Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Карталарды мазмұнына қарай жіктеу



Pdf көрінісі
бет75/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Карталарды мазмұнына қарай жіктеу.
Мазмұнына қарай 
барлық карталар жалпы географиялық жəне тақырыптық болып 
бөлінеді. 
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды 
шолу кар-
талары
деп те атайды. Жалпы географиялық шолу караталар-
да қамтылған аумақтың сыртқы көрінісі жер бедері, табиғат 
жағдайлары, елдімекендер аумақтың əкімшілік бөліктің шека-
ралары, елді мекендер, өзендер мен көлдер, пайдалы қазбалар, 
теңіздер мен мұхиттардың жағалау сызықтары, басқа да ны-
сандар кескінделеді. Жалпы географиялық карталар қамтылған 
аумақтың ерекшелігімен танысу қызметін атқарады. 
Бір немесе бірнеше табиғат компоненттері немесе экономи-
калық-географиялық элементтер кескінделетін карталарды 
тақы-
рып тық карталар
дейміз. Оның жалпы географиялық карта дан 
айыр 
машылығы картаның тақырыбында жазылып қам 
тылатын 
аума 
ғы негізгі тақырыптың мазмұны ашылады. Тақы 
рыптық 
кар таларда кескінделген құбылыстардың ерекше ліктері өлшену, 
терең дігі мен сандық сипатының жинақталу дəре 
жесіне қарай 
алуан түрлі болады. Көрсеткіштердің жинақталу дə 
ре 
жесіне 
қарай тақырыптық карталар 
синтездік жəне талдау
кар таларына 
бөлі неді.
Талдау карталарына құбылыстардың жеке өлшемдері берілген 
тақырыптық карталар жатады. Оларды кейде 
бақылау карталары
деп те атайды. Талдау карталарына белгілі бір жыл мезгілдеріндегі 
жеке метеорологиялық элементтер көрсетілген климат карталары 
жа тады.
Синтездік карталарға жеке көрсеткіштерді жинақтау 
нəтижесінде құбылыстардың тұтастығын айқындайтын карталар 
жатады. Оған климат облыстарының карталары мысал болады. 
Тақырыптық карталар мазмұнына қарай 
физикалық, география-
лық жəне экономикалық географиялық карталарға
бөлінеді.
Физикалық, географиялық, тақырыптық карталар география-
лық ортаның негізгі компоненттерінің басты белгілерін жинақтап 
сипаттайды. Оларға табиғат белдеулері мен зоналарының, 


124
климат, топырақ, өсімдік, жануарлардың карталары жатады. 
Кейбір тақырыптық карталар жер қабықтарының бір-бірінен 
ерекшеліктенуімен шектеледі. Оларға тектоникалық, геологиялық, 
климаттық топырақ басқа да карталар жатады.
Жер бедерінің ерекшеліктері гипсометриялық, геоморфоло-
гиялық карталарда кескінделеді.
Əлеуметтік-экономикалық тақырыптық карталарға
халық-
тар дың саяси жəне саяси-əкімшілік, экономикалық, тарихи жə-
не мə дени
карталардың топтары кіреді. 
Бір емес бірнеше табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құ-
бы лыс тарды сипаттайтын тақырыптық карталарды 
кешенді кар -
талар 
дейміз. Кешенді карталардың мазмұнының құрамдас бө лік -
теріне бір табиғат құбылысын қамтитын (тектоникалық, өсім 
дік, 
топырақ 
жамылғыларының 
картасы); 
əлеуметтік-геогра фия лық 
құбылыстардың топтары; табиғи орта мен халықтың ша руа шылық 
əрекетін сипаттайтын тақырыптық карталар жата 
ды. Кешенді 
караталардың соңғы тобына өнеркəсіп пен ауыл ша руа шылық 
нысандарының орналасуын табиғат байлық та ры мен ши кі зат базала-
рымен байланысын ашатын (агроөнеркəсіптік кешен нің) тақы рыптық 
карталар кіреді. Жалпы географиялық жə не тақы рып тық карталардың 
мазмұны мен кескіндеудің айқын 
ды 
ғы бас 
қа да ерекшеліктері 
атқаратын қызметі мен масштабына бай ла ныс ты болады.
Атқаратын қызметіне қарай 
анықтама жəне оқу карталары-
нан
басқа 
педагогикалық, үгіт, туристік, əскери, техникалық, ин-
же нерлік
, басқа да ерекше қызмет атқаратын карталарға топтас-
ты рылады. 
Техникалық карталарға 
аэронавигациялық, теңіз навигациялық
карталары түрлі құрылыс жұмыстарына қолданылатын 
инженер-
лік 
карталар жатады.
Картаның қызметі мазмұнын, қамтылатын нысандарды таңдау-
да шешуші рөл атқарады. Карталар пайдалану əдістеріне қарай
жеке беттік, қабырға жəне оқулық мəтініне қосымша берілетін 
карталар
болып бөлінеді. Жеке беттік карталар мемлекеттер мен 
аумақтардың жиналмалы картасына біріктіріледі. Мөлдір үлдірге 
(пленкаға) дайындалып графопроекторлармен көрсетілетін кар-
талар 
транспорттық карталар
деп аталады. Географиялық кар-
талармен қатар 
сызба-карталар
да қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет