ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ 13
анықтайтын фонетика саласы:
-әуез жүйесі: езу әуез (палатальный тембр),
ерін әуез (лабиальный тембр);
-жасалым белгісі: езулік (неогубленный),
еріндік (огубленный), ілгерінді (продвинутый),
кейінді (отодвинутый);
-айтылым белгісі: ауыз қуысты (ртовы й),
көмей қуысты (глоточный), тұтас қуысты (рто-
во-глоточный);
-естілім белгісі: жуан (твердый), жіңіш ке
(мягкий), езулік (негубной), еріндік (губной).
Ф онетикалы қ атаулардың толық түсіндірме
сөздігі өз алдына шығады.
1 .2 . Қ А З А Қ Т І Л І Н І Ң Ж А С А Л Ы М Қ О Р Ы 1.2.1.
Сөйлеу мүшелері барлық ұлттарға ор-
тақ болғаны м ен (биологиялық тұрғы дан), әр
тілдің өзіне ғ а н а т ә н жасалым қоры (артикуля-
ционная база) болады. Жасалым қоры дегеніміз
дыбыстарды ж асауға қатысатын сөйлеу мүш е-
лерінің белгілі бір ұлт тіліне ғана тән қозғалы -
сының жиынтығы. Кез келген сөйлеу мүшесінің,
мысалы, тілдің қозғалы сы барлы қ тілде бірдей
болмайды. Сол сияқты сөйлеу мүшелерінің ды-
быс жасауға топтана қатысы да біркелкі болмай-
ды. Сөйлеу мүшелерінің жеке-жеке қозғалы сы ,
сондай-ақ олардың топтана қатысы бір тілде бір
түрлі, екінш і тілде екінші түрлі болады.
С онды қтан да алдымен әр тілдің өзіне тән
жасалым қорының басын ашып алу керек. Қазақ
тілінің жасалым қорының өзіндік ерекшелігі бар.
2-суретге қазақтілінің жасалым қорының қыры-
нан қарағандағы моделі (үлгісі; пішіні) беріл-
ген. Қ азақ тілінің жасалым қорында 9 жасалым
нүкте бар. Сөйлеу мүшелерінің мүмкін болған
қозғалысыны ң көрінісі бейнеленген.
О ны ң бірінш ісі - ерін (1-нүкте). Қ азақ
тіліндегі дыбыстардың жасалуына еріннің төрт
түрлі қатысымы бар: сүйір жасалым (1-1 ж ағ-
дай), доғал жасалым (1 -2 жағдай), езу жасалым
(1-3 жағдай), емеурін жасалым (1-4 жағдай).
Тіл ұшының қатысы (2-нүкте). Қазақ тіліндегі
дыбыстардың жасалуына тіл ұшының үш түрлі
қатысымы бар: тіл ұшы тоғысымы (2-1 жағдай),
тіл ұшы жинақы жуысымы (2-2 жағдай), тіл ұшы
жайылыңқы жуысымы (2-3 жағдай).
Тіл ортасы ны ң қаты сы (3-нүкте). Қ азақ
тіліндегі дыбыстардың жасалуына тіл ортасы-
ның екі түрлі қатысымы бар: тіл ортасының таң-
даймен тоғы сымы (3-1 жағдай), тіл ортасының
таңдаймен жуысымы (3-2 жағдай).
Тілшіктің (кіш кене тіл) қатысы (4-нүкте).
Қ а за қ т іл ін д е г і д ы б ы с т а р д ы ң ж а с ал у ы н а
тілшіктің екі түрлі қаты сы мы бар: тілшіктің тіл
түбімен жуысымы (4-1 ж ағдай), тілшіктің тіл
түбімен тоғысымы (4-2 жағдай).
Тілдің көлденең қалпы ны ң қатысы (6, 8 -
нүктелер). Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаса-
луына тілдің көлденең қалпының екі түрлі қаты-
сымы бар: тілдің ілгері қалпы (6-нүкте), тілдің
кейін қалпы (8-нүкте).
Тілдің тік қалпы ны ң қатысы (7, 9-нүкте-
лер). Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалуына
тілдің тік қалпының екі түрлі қатысы бар: тілдің
жоғары қалпы (7-нүкте), тілдің төмен қалпы (9-
нүкте).
Дауыс желбезегінің қатысы (5-нүкте). Қазақ
тіліндегі дыбыстардың жасалуына дауыс желбе-
зегінің төрт түрлі қаты сы мы бар: дауыс желбе-
зегі толық тербеледі (5-1 жағдай), мол тербеледі
(5-2 жағдай), жартылай тербеледі (5-3 жағдай),
тербелмейді (5-4 жағдай) (әрі қарай “ нүкте, жағ-
дай ” деген сөздер қайталанбай, жасалым нүкте-
лердің сілтеме сандары ғана қалдырылды).
Әрине, бір ғана жасалым нүктесі арқылы
жасалатын дыбыс болмайды. Қазақ тілінің ды-
быс жүйесінде әрбір дыбысты ң жасалуына кем
дегенде үш жасалым нүктесі қатысады. Ж аса-
лым нүктелерінің әр түрлі араласымынан (ком-
бинациясы нан) қазақ тілінің дыбыстары түгел
түзіліп шығады.
1.2.2.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны
шектеулі болғаны мен олардың жасалым вари-
анттарының саны баршылық. Ақиқат (тірек) ды-
быстар мен олардың варианттарының жасалым
үлгісі осы модельден түгел табылады. Сөйтіп
дыбыстардың фонетикалық және фонологиялық