10 000 000 
масштабты карталарында халқының саны 100000-нан асатын 
қалалар үш топқа бөлінген. Əр топқа жататын қалалар халқының 
саны жағынан 400-500 мыңға айырма жасайтын пунсондармен 
белгіленсе, мектеп оқушыларына арналған географиялық атлас-
тарда халқының саны 100000 асатын тқалалар масштабының 
кішіреюіне байланысты екі топқа біріктірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет