Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет71/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

10
 
КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫ 
10.1
«Тұлға» ұғымының мәні
 
10.1.1
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық қасиеттері 
10.1.2
Қоғам және жеке тұлға 
10.1.3
Әлеумет туралы ұғым 
 «Тұлға» ұғымының мәні 
Әрбір тұлғаның, адамның жекелік қайталанбайтын ерекшелігін 
сипаттайтын қасиеттері көптүрлі және сан алуан екендігі мәлім. 
Сол себепті тұрмыста тұлғаны сипаттайтын мыңдаған түсініктер 
бар. Әрбір адамға оның бойындағы қасиеттерін, қандай да бір 
жағдайдағы мінез-құлығын, іс-әрекетін болжау, анықтау арқылы
жеке түйсікке тән баға беріледі. Тұлғалық қасиеттер тұлғаның 
өзінің өзгелерге тұлға ретінде танылатын бойындағы қасиеттері 
арқылы сипатталады. 
Барлық кәсіби іс-әрекеттегі субъект адам болғандықтан «тұлға» 
түсінігінің көптеген ғылым салаларының (психология, әлеуметтену, 
саясаттану, құқық, т.б.) негізгі объектісіне айналуы тегін емес. 
Адамның әлеуетін, қабілетін, қасиетін, мүмкіндіктерін қалыптас-
тыру мен дамытуға қатысты білімдерге деген сұраныстардың 
күннен-күнге артуы аталған мәселенің педагогика ғылымы 
тұрғысынан өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдей түседі. 
1937 жылы американдық психолог Г.Оллпорт өзінің алғашқы 
«Тұлға - психологиялық интерпретация» атты кітабында тұлғаға 
байланысты 50-ден астам түсінік береді. Түсініктерді синтездеудің 
нәтижесінде бір шешімге келе алмай, тұлға ұғымына анықтама 
беруден бас тартып, «адам - бұл объективті шынайылық» деп 
қорытындылаған. 
Тұлға теориялары
- тұлғаның табиғаты, даму тетіктері туралы 
болжамдардың немесе көзқарастардың жиынтығы.
Тұлға теориялары тек адамның мінез-құлығын түсіндіріп, 
болжап қана қоймай, төмендегідей сұрақтарға жауап беруді мақсат 
етеді (А.Хьелл, Д.Зиглер): Тұлға дамуы туғаннан немесе жүре 
пайда болады ма? Тұлғаның қалыптасуы үшін қандай жасаралық 
кезең маңызды? Тұлға құрылымында қандай үдерістер (саналы 
немесе санасыз) маңызды саналады? Тұлғаның бойында еркіндік 
бар ма және ол өзінің мінез-құлығын қаншалықты деңгейде басқара 
алады? Тұлғаның ішкі дүниесі субъективті ме, әлде объективті ме? 
Объективті әдістер арқылы оны қалай анықтауға болады? 


167 
Күрделі сұрақтар адам бойындағы мінез-құлықтары, іс-
әрекеттерімен сыртқы кескіндерінің арасында орын алатын 
айырмашылықтарға байланысты туындаса керек. Психологиялық 
құрылым тұрғысынан тұлғаны талдауға мүмкіндік беретін үш 
деңгейді бөліп қарастыруға болады: тұлғаның дербес элемент-
терінің қасиеттері, күйлері және біртұтас қасиеттері. Осы үш 
деңгейдің бірігуінен тұлғаның құрылымы анықталады. 
Философия 
ғылымында 
«тұлға»
қоғамдық 
қарым-
қатынастардың жиынтығы деп сипатталса, 
әлеуметтануда
«тұлға» 
дегеніміз - индивидті сипаттайтын әлеуметтік маңызды қасиет-
тердің тұрақты жиынтығы болып түсіндіріледі.
Педагогикада «тұлға»
эволюциялық үдерістің призмасы 
тұрғысынан қарастырылады.
Психологияда «тұлға»
әлеуметтік-мәдени ортада, біріккен іс-
әрекет үдерісі мен қарым-қатынаста иеленетін адамның ерекше 
сапасы деп берілген.
«
Тұлғаны зерттеу
- тұлғаның нақ қазіргі жағдайда кім екенін 
және осы жағдайға қалай жеткендігін анықтау. Әрине, адамдар бір-
бірінен өмір бойы жинаған білімдеріне қарай ажыратылады: әр 
адам - әмбебап құбылыс. Бірақ білім алу, үйрену, даму үдерісі 
барлық адамдарға тән ортақ заңдылықтарға бағынады.
Тұлғаны анықтауда психология заңдылықтары маңызды 
орынды иеленетіндігін ескерсек, тұлға мәселесін зерттеуде оның
психология 
ғылымында 
қарастырылу 
жағдайын 
зерделеу 
қажеттілігі артады (Н.Стенфорд). Ғалым тұлғаға қатысты үш 
қосымша түсінікті атады: «қатынас субъектісі», «таным субъектісі», 
«еңбек субъектісі». Әр түсініктің өзіне тән мағынасы болды, яғни 
еңбекті, қатынасты және танымды жүзеге асыру мен ұйымдастыру 
тәсілдерін ажыратты. 
Адамның тұлғалық үйлесімді дамуы өзін-өзі тану үдерісіне 
тәуелді. 
Өзін-өзі талдау үдерісі
- күрделі жұмыс. Оған адам өзінің 
бойындағы ішкі қарама-қайшылықты, келіспеушіліктерді жою 
тәсілдерін саналы меңгеріп, өзі туралы шындықты қабылдаған 
сәтте жетеді. К.Хорни өзін-өзі тану үшін өзінің сезімдерін бағалау, 
қарым-қатынастарын қайта қарау, түзету түрткілеріне мән береді. 
Алайда зерттеуші өкінішпен адамның барлық қиыншылықтар мен 
кедергілерді жеңе алмайтынын, өзінің шынайы «Меніне» жол табу 
мүмкін болмайтынын айтады. 
 
 


168 
Тұлға
- өзін-өзі жасайтын индивид.
Тұлғаның болмысы
- әлеуметтік эволюция формасында дамып 
отыратын, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы, 
яғни, адам әлеуметтік рөлдерді, нормаларды, құндылық бағдар-
ларды игерумен анықталады. Демек, тұлға - белсенді әлеуметтік 
индивид. 
«Жантану атауларының түсіндірме сөздігі» атты психоло-
гиялық еңбегінде тұлғаға мынадай анықтама береді (Қ.Жарықбаев): 
«
Тұлға
: 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам 
болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық 
өмірінің дара нысаны. 
Тұлға
- әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан 
дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді 
және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады; 
2) адамдар арасындағы өзінің ұстанымын, орнын еркін және 
жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Ол 
қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар 
жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам 
тұлға болып туылмайды, әлеуметтену үдерісінде тұлға болып 
шығады», - деп көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет