Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет10/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130
дриг
қытайша 
уойгеп,
монғолша 
найз,
қазақша 
дос
т. б. Тіпті туыстық.
18


қатынаста болған, біздің заманымыздың бас шенінде ғана ажы- 
расқан якут, тува, чуваш сияқты тілдердегі көптеген сөздердің 
айтылуының өзгергендігі, қазіргі қазақ тілінде сөйлеушілер олар- 
ды түсінбейтіндігі дыбыстардың өзгеріп отыратындығына дәлел. 
Салыстырыңыз:
Қазақ: 
сұйық 
он
Якут: 
уёағас уон
Чуваш: 
швее 
вун
Тува: 
суук 
он
үй 
шық
дьиз 
сиик
кил 
сылвам
бажың шалың
шөп
от
курақ
от, сиген
жүр
хаап, сырыт
ут, суре
қалаштар,
чоруур
Дыбысталу мүшелерінің дамуы өте баяу және ұзақ дәуірді 
қамтитын процесс екендігі белгілі. Ф. Энгельс адамнық дене мү- 
шелері жеке-дара дамымастан басқа мүшелерімен бірге байла- 
ныста дамитындығын айта отырып: «Мыц жылдық күрестен кейін 
қол, ақырында аяқтан жіктелініп, тік жүретін болған кезде адам 
маймылдан бөлініп шықты, сөйтіп анық сөйлеудің дамуы үшін 
және мидың қарыштап дамуы үшін негіз жасалынды, ал мұның 
нәтижесінде содан бергі жерде адам мен маймыл арасында өткел- 
сіз тұңғиық пайда болды»,— деп қорытынды жасайды (Маркс К. 
Энгельс Ф. 56, 67).* Шындығында да адамдардың дене мүшелері 
жеке-дара дамымастан бірі екіншісініц дамуына түрткі болып, 
пропорциясын сақтап отырған. Әрине дыбыстық тіл пайда болу 
үшін маймылдардың жағы мен тілі, көмей қуысы ықшамдалуы, 
нәзік айырмашылығы бар дыбыстар жасауға бейімделуі керек 
болды. Мысалы, алғашқы адамдардың ауыз қуысының маймыл- 
дардың ауыз қуысына қарағанда тарылуы, астыңғы жақтың 
(иектің) ықшамдалып, тез қимылдайтын дәрежеге жетуі, көкірек 
қуысының кеңеюі осы талаптан туса керек. Физиологтардың жо- 
рамалдауынша, дыбыстық тіл адам миының дамуына да себепші 
болған. Демек алғашқы тілдің дамуын анықтау үшін алғашқы 
маймыл-адамдардың физиологиялық құрылымын, олардың бір- 
бірінен айырмашылығын, адамның ми қабығының көлемі мен 
маймылдардың ми қабығының аумағын, адамның бет құрылысы 
мен маймылдардың бет құрылысын, т. б. салыстыра зерттеу керек 
болар еді. Өте дөрекі дыбыстар шығаратын маймылдың дыбыстау 
мүшелерінен, әрине, бұлбұлдай ән сала алатын адамдардын. ды­
быстау мүшелеріне дейін дамып жету үшін көптеген замандардың 
өткені белгілі.
Сөздің дыбысталуының негізгі қасиетін анықтаудағы екінші 
мәселе — сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу тәртібінің о 
бастағы негізі неде деген сұрауға жауап беру. Екінші сөзбен айт- 
қанымызда, кез келген сөздің құрамындағы дыбыстардың бірінен 
кейін бірінің айтылуы (уақыт жағынан) қандай заңдылықтармен 
анықталады? Бұл сұрауға бірізді жауап күні бүгінге дейін беріл- 
ген жок, біз де үзілді-кесілді дау туғызбайтын жауап айта аламыз 
деген пікірден аулақпыз. Біздіңше, мәселені дыбыстың жасалынуы 
(артикуляциялық жағы) мен естілу (акустикалық) жағынан бас- 
тау керек.
19


Қазіргі пайдаланып жүрген жазба тілімізде қолданылатыи 
әріптер белгілі бір дыбыстардыц таңбасы ретінде қабылданады 
да, 
қол, бол, сол
деген сөздерде үш дыбыс бар (үш әріп арқылы 
берілген), 
тарт, төрт, жалт
деген сөздерде төрт дыбыс, 
ал, ол, ел
деген сөздерде екі дыбыс бар деп айтамыз. Әр дыбыстың жасалы- 
нуында дыбыстау мүшелерінің қызметі, әр дыбыстың өздеріне 
сай артикуляциялық базасы болады. Тым болмағанда біз солай 
түсінеміз. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет