169
өзгертуге бағытталған көптүрлі және
көпаспектілі іс-әрекеттерде
байқалады.
Адамның әрекеті оның санасының, психикалық үдерістерінің
және қасиеттерінің қалыптасуын шарттайды,
олар адам әрекетін
реттей отырып, оның адекватты орындалуының шарты болып
табылады. Мұндай әрекеттің субъектісі басқа адамдармен тығыз
байланыстағы - адам, индивид, тұлға болып табылады.
Көптеген әрекеттер мен амалдардың сан түрлілігін біріктіретін
сана мен әрекеттің тұтастығы, тұлғаның мақсаты мен мотивациясы
болып табылатын бастапқы мотивациялары мен соңғы мақсаттары-
ның біртұтастығынан тұрады.
Сонымен, нақ әрекет
кезінде тұлға қалыптасады, жеке дара
адам болады, дүниеге, қоғамға, өзіне деген көзқарасын
қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: