53
Апелляциялық қаулы(КР ҚІЖК 421-бабы). Аппеляциялық қарау
нәтижелері бойынша сот кіріспе, сипаттамалы-дәлелді
және қарар бөлімнен
тұратын аппеляциялық қаулы шығарады:
Қаулының кіріспе бөлімінде қаулы шығарылған уақыт пен орын,
қаулыны шығарған соттың атауы мен аппеляциялық алқаның құрамы,
аппеляциялық наразылық немесе аппеляциялық шағым жасаған адамдар, істі
аппеляциялық қарауға қатысқан адамдар көрсетіледі.
Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген аппеляциялық
шағымдардың,
наразылықтың,
оларға
карсылықтардыңдәлелдері,
аппеляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ
қабыдданған шешімнің себептері қысқаша баяндалуға тиіс.
Қаулының қарар бөлігінде аппеляциялық
сатыдағы соттың шағым
немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.
Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалса, қаулының
сипаттамалы-дәлелді бөлігінде шағымдардың, наразылықтың дәлелдері
негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс.
Үкімнің күші жойылған
немесе ол өзгертілген жағдайда, қаулыға
қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының
талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы
соттың үкіміне өзгерістер енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс.
Егер аппеляциялық сатыдағы сот ҚР ҚІЖК 421-бабының
бірінші
бөлігінде көзделген шешімдерді қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелді
бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі дұрыс емес деп танылған
себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негіздері
көрсетілуге тиіс.
Іс соттың жаңа талқылауына жіберілген жағдайда қаулыда іс жаңадан
қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екені көрсетілуге тиіс.
Бұл ретте аппеляциялық сатының айыптаудың
дәлелденгендігі немесе
дәлелденбегендігі туралы, дәледдемелердің анықтығы туралы немесе бір
дәлелдемелердің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші сатыдағы соттың
қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы
мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқығы жоқ.
Аппеляциялық сатының соты айқын қате жазуларды түзету және
түсініксіз жағдайларды түсіндіру туралы мәселелерді қарау қажет болған
жағдайда, аппеляциялық қаулының мәнін өзгертпей, қосымша қаулы
шығаруға құқылы.
Аппеляциялық қаулы
кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған сот
төрешілерінін бүкіл құрамы қол қояды және сот төрешілері кеңесу
бөлмесінен қайтып келгеннен кейін отырыс залында оқылады.
Жаңа сот қажетті жағдайларда, ҚР ҚІЖК 422-бабының 5-бөлігінде
көрсетілген талаптарды сақтай отыра үкімді жою немесе өзгерту
жағдайларында (мысалы, дереу түрде айыпталушыны қамаудан босату қажет
болса) қаулының қарар бөлімін шығара әрі жариялай алады. Қаулының
толық мәтіні іс қаралғанкүннен бастап он бес күн
мерзімде жасалып, оған
барлық сот төрешілері қол қояды.