38
әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер
болған кезде, сондай ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін
қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігіне шегінде ол адамға
бұлтартпау шараларын қолданады
.
Бірақ, күдікті мен айыпталушыға
бұлтартпау шарасын қолдану міндетті болып табылмайды. Себебі,
«жеткілікті негіздердің» заңда тізімі көрсетілмеген. Яғни, тергеуші негіздерді
өзі анықтауы қажет. Ол жиналған дәлелдемелерге сәйкес, қылмыстық
ауырлығына қарай өз шешімімен бұлтартпау шараларын таңдайды.
Бұлтартпау шараларын таңдау кезінде, тағылған айыптаудың ауырлығы,
айыпталушының жекеше басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы,
отбасы жағдайы, немен шұғылданатыны, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын
жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерілуі тиіс.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шараларын қолдану
туралы адамға ол күдікті болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы
бұлтартпау шарасын қолдану үшін негіздің көрсетілуін қамтитын қаулы
шығарады. Қаулының көшірмесі соған қатысты шығарылған адамға
тапсырылады және онымен бір мезгілде оған бұлтартпау шарасын қолдану
туралы шешімге шағымданудың тәртібі түсіндіріледі. Күдікті, айыпталушы
оны болдырмау үшін Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 141, 142, 143, 144,
145, 146-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді жасаған
жағдайда оған неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы
айыпталушыға, күдіктіге тиісті қаулының көшірмесін тапсыру кезінде
жариялануы тиіс.
Күдіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың тағы бір ерекшелігі оның
қысқа мерзімге қолданылатындығы болып табылады. Яғни, егер
айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі алдын-ала тергеу
жүргізудің мерзіміне сәйкес келетін болса (жалпы ереже бойынша, 12 ай
және бұл мерзім ұзартылуы мүмкін), күдіктіге бұлтартпау шарасын
қолданудың мерзімі 10 тәулікпен шектеледі және бұл мерзім ұзартуға
жатпайды. Егер күдікті ретінде ұсталған адам (ҚПК-нің 128-бабы бойынша)
содан кейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған болса, қамауда
ұстаудың мерзімі күдікті ретінде ұсталған кезден баста есептелінеді. 10
тәулік мерзімнің ішінде күдіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін
жеткілікті дәлелдемелер жиналып, соның негізінде күдіктіге айып тағылса,
онда оған айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін
болады. Ал, 10 тәулік мерзімнің ішінде күдіктіге айып тағылмаса, онда оған
қатысты бұлтартпау шарасын қолдану дереу тоқталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: