Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет27/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ұмтыла үндесу
 дейміз де, соңғысын 
тартына үндесу
 дейміз
», – дейді. 
«Қазақ сөзін сөз етіп тұрған сингармонизм құбылысы екенін, ал 
сингармонизмнің иек артар тілдік бөлшегі буын екенін ескерсек, проф. 
Қ.Жұбановтың қаншалықты көрегендік танытқанын көреміз», – дейді проф. 
Ә.Жүнісбеков (28, 193). 
Қ.Жұбанов: «
Сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең 
күштісі – түбір мүше мен қосымша мүшелердің үндесуі. Бұл заңды 
сингармонизм
дейміз
», – дейді. Ол сингармонизм деп түбір мен қосымша 
аралығындағы дыбыстардың үндесуін қарастырған. Сондықтан түбір сөздің 
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшаның да жуан, жіңішке 
келуін және екі аралықтағы көрші дыбыстардың үндесуін сөз еткен. Жалпы 
айтқанда, ғалым түбір мен қосымша аралағындағы барлық дыбыстардың да 
үндесуіне көңіл бөлген. Атап айтқанда, ғалым түбір мен қосымша 
аралығындағы үндесу түрлері деп төмендегі мәселелерге назар аударған: 1) 
түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай; 2) түбірдің соңғы 
дыбысының үнді-үнсіз болуына қарай; 3) түбірдің соңғы дыбысы дауысты 
болғанда; 4) түбірдің соңғы дыбысы 
л
-дан басқа ауыз жолды сонор болып, 
қосымшаның бас дыбысы 
л
мен 
м
-ның бірі болғанда; 5) түбірдің соңғы 
дыбысы 
л
болып, қосымшаның бас дыбысы 
л
мен 
м
-ның бірі болғанда; 6) 
түбірдің соңғы дыбысы мұрын жолды сонор болып, қосымшаның бас 
дыбысы да, аяқ дыбысы да мұрын жолды сонор болғанда; 7) түбірдің соңғы 
дыбысы 
к, қ, п
дыбыстарының бірі болып, қосымшаның бас дыбысы 
дауысты болғанда; 8) түбірдің соңғы дауыссызы сыбыр дыбыстары мен 
сыбыс дыбыстарының үндісі болып, қосымшаның бас дыбысы үнсіз 
болғанда; 9) түбірдің соңғы дыбысы сыбыр болып, қосымшаның бас дыбысы 
сыбыс болғанда; 10) түбірдің соңғы дыбысы мұрын жолды езушіл сонор 
болып, қосымшаның бас дыбысы еріншіл дауыссыз болғанда; 11) түбірдің 
соңғы дыбысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет