СӨЗЖАСАМ ТІЛ БІЛІМІНЩ ЖЕКЕ САЛАСЫ 199
тәсілі белгілі тілдік нұсқаларға негізделетінін ес-
тен ш ы ғаруға болмайды. Олай болса, тілдің
сөзжасам жүйесіне сөзжасам нұсқалары да жата-
ды. Тілде сөз жасауға қатысатын нақтылы тілдік
нұсқалар бар. Сөз жасау әрекеті тілде бар нұсқа-
лардың негізінде ғана болады.
Сөзж асам единииалары деп сөзж асамды
жүзеге асыратын тілдік бірліктер аталады.
Тілдік нұсқаларға сүйенбей, ж оқтан ешбір
сөз жасалмайды. Ол жөніндегі ғалымдар пікірі
бойы нш а да ж әне түрлі тілдердің сөз жасау
тәжірибесінде де ж оқтан сөз жасау кездеспейді.
Сол сияқты түркі тілдерінің, қазақ тілінің сөз
жасау тарихы ж аңа сөз тілде бар тілдік нұсқа-
лардың негізінде ғана жасалатынын дәлелдейді.
Қ азақ тілінде сөз жасауға қаты сатын тілдік
нұсқаларға түбір және сөзжасамдық ж ұрнақ жа-
тады. Түбір сөз тілде түрлі ж ағы нан қаралып
жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі нұсқалар-
дың бірі ретінде толы қ зерттелді деуге келмейді.
Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол
- сөз ж асам дағы негізгі тұлға.
Түбір сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік
белгілі қы зметі бар. Алдымен түбірлердің сөз
жасаушы негізгі нұсқаны ң бірі ретінде танылуы
оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқара-
тын қы зметіне байланы сты. Сөзжасам ісіндегі
түбірдің негізгі нұсқа болып саналаты н себебі
түбір сөздің лексикалы қ мағы насы жаңа сөздің
лексикалы қ мағынасына арқау болады, негіз бо-
лады, өйткені тілде бір лексикалық мағына екінші
л екси кал ы қ м ағы н ан ы ң негізінде жасалады.
Сөздің лексикалы қ м ағы насы ны ң негізінде ту-
ынды сөздің жаңа мағынасы жасалады:
бала-лы, бала-лық, бала-ң, бала-жан, бала-пан т.б. Келтір-
ілген 5 туынды сөздің бәрінің мағынасында бай-
ланы сты лы қ бар, себебі олардың бәрінің м ағы -
насы ны ң ж асалуына
бала деген бір сөз негіз бо-
лып тұр. М іне, ол осы 5 туынды сөздің м ағы на-
сына арқау болғандықтан, оларда мағына ұқсас-
тығы, жақындығы бар, олардың мағыналық бай-
ланысы көрініп тұр. Сөйтіп, түбір сөздің м ағы -
насы мен ол арқы лы ж асалған туынды создің
м ағы насы өте ты ғы з байланысты және ол кез-
дейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақта-
латын заңдылық. О ны ң сөзжасамда атқараты н
қызметі ете күшті. Сөзжасамға түбір сөз ретінде
қатысатын сөздердің бәрі лексикалық мағыналы
создер болғанды қтан, оларға тілде дербес сөз
түрінде қолданылып жүрген сөздер жатады. Бұл
созжасамдағы негізгі заңдылыққа жатады.
Оте сирек жағдайда қазіргі тілдің даму саты-
сының дәрежесінде кейбір туынды түбірлер тілде
толық мағынасы жоқ сөздерден жасалғандай бо-
лып көрінеді. Ойткені олардың құрам ы ндағы
негіз сөздер тілде қазір дербес қолданылмайды.
Мұндайда негіз создің лексикалық мағынасы бай-
қалмайды. Бірақ бұл тілдің қазіргі кезеңіне, дэуі-
ріне, сатысына байланысты:
үял, үят, оян, оят, жүбан, жүбат, шалқала, іиалқасынан, шалқалай, момын, момақан сияқты туынды түбірлерге негіз
болып тұрған
үя, оя, шалқ, жүба, мом түбірлерінің
қазір лексикалық мағынасы анық корінбейді. Олар
қазір тілде жеке лекси калы қ соз ретінде қолда-
нылмайды, сөздік қорда ол создер сақталмай, қол-
данудан шығып қалған. Сондықтан олардың лек-
сикалы қ м ағы насы ан ы қ көрінбейді, танылмай-
ды, бірақ осы туынды түбірлер жасалған кезде ол
негіз сөздердің лекси калы қ м ағы насы болған.
Лексикалық мағынасы болмаса, одан туынды түбір
жасалмас еді.
Ж аңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық
түрі қатыса алады. Оларды атағанда, мынадай:
негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз,
қы сқарған соз. Сөзж асамға негіз сөз қызметіне
қатысатын бұл түбірлердің көбі (негізгі түбірден
басқасы) - сезжасам әрекетінің нәтижесінде ту-
ған туынды сөздер. Сондықтан туынды сөздер де
лексикалық мағыналы создер ретінде сөзжасамда
жаңа сөз ж асауға қатыса береді. Туынды сездер
арнайы тоқталуды қажет етеді. Бұл арада туынды
соз жасауға осы түбірлердің негіз соз қызметінде
қолданылуы соз болып отыр. Алайда аталған
түбірлердің сөз жасауға қатысы бірдей дәрежеде
емес. Сондықтан тілдің созжасам жүйесіндегі түбір
создердің атқаратын қызметінде де ерекшелік бар.
М әселен, негізгі түбірлер сөзжасам ісіне ең
белсенді қатысатын түбірлер:
бас-тық, кез-де, ақ- та, жи-ын, біл-ім, тау-лы, өнім т.б. Туынды түбірлер
де с ө зж асам ға қаты сад ы , б ір а қ олар негізгі
түбірлерден өнімсіз. Ал біріккен сөз, қос сөздер
мен қы сқарған сөздер ж аңа сөз ж асауға сирек
қатысады, олардың созжасамдық қабілеті нашар:
бүгін-гі, биыл-ғы, колхоз-шы, совхоз-шы, бес-алты- сыз, алпыс-жетпіссіз, Екібастүз-дық, белбеу-лі т.б.
Сөз жасау ісіне тілдің сөздік құрам ы ндағы
сөз атаулының қатысы да бірдей дәрежеде емес.
Тілімізде байы рғы сөздермен қатар басқа тілден
енген сөздер де өте көп. Осы екі топтағы сөздердің
сөзж асамға қатысын салы стырғанда, оларда ай-
ырма бар. Байырғы создердің созжасам әрекетіне
қатысы белсенді түрде болса, басқа тілден енген
создер сөзж асам ға одан әлдеқайда бәсең түрде
қатысады. М ысалға байы рғы сөздерге жататын