Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


 Ұстау мәжбүрлеу шараларының ретінде



Pdf көрінісі
бет28/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

2. Ұстау мәжбүрлеу шараларының ретінде. 
Қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды ұстау
– оның қылмысқа 
қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 
қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік 
мәжбүрлеу шарасы. Ұстау, қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларын 
жүйесінде маңызды орын алады. Ол тек күдікті мен айыпталушыға қатысты 
ғана қолданылады. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы органдар 
ұстауды Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 128-бабында көрсетілген негіздер 
мен себептер болғанда ғана жүзеге асыра алады. 
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 131-бабына сәйкес, қылмыс жасады 
деп күдік келтірілген адамды ұстау жүзеге асырылғанда, нақты ұстау сәтінен 
бастап 3 сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың 
негізі мен дәлелдері, жері мен уақыты, жекеше тінтудің нәтижелерін көрсете 
отырып хаттама жасайды және оның жасалған уақыты көрсетілуі тиіс. 
Хаттамаға оны жазған адам және ұсталған адам қол қояды. Хаттама ұсталған 
адамға жарияланады және оған ҚПК-нің 64-бабынада көрсетілген күдіктінің 
құқықтары, соның ішінде қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап 
беру құқығы түсіндіріліп, бұл жөнінде хаттамада көрсетіледі. Күдіктіні ұстау 
хаттамасы жазылған сәттен бастап 12 сағат ішінде оның ұсталғандығы 
туралы прокурорға жазбаша хабарланады. 
Күдікті ретінде ұсталған адамнан 24 сағат ішінде жауап алыну қажет. 
Күдіктіні ұстау процессуалдық мәжбүрлеу шарасы болғандықтан, оны 
қолдану қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болуы тиіс. Кейбір жағдайларда 
бұл шараны қолдану қылмыстық іс қозғалғанға дейін де болуы мүмкін. 
Мысалы, күдікті қылмыс жасаудың үстінде ұсталған жағдайда, оған дейін 
сотқа дейінгі тер геп тексеруді бастауға себеп және негіз болған жоқ. Бұл 
жағдайда тергеуші немесе анықтаушы күдіктіні ұстау хаттамасын жазады. 
ҚазақстанРеспубликасыҚПК-нің 135-бабына сәйкес,күдіктіге ұстау 
шарасын қолданған лауазымды тұлға оны жекеше тінтуге құқылы: күдіктінің 
қаруы бар деп санауға негіз болған жағдайда немесе ол өзінің қылмыс 
жасағандығын көрсететін заттардан құтылуға тырысқан, не өзге де қажетті 
жағдайларда ұсталған адамға дереу жекеше тінту жүргізуге болады.
Ұсталу кезінен бастап 72 сағаттың ішінде күдіктіге қатысты қамауға алу 
түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол қамаудан босатылуы 
қажет. Егер ұсталған кезден бастап 72 сағаттың ішінде ұсталушыны ұстау 
орнының бастығына анықтаушының, тергеушінің ұсталған адамға 
бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор 
санкцияландырған қаулысы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы 
ұсталушыны өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы іс 
жүргізіліп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.
Тергеуші 12 сағат ішінде прокурорға күдіктіні ұстау туралы хабарлама 
жолдаса және қылмыстық істе күдіктінің кінәсін растайтын дәлелдемелер 
жеткілікті болса, онда прокурор келесі тәулік ішінде ақ (48 сағат ішінде)
шешім шығаруы тиіс. Бұл тұлғаның ұзақ уақыттары қамауда отырмауына 
мүмкіндік берер еді.Сонымен қатар мұндай ұсыныстар, қылмыстық іс 


37 
жүргізу 
заңын 
халықаралық 
нормаларда 
көрсетілген 
талаптарға 
жақындастыра түсер еді.
Заңға сәйкес, тергеушіден басқа анықтау органдарды да ұстауды жүзеге 
асыруға құқылы. (ҚР ҚПК-нің 198-бабы) Оларға ІІМ-дегі анықтау 
органдарының жедел іздестіру қызметкерлерін, учаскелік уәкілдерін, 
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін патруль кезекшіліктерін жатқызуға 
болады. Жоғарыда аталған органдар құқық бұзушылыққа қатысты барлық 
жағдайларда шаралар қолдануға міндетті. 
Ал, басқа анықтау органдары (шекара қызметі органдары, әділет 
органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары) ұстауды тергеушінің 
тапсырмасымен немесе өздеріне тиесілі ғана қылмыстық істерге қатысты 
жүзеге асыруы мүмкін. 
Ұстау - негіздерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұл Қазақстан 
Республикасы қылмыстық-процестік кодексінде көрсетілген. Осы кодекстің 
128-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы 
орган мына негіздердің бірі болған жағдайларда адамдарды ұстауға құқылы: 
ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін 
ұсталғанда;көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы 
ретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы кодекстің 133-бабында 
көзделген тәртіппен ұсталса; ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе 
оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде; жедел іздестіру 
қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты 
жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық 
деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы 
мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірілсе.
ҚР ҚПК 128-баптың 3-бөлігіне сәйкес, адамның қылмыс жасағандығына 
күдіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде, ол адам жасырынуға 
әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе күдіктінің 
жекеше басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қорытындылай келе, келесідей 
мәселелерді реттеген дұрыс болар еді: 
-
нақты ұстау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен реттелуі 
және осы әкімшілік ұстау хаттамасы міндетті түрде қылмыстық іске тіркелу 
керек; 
-
ұстауды жүзеге асырғанда, заңда көрсетілген барлық негіздерге жүгіну 
қажет; 
-
ұстаудың нақты себептері болуы тиіс және ол хаттамада көрсетілуі 
шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет