1 .3 . Қ А ЗА Қ Т ІЛ І Д Ы Б Ы С Т А Р Ы Дауысты және дауыссыз дыбыстар Қ азақ тілінің дыбыстары дауысты және да-
уыссыз болып екіге болінеді. Олардың томенде-
гідей айырым белгілері бар.
Дауысты дыбыстар:
а) дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс жел-
безегі толы қ тербеледі;
э) дауысты дыбыстар буын құрайды;
б) дауысты дыбыстар ж асалғанда окпеден
шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай
шығады.
Дауыссыз дыбыстар:
а) дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс
желбезегі кем тербеледі (қатысады) немесе мүлде
тербелмейді (қатыспайды);
ә) дауыссыз дыбыстар буын құрамайды;
б) дауыссыз дыбыстар жасалғанда окпеден
ш ыққан ауа ауыз қуысында сойлеу мүшелерінің
бірінің кедергісіне ұшырап шығады.
1.3.1. Дауысты дыбыстар Қ азақ тілінің тол дауысты дыбыстарының
жүйесі 9 дауысты дыбыстан құралады. Олар: А,
Ә, Ы, I, Е, Ұ, Ү, О, О.
Дәстүр бойынша дауысты дыбыстардың құра-
мына қазақ тіліндегі дауыстылардың үндесім
түрлерінің (вариант, аллофон) бэрін кіргізіп ке-
леді. С онды қтан да қазақ тілінде 9 дауысты бар
деген пікір қалыптасып қалған (бұл жерде қазақ
тілтанымындағы дауыстылардың санына байла-
нысты озге пікірлерді есепке алмаймыз).
Ж алпы, қазақ тілінің дыбыс құрамын анық-
тауда бір жүйелілік жоқ. М ысалы, дауысты ды-
быстардың құрамын анықтағанда, жоғарыда айт-
қандай, олардың үндесім түрлерінің бәрі жинақ-
талады. Ал, дауыссыз дыбыстардың құрамын
аны қтағанда, керісінш е, олардың тіректүрлері
ғана ж инақталады (бұл туралы кейін үндесім
құбылысына арналған болімде соз болады).
Қ азақ тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң.
(жалқы, монофтонг) жэне құранды (егізек, диф-
тонг) болып екі топқа болінеді. Жалаң дауысты-
ларға А, Ә, Ы, I, Ұ, Ү дыбыстары, ал құранды
дауыстыларға О, О, Е дыбыстары жатады.
Дауысты дыбыстардың жасалым қоры нда-
ғы орындары алты нүктені қамтиды:
1.
Ж ақтың қатысына қарай - аш ық (9) және
қысаң (7) дауыстылар болып жіктеледі.