267
Бұл екі мәселенің екеуіне де ғалым ерекше мән беріп,
жалпы
Қазақстан топырағында туып, жер жүзіндегі бірден-бір ғылыми
орталығы саналатын Тіл білімі институтының қара шаңырағы астында
(ұйғыртану орталығы да көп жылдар бойы соның құзырында болған)
өсіп-өніп, өркен жайған қазақ және ұйғыр тіл таным ғылымдарының
тарихын, даму қарқынын үздіксіз, уақты-уақытылы жазып келгендігі
мәлім. Оның басты бір себебі Ә.Қайдардың көп жылдар бойы
институттың да, ұйғыртану бөлімінің де
басшы қызметінде болуына
байланысты еді.
Байқап отырсақ, қазақ тіл білімі мен ұйғыр тіл біліміне ғалым
осы уақыт ішінде 20-дан астам мақала бағыштаған екен. Олардың
өзі екі топтан – бірі жалпы тіл біліміне, екіншісі соның бір саласына
бағышталған мақалалардан тұрады. Солардың кейбіреулері мыналар:
“
Институт языкознания АН КазССР – центр лингвистической мысли
в республике
” // Развитие казахского советского языкознания. Алма-
Ата, “Наука”, 1980.C. 4-12. Бұл институттың ғана емес, жалпы қазақ
тіл білімінің төңкерістен бұрынғы дәуірінен бастап бүгінгі (1980)
күнге дейінгі дамуын қорытындылайтын еңбек.
Аталмыш кітап
қазақ тіл біліміне бағышталып, онда салалық ғылымдар тарихы және
атақ-лауазымды тілші ғылымдардың библиографиялық деректері
де берілген. Осындай қорытынды, шолу мақалалар: 10 жылда бір, не
мерекелі даталарға бағышталып отырғаны мәлім.
Мысалы: “
Казахское языкознание” – детище Октября
АН Каз. ССР.
Сер. филол., 1987. ғ3, с. 3-11: Ш.Сарыбаев, Ф.Алиевпен бірге);
“
Казахское
языказнание за 50 лет
” // Изв. АН Каз.ССР. Сер. общество., 1972, ғ5,
с. 20-34: (І.Кеңесбаевпен бірге); “
Основные этапы развития казахской
лингвистической науки
” // Наука Советского Казахстана. 1920-1980
г.г. Алма-Ата, 1981, С. 249-255; “
Развитие казахского языкознания:
итоги и перспективы
” // Изв. АН КазССР. Сер. филол. 1986, ғ3, С. 3-7.
(Е.Қажыбековпен бірге); “
Уйгуроведение в Казахстане
” // Исследования
по уйгурскому языку. Алма-Ата, 1970. кн. 2, С. 21-30., (бұл
саладағы
ғылым еңбегінің жалпы саны 20-дай)
Тіл білімі тарихына, әдетте, биобиблиографиялық еңбектер мен
ғалымдардың ғылыми еңбегіне, ғылымдағы ғұмырына бағышталған
зерттеулерді де жатқызады. Өзі шұғылданып жүрген лингвистика
ғылымы да,
басқа ғылымдар сияқты, жеке ғалымдардың қосқан
үлесінен, айтқан жаңа пікірі мен ашқан жаңалығынан құралып, сол
арқылы дамиды деп түсінетін Ә.Қайдар өз өмірінде араласқан, не
268
ғылыми мұрасымен танысқан көптеген ғұлама ғалымдар мен қаламдас
замандастарына арнап жазған мақалаларының жалпы саны 50-ден асады.
“Ғалымды сыйлау – ғылымды сыйлаудан туады” дейтін принциппен
жазылған бұл тәрізді мақалалардың “кейіпкерлерін” ғана санамалап
шықса да болады. Олар:
С.Е.Малов, Гуннар Ярринг, К.Менгес, Ә.Нәжіп,
К.Юдахин, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев,
М.Балақаев, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Ғ.Садуақасов, Т.Талипов,
т.б.
Шыққан еңбектері бойынша жарияланған
рецензиялардың да осы
тіл тарихына қатысты “персоналия” жанрына жататынын ескерсек,
Ә.Қайдарды өз шеңберімен ғана шектеліп, томаға-тұйық қалмай,
өзін қоршаған тіл әлемімен еркін араласып, ғалымдар туралы өз
пікірін ортаға салу арқылы отандық түркологтардың тамаша дәстүрін
жалғастыра білген ғалым деп танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: