Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет41/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

203-бабының
талаптарын сақтай отырып жасалған хаттамада 
көрсетiледi. Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз 
жазылады. Ондағы сұрақтар мен жауаптар жауап алу кезіндегі ретi бойынша 
жазылады. Хаттамада жауап алуға қатысқан адамдардың тергеушi 
қабылдамаған сұрақтары да немесе жауап алынып отырған адам жауап 
беруден бас тартқан сұрақтар да, оларды қабылдамаудың немесе олардан бас 
тартудың себептерi көрсетiле отырып, көрiнiс табуға тиiс.
Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке 
басы туралы деректер, соның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты, туған уақыты 
мен жерi, азаматтығы, ұлты, білімi, отбасылық жағдайы, жұмыс орны, 
жұмысының түрi немесе лауазымы, тұратын жерi, сондай-ақ iстiң мән-жайы 
бойынша қажет болатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден, 
айыпталушыдан жауап алу хаттамасында бұрын сотталғаны немесе 
сотталмағаны туралы көрсетiледi. Бұдан кейiнгi жауап алуларда жауап 
алынып отырған адамның жеке басы туралы деректердi, егер олар өзгермеген 
болса, оның аты-жөнiн көрсетумен шектеуге болады.
Заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсету, хаттамаларды жариялау 
және тергеу iс-әрекеттерiнiң дыбыс және бейнежазбаларын, киноға 
түсiрiлуiн, сондай-ақ осыған байланысты жауап алынушы берген айғақтарды 
көрсету мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.
Жауап алынып отырған адам тергеу iс-әрекетi барысында схемалар, 
сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тiгiлiп, 
хаттамада ол туралы белгi қойылады.
Еркiн баяндаудан кейiн жауап алынып отырған адам айғақтарын өз 
қолымен жазуға құқылы. Жауап алынатын адам өз қолымен жазып, оған қол 
қойғаннан кейiн тергеушi толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя 
алады.
Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап алынып 
отырған адамға ұсынылады не оның өтiнiшi бойынша дауыстап оқылады. 
Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу 
туралы талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
Айғақтармен таныстыру фактiсi және олардың дұрыс жазылғанын 
жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы 
куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың 
әрбiр бетiне қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан 
бас тартқан жағдайда тергеушi бас тарту себептерiн анықтайды, оларды 
хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзi қол қойып куәландырады.
Егер жауап алынып отырған адам тән кемiстiгiне немесе өзге 
себептерге байланысты хаттамаға өзi қол қоя алмайтын болса, оның өтiнiшi 
бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл 
немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.


55 
Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда ол да хаттаманың әрбiр 
бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз 
қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетiледi. Олардың 
әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиiс. 
Тергеушi үлгiлердi алғаннан кейiн хаттама жасайды, онда үлгiлердi 
алу үшiн жасалған барлық әрекет олардың жүргiзiлу ретiмен, бұл үшiн 
қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ 
үлгiлердiң өзi сипатталып жазылады.
Егер үлгiлердi тергеушiнiң тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа 
маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған аталған iс-
әрекетке қатысқан барлық адам қол қояды және ол Қымыстық іс жүргізу 
кодексінiң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет