Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Бұлтартпау шаралары және оларды қолдану, өзгерту



Pdf көрінісі
бет30/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Бұлтартпау шаралары және оларды қолдану, өзгерту. 
Мәжбүрлеу 
шараларының бір түрі ол бұлтартпау шаралары болып саналады. Ол күдікті 
немесе айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан 
жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет 
жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп 
ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын 
қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі 
шегінде қолданатын шара. 
 


39 
Бұлтартпау шарасын қолдану қажет па, ал қажет болған жағдайларда 
оның қай түрін қолдану керектігін дұрыс шешу үшін келесідей жағдайларға 
аса назар аудару қажет: 
1)
күдіктінің, айыпталушының жасаған қылмысының дәрежесі; 
2)
жасалған қылмыс қасақана ма, әлде абайсызда жасалғандығына; 
3)
жасалынған қылмыс жекеше дара ма, әлде топпен жасалғандығына; 
4)
айыпталушы қылмыстық қатысушысының қай түріне жататындығын 
анықтау (ұйымдастырушы, орындаушы, айдап салушы, көмектесуші); 
5)
жасалынған қылмыстың салдары мен себептерін; 
6)
жасалынған қылмыс алғашқы рет пе, әлде бірнеше жасалған ба; 
7)
қылмыс қандай ниетте жасалынды (корыстность); 
8)
жасалған қылмыс аса қатыгездікпен жасалғандығына; 
9)
жәбірленуші мен айыпталушының арасындағы қарым-қатынасқа 
қарай (қызметке байланысты немесе отбасындағы байланыс және т.б.); 
10)
жасалынған қылмыс қажетті қорғанудан асыеп кеткен бе; 
11)
жасалынған 
қылмыс 
біреудің 
айдауымен, 
мәжбүрлеуімен
жасалынған ба немесе материалдық тәуелдігіне байланысты ма; 
12)
күдіктінің, 
айыпталушының 
атқаратын 
қызметіне 
немесе 
тұрғылықты жеріне қарай; 
13)
айыпталушының жас ерекшілігі. 
Сонымен қатар тұлға қандай қылмыс жасаса да, бұлтартпау шаралары 
қолдану үшін іске қатысты дәлелдемелер болуы тиіс. Осы дәлелдемелердің 
көлеміне және сапасына қарай, бұлтартпау шараларының қажетті түрін 
қолдануға мүмкіндік туады. Себебі тәжірибе көрсетіп отырғандай бүгінгі 
таңда, қолданылған қамау түріндегі бұлтартпау шараларының көп түрі 
дәлелдемелердің жеткілісіздігін өзгертуге немесе оларды мүлдем алып 
тастауға алып келіп отыр. Жалпы алғанда кейбір істерде тіптен мүлдем 
дәлелдемелер жоқ. Мұндай заңсыз қамаулар әсіресе, айыпталушының 
тұрғылықты жерлері болмаған жағдайларда, айналысатын кәсіптері болмаған 
жағдайларда жиі кездесіп отыр десек болады. 
Бұлтартпау шараларын қолдану барысында тергеуші мүмкіндігінше 
айыпталушымен келісім жасауға тырысқандығы дұрыс, яғни одан іске 
қатысты мағлұматтар берген жағдайларда бұлтартпау шараларын 
жеңілдетендігін ескертуі тиіс. Сонымен қатар бұлтартпау шараларын 
қолдану барысында айыпталушының жекеше басын анықтау барысында, 
оның алдағы уақытта да қылмыс жасауға бейім екендігін анықтауы тиіс. 
Қазақстан Республикасы ҚПК-не сүйенсек, қолдануға болатын
келесідей бұлтартпау шаралары атап өтуге болады: 
1)
ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; 
2)
жекеше кепілдік беру; 
3)
әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру; 
4)
кәмелетке толмағанды қарауға беру; 
5)
кепіл болу; 
6)
үйде қамауда ұстау; 
7)
қамау. 


40 
Бұлтартпау шарасын рәсімдеу 
Осы аталған кез келген бұлтартпау шараларын қолдану, қылмыстық іс 
жүргізу органының тиісті қаулы шығаруымен жүзеге асырылады. Қаулы 
дұрыс рәсімделуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет