157
АЙЮБ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Аллаһ тағала Құранда төзімділік пен сабырлықта адамдарға
өнеге-ғибрат еткен пайғамбарлардың бірі, Аллаһтың елшісі –
Айюб ибн Мус ибн Разах ибн әл-Ғис ибн Исхақ ибн Ибраһим.
Аллаһ тағала:
«Оның
(Ибраһимнің)
ұрпақтарынан Дәуіт,
Сүлеймен, Айюб, Юсуф, Мұса және Һарунға
(тура жол
көрсеттік)
»
1
;
«Сондай-ақ Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яғқуб пен
ұрпақтарына және Иса, Айюб, Юнус, Һарун және Сүлейменге
уахи еттік»
2
, – деп айтқан.
Аллаһ тағала оны елші етіп таңдап, Шам аймағындағы Хуран
деген елге жіберді. Тәпсір және тарих ғұламаларының пікірінше,
Аллаһ тағала оған көптеген нығметтер тарту еткен. Оның
аумақты жерлері, үйір-үйір малдары мен қызметкерлері, ірі-ірі
сауда көздері болған. Жеті ұл, жеті қыз перзент сүйген дені сау,
бақуат кісі еді. Шын мәнінде де, Аллаһ оған деген нығметтерін
аямаған-ды. Сосын Аллаһ тағала оны төзімділікте өзінен
кейінгілерге үлгі-өнеге болуы үшін сынауды қалады. Өйткені
пайғамбарлар ең көп сынаққа алынатын адамдар.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: