ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ 45
кейін шегініп жатады (8), тілдің жатысына қарай
кейінді; дауыс желбезегі ж арты лай тербеледі
(5-3), желбезек қатысына қарай тербеліңкі; ерін
жазылып (езу тартып) барып (1-3) жасалады, ерін
қатысына қарай езулік дыбыс болып табылады.
Айтылымы: тіл арты мен тіл ш ік б осаң
тоғы сады (жуысады), тоғы сым күш іне қарай
босаң тоғы сы ңқы ; ауыз қуысы үлкейіп, көмей
қуысы кішірейеді, үстеме жасалым орнына қарай
көмей қуысты дыбыс болып табылады.
Естілімі:тіл арты мен тілшіктің тоғы сы м ы
(жуысымы) босаң леппен аяқталады , тоғы сы м
бітіміне қарай босаң лепті; дауы ссы з ы зы ң
ды бы сталады , үн қаты сы на қарай ұяң; әуез
катысына қарай жуан және езу әуезді дыбыс
болып табылады.
Ғ жуан езулік түрінің айырым белгілері
Ж асалым белгілері: тіл ш ік т о ғ ы с ы ң қ ы
(ж уы сы ңқы ), кейінді, тербеліңкі (ұяң), езулік
дауыссыз дыбыс.
Айтылым белгілері: б о саң т о ғ ы с ы ң қ ы
(жуысыңқы), көмей қуысты дауыссыз дыбыс.
Естілім белгілері: босаң лепті, ұяң, жуан,
езу әуезді дауыссыз дыбыс.
Жалпы сипаттамасы: тілш ік, тоғы сы ң қы
(ж у ы с ы ң қ ы ), ұ я ң , к е й ін д і (ж у а н ), е зу л ік
дауыссыз дыбыс.
Ж іңіш ке езулік түрі: ЕГІН , ГӘП т.б.
(18-2- сурет) Жасалымы: тіл ортасы мен таңдай жымдаса
(ж ай ы л ы ң қы ) тоғы сады (ж уы сады ) (3 -1 ,2 ),
ж асалу о р н ы н а қарай тіл ортасы ; тіл ауыз
қ у ы сы н д а ілгері итініп ж атады (6), тіл д ің
ж аты сы н а қарай ілгерінді; дауы с ж елбезегі
жартылай тербеледі (5-3), желбезек қаты сы на
қарай тербеліңкі; ерін жазылып (езу тартып)
барып (1-3) жасалады, ерін қаты сы на қарай
езулік дыбыс болып табылады.
Айтылымы: тіл ортасы мен таңдай босаң
тоғысады (жуысады), тоғы сым күш іне қарай
босаң тоғысыңқы; ауыз қуысы кішірейіп, көмей
қуысы үлкейеді, үстеме жасалым орнына қарай
ауыз қуысты дыбыс болып табылады.
Е стілім і: тіл о р та с ы м ен т а ң д а й д ы ң
тоғысымы (жуысымы) босаң леппен аяқталады,
тоғы сым бітіміне қарай босаң лепті; дауыссыз
ызың дыбысталады, үн қатысына қарай ұяң; әуез
қатысына қарай жіңішке және езу әуезді дыбыс
болып табылады.
Г' жіңішке езулік түрінің айырым белгілері