«орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады» деген
2-баптың келесі
екі сөйлемін бірдей екі бабын алып тастауды ұсындық. Онда: Республика
«орыс тілінің мемлекеттік тілмен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз етеді» және
«Республикадағы барлық ұлттар өкілдерінің орыс тілін білуі олардың түбегейлі мүддесіне сай келеді» делінген еді (Заңды қолға алып,
салыстырып оқығандарға бұл өзгерістер түсініктірек болар еді).
Келесі ұсыныста
3-бап түгелдей алынып тасталсын делінген.
Өйткені онда «қазақ және орыс тілдер республикадағы басқа
тілдердің дамуына, қолданылуына бөгет жасамайды» деген қажетсіз
ескерту беріліпті. Оны біз
«Қазақстан Республикасы ұлтаралық тіл менен республикада жасайтын басқа ұлт өкілдері тілдерінің еркін қолданылуын қаматамасыз етеді» деп өзгертуді ұсындық.
Заңның
5-ші бабындағы «ұлттық-орыс және орыс-ұлттық қостілдігі» деген анықтаманы
«қазақ-орыс және орыс-қазақ қостілдігі» деп өзгертуді қаладық. Өйткені Қазақстанда жасайтын
жүзден астам ұлт-өкілдерінің «ұлттық орыс қостілдігін» дамыту
деген шындыққа жанаспайтын қияли әңгіме.
Келесі ұсыныс
9-баптың 2-сөйлеміндегі «орыс» деген бір-ақ сөзді
алып тастауға байланысты. Түпнұсқада:
«Жергілікті өкімет және басқару органдарының актілерін, сол анықтама іс жүргізу үшін қабылданған тілдің негізінде ала отырып, қазақ, орыс тілдерінде немесе жергілікті ресми тілдерде қабылдауға болады» делінген
екен. Осындағы
«қазақ, орыс тілдерінде» дегенді
«қазақ тілінде...» етіп өзгертудегі мақсатымыз – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,
орыс тілін кез-келген жерде мемлекет тілімен жарыстыра бермеу.
Заңның
15-бабына енгізілген түзетулердің де мәні зор деп
білеміз. Бұл екі ел арасындағы өкімет адамдарының ресми қарым-
қатынастары кезінде қай тілде сөйлесуіне қатысты ұсыныс. Түпнұсқада
бұл қатынастар тек ұлтаралық тілде ғана деп көрсетілген, біз оны