П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет277/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

2 0 2
СӨЗДІҢ МОРФЕМАЛЫҚ ҚҮРАМЫ
меті өзі қатысты сөз табы ны ң құрам ы н жаңа 
сөзбен толықтыру болып саналады я ғн и ол өзі 
қатысты сөз табына жататын сөздерді, атаулар- 
ды жасайды. М әселен, зат есімнің сөзжасамдық 
ж ұрнақтары зат есімге жататын атауларды жа- 
сайды: 
өнім, малшы, дэрігер, кітапхана, бөлім, қаты-
сым
сияқты туынды сөздердің бәрі зат есімнің 
сөзж асам ды қ ж ұрнағы арқы лы ж асалған. Сын 
есімнің созжасамдық жұрнақтары сы нды қ белгі 
м ағы насы н білдіретін сын есім атауларын жа- 
сайды. Мысалы 
таулы, сэнді, өнерпаз сезгіш, сәнқой,
білгіш
сияқты туынды түбір сын есім сөздер сын 
есімнің сөзжасамдық жұрнақтары арқылы жаса- 
лып, сы нды қ белгі м ағы насы н білдірген.
Осы сияқты басқа сөз таптарының жұрнағы 
да өзі телулі сөз табына қызмет етеді, оның атау- 
ларын жасап, сөздік құрамын толықтырады. Со- 
нымен бірге ж ұрнақтарды ң бірнеш е сөз табына 
ортақ болып келуі де кездеседі. Бұл көбінде 
жұрнақтарды ң м ағы налы қ ж ағы н ан дамуымен 
байланысты болады. Ж ұрнақтарды ң м ағы насы
кеңіп, бір м ағы н ан ы ң үстіне екінш і м ағы наны
қосып алуы тілде өте жиі кездеседі. Осы жұрнақ 
м ағы насы ны ң дамуы, кеңуі нәтижесінде бір сөз 
табыны ң ж ұрнағы екінші сөз табыны ң м ағы на- 
сын қосып алады да, бұры нғы м ағы насы н сақ- 
тай оты рып, екі сөз табында да қы зм ет атқара- 
ды. Сөйтіп, бұл ж ұрнақтарды ң бірнеш е сөз та- 
бына ортақтық қасиетін қалыптастыратын жол- 
ды ң бірі болып саналады.
Ж ұрнақтарды ң м ағы н асы н ы ң кеңуі тілде 
омоним жұрнақтардың көбеюіне әсер етеді: 
буын,
түйін, келін, қорған
деген туынды түбірлердегі 
зат есім жасайтын 
-ын, -ін,
-яж ұрн ағы м ен
жуын,
киін,
деген өздік етістің 
-ын, -ін,
-яж ұрна-
ғы тұлғасы жағынан бірдей. Бұлардың сөзге қоса- 
тын мағынасы да түрлі, сондықтан олар омоним 
ж ұрнақтарға жатады. О м оним ж ұрнақтар тілде 
аз емес.
С оны мен бірге сөзж асам ды қ ж ұрнақтарда 
синоним дік қасиет те бар: 
жүмысшы - ж үмыс-
кер, қьізметкер - қызметші, ақта - ағарт, дәнде -
дәнік, сазар - саздан, қарайт - қарала, өнерпаз -
өнершіл, білімпаз

білімді, білгір - білгіш
т.б.
Кейде тілдегі синоним ж ұрнақтарды ң ма- 
ғына жақындығына қарамастан, олардың бірінің 
орны на екінш ісі қолданы ла бермейтіні белгілі: 
орақ, елек, қайрақ, күрек сөзцері - ақ, -қ, -к
жұрнақ- 
тары арқылы ж асалған құрал атаулары. Ал дәл 
осындай мына құралдардың атаулары 
өшіргіш,
сүзгіш, қырғыш -ғыш, -гіш
ж ұрнақтары арқылы 
жасалған. Туынды түбірдің қай үлгі арқылы жа-
салуы тілдің ішкі заңдылығы арқылы шешілгені 
байқалады. Ж ұрнақтардың тілде атқаратын қы з- 
меті бірдей емес. Олар өте өнімді болып, сөз тал- 
ғамай белгілі топтағы сөздерге ж алғана береді. 
Мысалы: 
малшы, егінші, жазушы, колхозшы, үгітші,
энші, етікші, суретші, қасапшы, биші
т.б. Ал бірсы- 
пыра жұрнақтар сөз талғап, белгілі сөздердің құра- 
мында ғана кездеседі, сөз жасау ж ағы нан өнімсіз 
болып келеді. М ы салғатілд
е көйлекшең, байпақ-
шаң, бешпентшең, мәсішең
сияқты сөздердегі 
-шаң,
-шең
ж ұрнағы көйлек, байпақ, бешпент, мәсі ки- 
ген адам деген ұғымды білдіреді. Осы ж ұрнақ 
басқа киім аттарына жалғанбайды, 
көйлекшең, беш-
пентшеңдеуге
болғаны мен, сол сияқты киім аты 
шапан, тон
сөздерінен 
іиапаншаң, тоншаң
сияқты 
туынды түбір жасалмаған.
Бұдан ш ығатын қорытынды - жұрнақтардың 
сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. М ысалы, 
-шаң,
-шең
ж ұрн ағы киім атауларына ж алған ы п , зат- 
тың белгісін білдіру қызметін ерте тоқтатқан. Сон- 
дықтаң киімнің кейінгі пайда болған түрлерінен 
бұл ж ұрн ақ арқы лы сөз ж асалм аған. М ұндай 
сөзжасамдық жұрнақтар тілде біраз. М ысалы, 
бе-
лес, дөңес, оңғақ, тоңғақ, жент, киіт, бүкір
сияқты 
туынды түбірлер құрамындағы жұрнақ қазіргі тілде 
сөзжасамдық қызмет атқарып жүрген жұрнақтар 
қатарына жатпайды.
Бұл ай ты лған д ар қа за қ тілін ің сөзж асам
жүйесі көне замандардан бастап, күні бүгінге дейін 
дамып, күрделеніп, екшеліп, толығып қазіргі дәре- 
жеге ж еткенін көрсетеді. Осы ұзақ уақыттың 
ішінде сөзж асам ны ң ішкі заңды лы қтары , құра- 
мы, сөзж асам ды қ нұсқалары , олардың қызметі, 
м ағы насы нақты ланы п, тұтас бір күрделі жүйе 
ретінде қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет